Популяцияның кеңістіктік таралуы

Популяцияның тіршілік ететін кеңістігі оның тіршілігіне қажетті жағдайды береді. Популяцияны құрайтын особьтардың қолайлы және қолайсыз орта жағдайына реакцияларында және бәсекелестік қатынаста көрінетін кеңістіктік орналасуының әртүрлі типі болады. Особьтар мен олардың топтарының кеңістікте кездейсоқ, бірдей немесе біркелкі және топтық таралу түрлері болады.

Біркелкі таралу-бұл табиғатта өте сирек кездеседі. Бұл әртүрлі особьтар арасындағы бәсекелестікпен байланысты. Таралудың мұндай түрі Ла-Манша жағалауындағы құмды жағажайда тіршілік ететін пластинка желбезекті былқылдақденелілер мен жыртқыш балықтарға тән.

Кездейсоқ таралу-бірігіп тіршілік етуі байқалмайтын түрлерде және бірдей ортада ғана кездеседі. Ұндағы үн қоңыздарының таралуы — бұл кездейсоқтық таралудың мысалы.

Топтық таралу-кеңістіктік таралудың ең кең таралған түрі. Бұл ерекшелік ормандағы ағаштардың таралуынан жақсы байқалады.