ТАПСЫРМАЛАР

1. Жарғанатттарға жарық әсер етпейді, кейде жарық жердерде, ашық верандаларда, адам жүрген және жарық жанып тұрған жерлерде ұшып жүреді. Осы жануардың іс -әрекетінің себебін түсіндіріңіз.

Жауабы: лампа жарығына жарғанаттар қоректенетін түнгі көбелектер және басқа бунақденелілер жиналады, яғни жарғанаттар жарықты қорегін аулау мақсатында пайдаланады.

2. Жайын балық өте терең емес жерде, күн сәулесі жақсы түсетін жерде тіршілік етуді қалайды. Осы жерде тіршілік ететін балықтарды жыртқыштардың көп болуы неге үркітпейді?

Жауабы: жайынның денесінің мөлдір болуына байланысты, жарық күн сәулесі оған қорғаныш құралы болып табылады.

3. Жер үсті өсімдіктері фотосинтез нәтижесінде жылына 2х1010 көміртегін, ал су өсімдіктері 16х1010 көміртегін сіңіреді. Қандай өсімдіктерде фотосинтез қарқынды жүреді және неше есе?

4. Жер үсті экожүйенің басты факторы-жарық, су экожүйесі үшін де тежеуші фактор бола ала ма?

5. Өте төмен температура жағдайында организм клеткалары неліктен тіршілігін жояды?

Жауабы: қолайсыз температурада клеткаішілік су мұзға айналады. Клетканың өлуіне әкелетін мұз кристалдары клеткалық құрылымды бұзады.

6. Суыққандылармен (пойкилотермия) салыстырғанда жылықандылардың қандай кемшіліктері бар?

Жауабы: жылықанды организмдердің суыққандылармен салыстырғанда, қорекке және суға деген сұранымы жоғары.

7. Дене температурасы 39°C жылылықта болатын кесірткені жылықанды жануар деп атауға бола ма? Болса, неліктен?

Жауабы: егер кесіртке 39°C -қа төзе алса және дененің температурасы жоғары болса, онда сөз жүзінде жылықанды жануарға жатады, бірақ ол бұл температураны ұзақ уақыт ұстай алмайды. Нағыз жылықандылық тұрақты жоғары дене температурасын қамтиды. Сондықтан дене температурасы 39°C болатын кесіртке жылықанды (гомойотермді) жануар бола алмайды.

8. 70°C болатын ыстық бұлақтарда тіршілік етуге бейімделген бактериялары бар осы ортаның температурасын бірнеше °C –қа көтерсек, бұл бактерияларды жылықанды организмдерге жатқызуға болады ма?

Жауабы: ыстық бұлақтарда мекендейтін бактериялар сыртқы жылуды пайдаланады, бірақ олардың температурасы әрқашан да жоғары және тұрақты. Сондықтан бұл организмдерді жылықанды организмдер деп атайды. Оларды жылықанды организмдерге жатқызады.

9. Неліктен сүтқоректілер мен құстар жоғары температураға қарағанда, төменгі орта температурасына оңай бейімделеді?

Жауабы: бұл механизмнің негізі- дененің сыртқы бетімен суды буландыруға негізделген. Жоғары температураға бейімделген жерде әрқашан суға тапшылық болады.

10. Ареалдың суық бөлігінде қоңыр түсті рептилия кездеседі. Полярлы шеңберде мекендейтін гадюк қара түсті, ал оңтүстіктегісі –ақ түсті. Бұл неге байланысты?

Жауабы: қара түс жылуды сіңіреді. Қоңыр түсті рептилия тез жылынады және белсенді болады. Сондықтан ареалдың суық бөлігінде қоңыр рептилиялар жиі кездеседі.

11. Түйелерді жаздық қырқудан кейін олардың суды буландыру 50%-ке артқан. Бұл неліктен? Жануарларды қырқуды жылдың қай айында дұрыс деп ойлайсыз?

12. Көкнәр мен жауқазын –ылғал сүйгіш өсімдіктер. Неліктен олар ыстық шөлді аймақтарда өсе алады?

13. Ксерофит- суккулент (кактус, алоэ); гидрофит (элодея); гигрофит (папоротник) өсімдіктерін алып, оларды бір-бірімен салыстырып, сыртқы құрылыстарының ерекшеліктерін анықтаңыздар. Олардың қандай орта жағдайын сипаттағанын және сол ортаға байланысты ішкі құрылыстарында ерекшеліктері болатындығын ботаника курсынан еске түсіріп, талдаңыздар.

14. Медициналық аспаптарды жоғары қысымда автоклавта қыздырмай немесе қайнатпай, неліктен мұздатып, үсіту жолымен стерилдемейді?