ОСЫМША ХАБАРЛАР МЕН МЫСАЛДАР

1. Өсімдік тұқымдарының тіршілігінің ұзақтығы оны сақтау жағдайларына байланысты. Температура мен ылғалдылықтың жоғарлауы- тұқымның тыныс алу резервтерінің шығынын үлкейтеді. Емен тұқымдары 3 жылдай уақыт сақталады. Құрғақ тұқым ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Мысалы, көкнәр тұқымы 10 жыл, бидай, арпа дәні 32 жылға дейін, бақбақ жемісі -68 жыл, лотос тұқымы- 250 жылға дейін сақталады. Лотос өскен мүкті батпақтан 2000 жылдан кейін оның құрғақ, кепкен тұқымы табылған. Бұл өсімдіктің жемісінің сырты қалың газ немесе су өткізбейтін қабықпен қапталған.

2. Орта Азия шөлдерінде есекқұрт түрлері тіршілік етеді. Бұл ұсақ шаян тәрізділер қоршаған ортаның жоғары ылғалдылығын қамтамасыз етеді.

Шөлде тіршілік ететін олар ыстық пен құрғақшылыққа бейімделген. Олар саз балшықты топырақты қара күзенге қарай тігінен қазады, тереңінен күрт төмен, ал ауа су буымен қаныққан. Олар жер беті ауамен ылғалданған кезде қара күзеннен шыққан өсімдік қалдықтарымен қоректенеді. Ал аналығы күн ыстық болған кезде тесіктің аузын еш нәрсе өткізбейтін жамылғысы бар денесінің алдыңғы бөлігімен жабады немесе бітейді. Сол арқылы ылғалдылықты сақтап, өзінің ұрпағын құрғап кетуден сақтайды.

3. Эфиопия мен Кенияда сервал құсы немесе бұта мысығы Felis serval жүріп - өткен машиналардың фара жарығын ұсақ кемірушілер мен кесірткелерді аулау үшін пайдаланады. Қорегін аулау үшін мысық тез жол үстіне шығады. Машиналардың тоқтауынан олар еш қорықпайды және машинаға 3 м ара қашықтыққа дейін жақындайды. Әдебиеттерде мұндай аулау түрлері әлі айтылмайды.

4. Күн ашық – жарық күні жалпы ауданы 25 м2 болатын жасыл жапырақ 1 сағатта 1 адамға қажет оттегін бөледі. Бір шамшат ағашының жапырақ ауданы, мысалы, 1600 м2 болуы мүмкін, яғни осындай бір ағаш 64 адам оттегімен қамтамасыз етеді..

5. Қазіргі архитектураның бір бағыты – күн архитектурасы. Ол архитектура тұрғын үй және қоғамдық орындарды тұрғызуға күн радиациясынан келіп түскен негізгі және қосымша жылу көздерін пайдалануды ұсынады. Бұл белсенді және енжар түрде өтуі мүмкін

Белсенді түрібұл күн коллекторы және күн элементтері. Қазіргі күн коллектарлары түскен күн радиациясын 40%-ке дейін пайдаланады. Бұл бір үйде төрт адамды жазда ыстық сумен қамтамасыз етеді және көктем мен күзде ауаны 8 м2 коллектор көмегімен қажеттіліктің үлкен бөлігін жабуға болады, сол арқылы жыл сайын 500-800 л сұйық отынды үнемдеуге болады. Ғалымдар Сібір және Орталық Европада тұрмыста күн коллекторларын қолдану – отыннан шығатын ластаушы заттар қалдықтарын 10-20%- ке төмендетеді деп есептеген.

Ал күн радиациясының бәсең түрін қолданғанда, үйдің оңтүстік жағына шыны беті қарайды, ал солтүстік жағына кішкене терезе немесе терезесіз қабырға орналасады. Күндізгі уақытта күн сәулесі оңтүстік жақтағы терезе арқылы үй ішіне түсіп, жылу ұстағыштарды (тас немесе су ) қыздырады. Түнде терезе жабылады да, жылу ұстағыш күндіз жинаған жылуын тұрғын үйге береді. Тіпті қыс кезінде де жылуға қажеттіліктің белгілі бөлігін осындай жағдайда жабуға болады.

