Тақырыбы: Топырақ түзу процесіндегі құрттардың ролі

Мақсаты:жауын құртының топырақ түзу процесіндегі іс әрекетін бақылау.

Қажетті құрал-жабдықтар:бірнеше жауын құрттары, құм, қара топырақ, шыны түтік, сызғыш, шай жапырақтары, қалам, жұмыс дәптері.

Жұмыс барысы:

1. Шыны түтікшені 2/3 көлемде субстратпен толтырыңыздар. Оған мына қабат бойынша: 3 см қара топырақ, 2 см құм, 3 см қара топырақ салынады. Түтікке он жауын құрты салынады. Субстрат ылғал болуы керек. Осының үстіне шай жапырақтары салынады. Ол құрттарға қорек болып табылады. Дайындалған шыны түтікшені қараңғы жерге қойыңыздар.

2. Бірнеше күн өткеннен кейін шай жапырақтары топыраққа араласады. Жеті күн өткеннен соң, жауын құртының топырақ қабаттарын араластырғаны анық байқалады. Ол топырақ түбіндегі бөліктерді беткі қабатқа және керісінше, бетіндегі бөліктерді түбіне апарады. Бұл жер беті қабаттарының өнімділігінің жоғарылауына әкеледі.

3. Жұмыс нәтижелерінен қорытынды жасаңыздар.