Популяция мөлшерін бағалау әдістері

Популяция мөлшерін бағалау әдістерінің арасынан тура (текшк, тура бақылау, суретке түсіру) және жанама (бөліп тастау, белгі салу, қайталап аулау) есептеу әдістерін атауға болады.

Текше әдісі. Түрлердің тіршілік орталарының территориясы бірнеше текшеге бөлінеді. Кейін таңдап алынған текше шегіндегі организмдер санын текше санына көбейтіп анықтайды.

Тура бақылау әдісі.Особьтердің тура санауды отырыңқы немесе баяу қозғалатын жануарлармен қатар, ірі қозғалғыш жануарларға да қолдануға болады.

Суретке түсіру әдісі.Ашық кеңістікке жиналатын теңіз құстары мен ірі сүтқоректілір популяциясының мөлшерін особьтардың фотосуреттері арқылы анықтауға болады.

Бөліп алу әдісі.Бұл тәсіл, әсіресе ұсақ организмдерінің, мысалы, судың белгілі көлеміндігі немесе даланың белгілі участогіндегі бунақденелілердің санын бағалау үшін қолайлы. Жануарлар арнаулы тормен ауланып, ұсталғандардың саны жазылады және олар зерттеудің аяғына дейін босатылмайды. Кейін тағы да аулау қайталанылады, сосын аулауды екі рет қайталап, әр ретте ауланатын жануарлар саны азаяды. Жұмыс соңында әр ретте ауланған жануарлар мен ұсталған жануарлардың жалпы саны көрсетілген график құрастырады.