Тақырыбы: Аэробты жағдайда эндопаразиттердің өлімі

Мақсаты:анаэробты паразит - грегариндердің тіршілігін бақылау.

Қажетті құрал-жабдықтар:тарақан, микроскоп, жабын және зат шынысы, препаровальды ине, эфир, су, сағат, қалам, жұмыс дәптері.

Жұмыс барысы:

1. Ең алдымен жәндікті эфирге салып қойыңыздар. Кейін оның ішек-қарнынан уақытша препарат дайындаңыздар. Ол үшін алдымен жәндіктердің қанаты жұлынып, кейін кеуде және құрсақ және дене бөліктерін қайшымен ұқыптап кесіп, препаровальды инемен ішек түтікшесін алып, зат шынысына салады.

2. Кейін оған су тамызыңыздар. Грегариндер- анаэробты бір клеткалы паразиттер. Оларды микроскоппен анық көруге болады. Ал аэробты ортада олар тез өледі. Осы құбылысты микроскоппен қарап, бақылаңыздар.

3. Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасаңыздар.