Тірі организмдер денесі — тіршілік ортасы

Паразитизм- табиғатта кең таралған құбылыс. Паразиттердің қожайынның денесіне енуі де, оның клеткалары мен ұлпаларының ішіне енуі де мүмкін. Олар үшін қожайын денесі - тұтас әлем. Сонымен қатар, пайдалы бірлесіп өмір сүрушілік болады. Мысалы, күйіс қайыратын жануарлар өздерінің қарнында тіршілік ететін бактериялар мен инфузорияларсыз қорегін қорыта алмаған болар еді. Адамның ас қорытуы да сол сияқты пайдалы микрофлораның көмегімен іске асады. Қожайынның ұлпалары мен мүшелерінде тіршілік ететін паразиттер қоректің қоры шектеусіз көп жағдайда тіршілік етеді.

Сол сияқты қожайын организмдері оларды сыртқы әсерлерден қорғайды. Оларға кебу, температураның ауытқуы қауіп төндірмейді. Паразиттердің тіршілік циклындағы негізгі экологиялық қиыншылық олардың бір қожайыннан екіншіге ауысуы. Сондықтан сыртқы ортаға түсетін кезеңінде оларда қорғаныш қабықшалары дамиды. Мысалы, аскарида жұмыртқалары қалың көп қабатты жабындармен қорғалған. Қожайындары ауысатын кезеңде паразиттердің көпшілігі өледі.