А- біркелкі, б-кездейсоқ, в-топтық.

 

Барлық қозғалғыш жануарлар кеңістікті пайдалануына байланысты: отырыңқы және көшпелі болып екі топқа бөлінеді.

Жануарлардың отырыңқы түрлері тіршілік етуде бүкіл тіршіліктің немесе көп бөлігінде ортаның шектелген участогын пайдаланады. Мұндай жануарлар өз участогіне инстинктер арқылы күшті байланыспен ерекшеленеді. Ал еріксіз көшіру жағдайында өздеріне таныс территорияға қайтып оралу қасиеті дамыған. Экологияда бұл «үй сезімі» қасиетін «хоминг» деп атайды (ағылшынша home-үй). Көптеген үйлер көбею орнына тіпті алыс миграциядан кейін де оралады. Қараторғайдың бір жұбы жыл сайын өзінің үйшігін тауып алады. Көгершіннің хомингін тіпті поштаны тасымалдау үшін, практикалық мақсаттар үшін пайдаланған. Отырыңқы жануарлардың биологиялық көптеген артықшылықтары бар. Жануарлар өздеріне жақсы таныс территорияда қорегін іздеуге, жауларынан қорғану үшін, қысқа жолдармен өздеріне таныс паналарды табуға аз уақыт жұмсайды. Сонымен қатар, көптеген отырыңқы түрлер қоректік заттардың қорын жинайды, жол, қосымша ұялар, індер салады. Мысалы, тиіндердің ұрпақтарын шығаратын негізгі ұясымен қатар, жауларынан және қолайсыз ауа райынан қорғайтын бірнеше ұялары болады. Тиіндердің жаңғақтар, тұқымдарды, саңырауқұлақтарды қысқа қорға жинайтын бірнеше қоймалары болады.

Жат территорияда жануарлардың мінез-құлқы өзгереді. Суырларға жасаған бақылаулар көрсеткендей, бұндай жануарлардың қозғалысында сенімсіздік, жиі-жиі жан-жағына қарау, шыдамсыз, қорғанатын пананы кездейсоқ табады және сол территорияның қожайынымен салыстырғанда жиі өледі. Таныс территорияда жыртқыштардан өлу мүмкіндігінің азаюы эксперимент жүзінде дәлелденген. Мысалы, қалқан құлақты жапалақты атжалманы бар бөлмеге жібергенде, бұрын осы бөлмемен таныс жануарлар осы бөлмеге бірінші рет жіберілгендермен салыстырғанда, 5 есе кем ауланған.