Популяция түсінігі

Экологияда популяция деп- үлкен аймақта тіршілік ететін және өзара байланыста болатын бір түрдің особьтарының (дараларының) тобын айтады. Популяция сөзі латынның «populus» -халық, қоныс деген сөзінен шыққан. С.С.Шварцтың анықтамасы бойынша: популяция –қоршаған ортаның ұзақ уақыт бойы және үнемі өзгеру жағдайында өздерінің санын сақтау үшін, барлық қажетті жағдайлары бар, организмдердің белгілі бір түрлерінің қарапайым топтары.

Популяция - биота түзілуінің, қалыптасуының негізі болатын «ұяшығы»: мұнда тірі ағзалардың өзіндік қайталануы, көбеюі жүзеге асады, ол бейімделушілік сапасының тұқым қуалаушылығына байланысты түрдің тірі қалуын қамтамасыз етеді, ол жаңа популяциялардың және түр түзілу процестерінің басын береді. Яғни эволюциялық процестердің элементарлы бірлігі болып табылады, өйткені түр оның сапалы кезеңі.

Сапалы сипаттағы проблемалардың көбін шешуге мүмкіндік беретін сандық сипаттамалардың ролі ерекше.

Белгілі бір жағдайда организмдер сандарының қалыпты ұстауын популяция гомеостазы деп атайды. Әртүрлі түрлерде популяцияның гомеостатикалық мүмкіншілігі түрліше. Олар да особьтардың қарым-қатынасы арқылы іске асады.