Тақырыбы: Топырақ-омыртқасыз жануарлардың тіршілік ортасы

Мақсаты:әртүрлі топырақ типтерінің сынамасындағы омыртқасыз жануарлардың түрлік құрамын және санын анықтау.

Қажетті құрал-жабдықтар:топырақ сынамалары, тор, сүзгіш, суы бар ыдыс, штатив, 100 Вт лампа;

Жұмыс барысы:

Топырақта көптеген омыртқасыз жануарлар мекендейді. Олардың түрлік құрамын анықтау өте қызық. Топырақ сынамаларын жылдың жылы мезгілдерінде орманнан, шалғындық жерлерден алу керек. Омыртқасыз жануарлар көп орналасқан топырақ, өсімдік қалдықтары бар топырақ және шіріген қилары бар жер- көнді жер болып саналады.

Қыста ыдыстағы үй өсімдіктерінің топырағын пайдалануға болады. Ол үшін екі апта көлемінде алдын ала суғарылуы керек.

1. Топырақ сынамасын 2 см қалыңдықта металл торға себіңіздер. Оны кең воронкаға қойыңыздар. Воронканы штативке бекітіңіздер. Воронканың астына суы бар ыдыс қойыңыздар.

2. Топырақ бетінен 25 см қашықтыққа 100 Вт лампа жағыңыздар.

3. Әрбір сағат сайын лампаны 5 см сынамаға қарай түсіріңдер, оны 5 см қашықтық қалғанға дейін жақындатыңыздар. Ыдысқа түскен топырақ организмдерін бинокуляр көмегімен қарауға болады.

4. Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасаңыздар.