Тақырыбы: Жарықтың өсімдік дамуына әсері

Мақсаты:өсімдік тіршілігіне жарықтың әсерін бақылау.

Құрал-жабдықтар:бидай, арпа, сұлы тұқымдары, топырағы бар гүл құмырасы, картон немесе фанер жәшік, электр лампасы, сызғыш.

Жұмыс барысы:

1. Бидай тұқымын гүл құмырасына толық қараңғы жағдайда өсіріңіздер. Өскін 2-3 см-ге жеткен кезде жанында кішірек тесігі бар, ішінен қара қағазбен жабылған, картон немесе фанер жәшікке орналастырыңыздар. Өскіннің ұшы тесік деңгейіне сәйкес келуі тиіс. Кейін жәшіктен 1 метр арақашықтықта бір жақты жарық беретін электр лампасы қойылады. 1-3 күн өткен соң жарық бағытына қарай өркеннің бұрылғанын байқауға болады.

2. Жұмыс нәтижесі бойынша қорытынды жасаңыздар.