Сурет. Топырақ тіршілік ортасы

 

Топырақ мекендеушілері қозғалу дәрежесі мен көлеміне қарай да үш топқа бөлінеді.

Микробиота-қоректік тізбектің негізгі звеносын құрайтын топырақ микроорганизмдері (жасыл және көк жасыл балдырлар, бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар).

Мезобиота- топырақ ішіндегі ұсақ қозғалғыш жануарлар, (топырақ құрттары, бунақденелілердің, кенелердің ұсақ дернәсілдері).

Микробиота-ірі қозғалғыш бунақденелілер (жауынқұрттардан бастап жер қазғыш омыртқалыларға дейін).

Ылғал жетіспейтін аймақтарда негізінен дала және шөлдерде тұзды топырақ кездеседі. Бұндай құрғақ және ыстық климатта топырақ жауын-шашынмен жартылай жуылады. Натрий және кальций тұздарымен қаныққан топырақ- сор топырақты жер деп аталады. Осы тұзды топырақта өсетін өсімдіктер галофиттер деп аталады (бұзаубас, сарсазан, сарыбарақ, сораң, сорқаңбақ, жантақ, және т.б.). Кейбір галофиттер жапырақтары арқылы тұз бөледі немесе оларды өз организмінде жинақтайды.

Ал тұзды топырақта тіршілік етуге бейімделген жануарларды – галофилдер деп атайды. Оларға кейбір шөл қоңыздарының дернәсілдері жатады.