6. Жарық негізінен жануарлардың, мысалы, қосмекенділердің, балықтардың, бауырмен жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің жыныс бездеріне әсер етеді. Бұны тәжіриде түрінде 1932 жылы Бисеннет дәлелдеген. Ол қараторғайдың үш тобына тәжірибе жасады. Олардың 1-ші тобын "қысқы" жасанды жарықта, 2-ші тобын жарық жерде, бірақ ұзақ уақыт ұйқы бермей, 3-ші топтағы қараторғайда жарықтың қосымша әсерін тигізіп немесе жарық ұзақ әсер ететін етіп, торда ұстайды. Сонда тек 3-ші топта болған немесе "жаз уақыты" қараторғайлардың жыныс бездерінің жақсы дамығанын дәлелдейді.

7. Жылы қанды жануарлар өте суық аудандарда тіршілік ете алады. -50˚C аяздарда жануарлар мен қоршаған орта температурасының айырмашылығы 80-90˚C құрайды. Пингвиндерде тұрақты дене температурасы +37-39˚С, ал Сібір бұғысынң температурасы +38-39˚C. Жылу тепе теңдігін ұстау үшін жануарлар май қорын пайдаланады және олардың жылу ұстағыш жамылғыларының (тері, жүн, қауырсын) маңызы зор.

8. Сарышұнақтың жүрек жиырылу жиілігі белсенді кезінде минутына 300 рет соғады, ал ұйықтаған кезде небәрі 3 рет соғады. Дене температурасы +5˚C дейін төмендейді. Зат алмасуының қарқындылығының төмендігіне қарамастан, жануарлар ұйқы кезінде өте күшті салмақ жоғалтады және осы арықтаудан өліп кетеді.

9. Бидайдың өсуі үшін 0˚C- 42˚C, үрмебұршақтың өсуі үшін 9˚C - 46˚C, ал үйеңкі үшін 7˚C – 26˚C, шөп таяқшасы бактериясы үшін 5˚C -57˚C, туберкулез бактериясы үшін 29˚C -41˚C, ал құмырсқа үшін 1,5 - 50˚C температура қажет.

10. Суық суда организмнің өсуі мен пісіп жетілуі жылы суға қарағанда баяулау болғанымен, олардың дене тұрқы ірі болып келеді. Сонымен қатар, суық суда организмдердің түрлік алуантүрлілігі аз. Байкалдағы тіршілік ететін организмдер саны Орталық Африкадағы тропикалық өзен Ганганьикаға қарағанда, неғұрлым көбірек. Су температурасы су жануарларының өсуі мен дамуына әсер етед. Мысалы, Ленадан Москва түбіндегі тоғанға келген Сібір бекіресенің дене мөлшері және жыныстық жетілуі жылына 7 – 8 м, ал Ленадағы бекіре жылына 16 -17 м-ге жетеді.

11. Солтүстік Америкалық козодой – қысқы ұйқыға кететін бірден бір құс. Ол денесіне жинақталған қор майдың күніге 10 г ғана жұмсайды. Ол бұл жағдайда 100 күнге дейін болуы мүмкін.

12. Пингвиндер мұзды суға түскенде, олардың ворваны жылуды жақсы сақтайды. Оларда қауырсындары тығыз орналасқан: 1 см2 жерге қауырсын орналасады. Жылы ауаны ұстайтын қауырсындары бар мамығы оларды қыздырып жүреді.

13. Көптеген полярлы балықтарда эволюция барысында суыққа бейімделу мақсатында таңғажайып жүйе қалыптасқан. Құрамындағы химиялық заттары олардың қанында автомобильдік автофриз қызметін атқарады. Сондықтан олар Солтүстік мұзды мұхиттың суының тіпті ең төменгі температурасында балықтарды қатудан сақтайды.

14. Альпілік қар қоңыраугүлінің кішкентай өркендері өзінің жанындағы қарларды еріте алатын жылу бөледі. Соған байланысты олар қарды тесіп шығып, көктемнің басында гүлдейді.

15. Креозот бұталары бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасады. Көршілерді осындай қашықтықта орналасуға итеретін құпия күш – олардың тамырлары бөліп шығаратын улар. Сондықтан басқа өсімдіктер оларға жақындай алмайды және әртүрлі бұта жерден өзіне қажетті ылғалды алады.

16. Кейбір кактустың түрлері өте жұқа жіңішке жүндермен жабылады. Бұл оларға ыстық аптаптан және шөл жерге тән салқын түндерден қорғауға көмектеседі. Жүн кактустың діңінің жанындағы ылғалдылықты ұстауға және жинауға мүмкіндік береді.