Популяция тығыздығы

Популяция тығыздығы оны мекендейтін особьтардың аудан немесе көлем бірлігіндегі санымен анықталады. Мысалы 1 га жерде 150 қайың немесе 1 м судағы 0,5 г циклоп - осы түрдің популяция тығыздығын сипаттайды.

Популяция тығыздығы аудан немесе көлем бірлігіне келетін особьтер саны, мысалы, тұрғындар тығыздығы- бір шаршы километрге шаққандағы адам саны немесе гидробионттар үшін бір литр немесе кубометр көлем бірлігіндегі особьтар саны.

Популяцияның тығыздығының мысалдары: 1 гектар ормандағы 500 ағаш, 1 кубометр судағы 5 млн дана хлорелла, 1 га су қоймасының бетіне келетін 200 кг балық.

Популяцияның тығыздығы аудандағы немесе көлемдегі особьтердің біркелкі емес таралуын есептемей анықтайды, яғни аудан бірлігіндегі халықтың, ағаштың, жануардың немесе көлем бірлігіндегі микроскоптық балдырлардың орташа тығыздығын табамыз.

Популяцияның тығыздығын реттейтін факторлар- тығыздыққа тәуелді және тәуелсіз болып бөлінеді. Тәуелділері тығыздықтың өзгеруіне байланысты өзгереді, ал тәуелсіздері оның өзгеруніе байланыссыз тұрақты болып қалады. Алғашқысы - бұл биотикалық, ал екіншілері - абиотикалық факторлар болып саналады. Тығыздығына тәуелсіз факторлардың әсері планктонды балдырлардың санының маусымдық өзгерістерінде жақсы байқалады. Мысалы, Солтүстік Кавказ су қоймаларында диатомды балдырлар санының көбеюінің екі үдеме шыңы байқалады. Көктемде және күзде, ал қалған уақытта факторлардың тығыздығына байланыстылық әсер етеді, жазда қарқынды дамитын жасыл және көк жасыл балдырлармен тірі қалу, тіршілік үшін бәсекелестік күрес.

Популяциядағы өлім тығыздыққа тәуелді болуы мүмкін. Бұл құбылыс өсімдіктердің тұқымдарымен болады, тығыздыққа тәуелділіктен туатын өлім-жітім өскіндер кезеңінде жүзеге асады.

Жоғарыда келтірілген реттеулермен қатар тағы да особьтердің сапасының өзгеруін тудыратын популяциялар сандарының мөлшеріне әсер ететін өзіндік реттелуде кездеседі.