Тақырыбы: Абиотикалық факторлардың организмдерге әсері

Мақсаты:тірі организмдергеабиотикалық факторлардың әсерін бақылау.

Құрал-жабдықтар:қалемшелер, сызғыш, қалам, жұмыс дәптері, топырағы бар гүл құмыралары.

Жұмыс барысы:

1. Бір өсімдіктен төрт бірдей қалемше дайындаңыздар. Оның бойында үш түйіні (жапырағы) бар өркен алынады. Оның төменгі екі жапырағын жұлып тастап, тек жоғарғы бір жапырағын қалдырыңыздар. Қалемшені бөлме температурасында суда ұстаймыз. Олардың тамыры 2 см-ге жеткен кезде, әрбір қалемшені керамикалық құмыраға орналастырыңыздар. 1 және 2 құмыраға құнарлы аз топырақ, 3 және 4 құмыраға құнарлы, қарашірігі мол топырақ салынады. 1 және 3 құмырадағы қалемшені оңтүстік беткейдегі терезеге, ал солтүстік беттегі терезеге қосымша электр лампасын қою керек. 2 және 4 ыдыстағы қалемшені терезеден 3-4 м алыс қою керек. Алғашқы 3 күн барлық төрт ыдыс бірдей суғарылады, кейін 1 және 3 құмыраға топырақ құрғайтындай шамада аз су құяды.

2. Өсімдіктің дамуы мен бойының өсуіне бақылау жасаңыздар. Әрбір аптаның бақылау нәтижесін кестеге толтырыңыздар.

4 кесте

 

бақылау нәтижелері тәжірибе варианттары ескертулер
 
өсімдік биіктігі          
жапырақ саны          
жапырақ мөлшері          
жапырақ түсі          

 

3. 6 апта өткен соң бақылау нәтижелерінен қорытынды жасаңыздар.