Экологияның негізгі бағыттары

Қазіргі уақытта экология ғылымының көптеген бағыттары бар:

1. Классикалық экология - биологиялық жүйелердің
қоршаған ортамен байланыстарын зерттейді.

2. Глобалъды экология - биосфераның бірлігін және
тұтастығын зерттейді.

3. Қоғамдық экология - қоғам мен қоршаған орта
жүйесіндегі байланыс пен тәуелділікті қарастырады.

4. Геоэкология - әртүрлі деңгейдегі геожүйелерді және оларға
антропогендік өзгерістердің әсерін зерттейді.

5. Адам экологиясы - адамның табиғи мәнін, оның тіршілік
ортасының экологиялық факторларының денсаулыққа әсерін зерттейді.

6. Қолданбалы экология -агрожүйе байланыстарын, қала
экожүйесін, техносфераның қоршаған ортамен байланысын
зерттейді.

7. Экологиялық мониторинг - бұл қоршаған орта жағдайын
болжау, бағалау, талдау мен бақылау жүйесі.

Қазіргі кездегі жалпы экологиядан көптеген пәндер қатары бөлінеді. Олар: популяциялық экология, географиялық экология, химиялық экология, өңдірістік экология, микроағзалар, өсімдік, жануар және адам экологиялары.

Бұндай бағыттардың көптігіне қарамастан, олардың барлығының негізінде тірі организмдерінің қоршаған ортамен арасындағы байланыс туралы биологиялық идеялар жатады. Егер өз кезеңінде экология тірі организмдерінің қоршаған ортамен байланыстарын биология ғылымының құрам бөлігі болса, ал қазіргі экология көптеген сұрақтарды қамтитын және биология, география, геология, физика, химия, генетика, математика, медицина, агрономия т.б. тығыз байланысты ғылым.

Сондықтан қазіргі экология - жан-жақты, күшті дамыған, біздің планетадағы барлық тұрғындар үшін практикалық маңызы үлкен, комплексті ғылым. Экология ғылымы- келешектің ғылымы және адамзаттың пайда болуы осы ғылымның прогресіне тәуелді.