Тақырыбы: Өсімдіктерге ылғалдылықтың әсері

Мақсаты:ылғалдылықтың астық тұқымдас өсімдік өкілдерінің морфологиясына әсерін бақылау.

Құрал-жабдықтар:астық тұқымдас өсімдіктердің өскіндері, су, химиялық ыдыстар, қалам, жұмыс дәптері, сызғыш.

Жұмыс барысы:

1. Астық тұқымдас өсімдіктердің (бидай, арпа, жүгері, сұлы) өскіндерін алып, 1 вариантын бақылау, 2 вариантын тәжірибе ретінде белгілеңіздер. Тәжірибе вариантындағы өсімдіктердің біреулеріне су құйып, екіншілеріне су құймай, 2-3 аптаға қалдырыңыздар. Кейін осы уақыт өткеннен кейін, өскіндердің биіктігін, жапырақтарының ауданын, пішінін және реңін салыстырыңыздар.

2. Бақылау және тәжірибе вариантындағы өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтарын үзіп алып, салыстырыңыздар.

3. Бақылау нәтижелерін талдап, қорытынды жасаңыздар.