Тақырыбы: Организмдердің ортаға бейімделуінің негізгі жолдары

Мақсаты:организмдердің орта жағдайларына әр түрдің өзінше бейімделетінін: қосымша энергияны жұмсау арқылы сақтайтынын немесе қолайсыз факторлар әсерінен қашып құтылатынын немесе басқа әдістермен бейімделу жолдарын түсіндіру.

Құрал-жабдықтар:тұщы су былқылдақденелілері, көбелек пен құстар миграциясының сызбанұсқасы, құм, сызғыш, қалам, жұмыс дәптері.

Жұмыс барысы:

1. Аквариумның түбіне 5-7 см қалыңдықта ылғал құм салып, оған бірнеше былқылдақденелілерді салыңыздар. Кейін олардың үстінен тағы да құм себіңіздер. Ылғал құм біртіндеп кеуіп, былқылдақденелілер анабиоз жағдайына түседі. Осындай «құрғақшылық» жағдайда былқылдақденелілер 4 айға дейін болады. Одан кейін ол өзінің бастапқы салмағынан 50% салмақ жоғалтады. Аквариумды жеткілікті мөлшерде сумен толтырса, былқылдақденелілер қайтадан тіршілігін жалғастырады.

2. Былқылдақденелілердің бастапқы салмағын өлшеп, жазу керек. Кейінгі салмағын тағы да өлшеп, айырмашылығын салыстырыңыздар.

3. Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасаңыздар.