Популяцияның этологиялық құрылымы

Этология - жануарлардың мінез-құлқының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бір популяция мүшелерінің қарым-қатынастарының жүйесін популяцияның мінез-құлықтық немесе этологиялық құрылымыдеп атайды. Популяция особьтарының басқа мүшелерлеріне қарым-қатынасы жөніндегі жануарлардың мінез-құлқы ең алдымен түрге тән жалғыз немесе топтық өмір сүруіне байланысты.

Жалғыз өмір сүруде- популяцияның особьтары бір-біріне байланыссыз тіршілік етеді. Табиғатта толығымен жалғыз өмір сүретін организмдер кездеспейді, өйткені, бұл жағдайда негізгі тіршілік функциясы- көбею жүзеге аспаған болар еді. Бірақ кейбір түрлерге өте әлсіз байланыстар тән. Мысалы, кейбір актиниялар бір-бірімен кездесуді қажет етпейді. Олар ұрықтанудың сырттай әдісімен көбейетін су организмдері. Ал іштей ұрықтанатын түрлердің популяцияны жүзеге асыруы үшін аталықтары мен аналықтары өте қысқа уақытта кездеседі, ал қалған уақытта жануарлар бір-біріне байланыссыз жеке тіршілік етеді. Мысалы, көптеген бунақденелілер - қан қызы, кейбір жыртқыш қоңыздар жатады.

Жанұялық өмір сүрутипінде ата-аналары мен ұрпақ арасында байланыс күшейеді. Бүл байланыстың қарапайым түрі- ата-анасының біреуінің салған жұмыртқаға қамқорлығы, оны қорғау, инкубация, қосымша аэрирациялау және т.б. Қосмекенділердің ішінде мраморлы амбистома ылғалды орман төсенішінің шұңқырына жұмыртқасын салып, оны күзетуге қалады. Құстарда да ұрпағына күрделі қамқорлығы олардың қанаты көтерілгенге дейін, ал ірі сүтқоректілерде, мысалы, аю, жолбарыс т.б.- да жыныстық жетілгенге дейін бірнеше жыл бойы созылады. Популяциядағы мінез-құлықтық байланыстардың күрделі түрлеріне жануарлардың ірі бірлестіктері - үйір, тобыр, қауымжатады.

Қауым-отырықшы жануарлардың топтық орналасуы. Олар ұзақ уақыт немесе шағала сияқты көптеген құстардың көбею кезеңіңде ғана пайда болады. Қауымдағы особьтар арасындағы байланыс территориядағы қарапайым жиналудан әрбір мүшелері қызмет атқаратын күрделі бірліктерге дейін болады.

Қауымның күрделі түрлерінде оның мүшелері кейбір қызметтерін бірлесіп атқарады. Мұндай ортақ қызметтерге жауларынан қорғану және хабар беру жатады. Шағалалар, кейбір үйректер, қарлығаштар және т.б. құстар балапандарына қауіп төндірген жыртқыштарға әдетте шумен бас салады. Қауіпті байқаған жағдайда көтерілген дабыл басқаларын ұйымдастырады.

Оңтүстік Америкалық дернәсілмен қоректенетін көкек Ани-ондаған аналықтар жұмыртқа салатын ортақ ұя салады. Бұл ортақ ұяда бір уақытта мезгіл сайын басқаларын ауыстыратын, бірнеше құстар жұмыртқаны кезектесіп басады.

Қоғамдық бунақденелілерде, термиттерде, қүмырсқаларда, араларда күрделі қауым кездеседі. Бұндай жанұялы қауымда бунақденелілердің негізгі қызметтерінің көпшілігін: көбею, қорғау, өзін және ұрпағын қорекпен қамтамасыз ету, құрылыс т.б. жұмыстарды бірігіп орындайды.

Тобыр.Биологиялық пайдалы ұйымдасқан іс - әрәкеті байқалатын жануарлардың уақытша бірлігі. Тобыр – көшіп-қону, қоректі табу, жауынан қорғану сияқты түрдің өміріндегі белгілі бір қызметтерді орындауды жеңілдетеді. Тобыр көбінесе құстар мен балықтар арасында, сүтқоректілерден иттерге тән. Балықтың тобыры пішіні, көлемі жөнінен өте өзгеше. Олар кейде тәулігіне бірнеше рет қайта құрылады. Тобырға біріккен балықтарда қорғаныш рөлі өте зор. Зерттеулерден тобыр мүшелеріне қарағанда жалғыз балықты жыртқыштардың аулауы бірнеше есе тезірек екені байқалған.

Сол сияқты қасқырлардың тобыры қыста топтық аң аулау үшін қалыптасады. Барлық особьтердің келісілген және басқарылатын іс - әрекеттерін талап ететін, мысалы, құрбандарын қоршауға түсіру немесе шеңберге алу сияқты іс-әрекеттер қасқырдың топтық аң аулауы кезінде кездеседі.

Үйір.Тобырмен салыстырғанда үйір - бұл жануарлардың ұзағырақ және тұрақты бірлесуі. Үйір топтарында, әдетте түрлердің тіршілігінің барлық негізгі функциялары (қорек табу, жыртқыштан қорғану, миграция, көбею, жас ұрпақты тәрбиелеу және т.б.) іске асады. Өзінің мінез - құлқымен үйірдің іс-әрекеттерін жыртқыштарға реакциясын, қоректену орнын, қозғалу бағытын анықтайтын басшысы бар (лидер) топтар - үйірді ұйымдастырудың бір варианты. Үйір басшыға қарап, бірлікті құрып әрекет жасайды. Лидердің қызметі басқа особьтерге бағынуға бағытталмаған. Үйірдің тәжірибелі мүшесі – лидер болады. Мысалы, Солтүстік бұғыларының үйірін кәрі басшы жүргізеді. Олар миграция уақытында және жыртқыштарға кездескенде басқаларға қарағанда тәжірибелі екендігін көрсетеді. Бұғының аналығы туар алдында бірнеше күн өзі қалып баласы қатайғанша оны жалғыз сақтап және қорғап, кейін екеуі бірге үйірді қуып жетеді. Солтүстік бұғының жануарларының 18-20%-і потенциальды лидер бола алады.