ОСЫМША ХАБАРЛАР МЕН МЫСАЛДАР

1. Верхоянскіде тіршілік ететін ақ қоян популяциясы Волга ауданында мекендейтін популяциядан ерекшеленеді. Мысалы, олардың қоректік тағам құрамы әртүрлілігіне байланысты ішектерінің ұзындығы да әртүрлі болады: оңтүстіктегісі жапырақтарды кеміреді, ал солтүстіктегісі қылқан жапырақтылар, жемісті бұталар мен шөптерді жейді, бірақ олардың екеуінде де ұзын соқыр ішек болады. Солтүстік популяцияда көбею кезеңі қысқарған, аналығы жаз бойына тек бір ғана ұрпақ, ал оңтүстіктегі қоян екі – үш ұрпақ береді. Популяцияның жас ерекшелік құрамы да әр түрлі.

2. Түрлердің қоныстану жылдамдығын популяция мүшелерінің көбею орны мен туылу орнының арасындағы қашықтықпен сипаттауға болады. Кірпі үшін ол әр түрлі жағдайларда 200-1000 м аралығында, көртышқан үшін 170 м, ақ қоян үшін 400 м , ор қоян үшін 3 км, кәдімгі тиін үшін 7 км, бұлғын үшін 19 км. Кейбір жыл құстары туған жерінен 1000 – 1500 км ара қашықтықта көбейеді. Өсімдіктер тұқым, спора, тозаң арқылы таралады.

3. Популяция ішілік особьтар қатынасы әр түрлі болуы мүмкін. Балықтар арсында омыртқалы жануарлар үшін аталық және аналықтарының арасында юайланыс паразит – ие түрінде болады. Алдымен кішкене аталық ересек аналықтың денесіне тістерімен бекінеді, кейін толығымен сол жерде өседі. Оның жағы, тістері, көзі, ішектері редукцияланып, қан тамырлары аналықтың қан тамырларымен бірігіп, оның бір бөлігіне айналады. Тек ғана өзінің желбезегі және жыныс жүйесі сақталады.

4. Дала және шалғынды жер астық тұқымдастардың, селеу, бетеге түрлерінің тұрақты популяциясында өсуші және ересек особьтары бар. Өсімдіктің жас кезеңдері тез өтеді. Олардың тұқымы жыл сайын топыраққа түсіп отырады, бірақ мұнда тек ересек өсімдіктерден босаған жерлерге түскендері ғана өседі.

5. Тышқан тәрізді кемірушілер популяциясындағы жас ерекшелік
құрылымы көктемнен күзге қарай өсу заңдылығымен күрделенеді. Көктемде особътар әлі де көбеймеген болады. Олар жыл бойына 2-3 ұрпақ беріп және күзде өледі. Бір ұрық особьтері осы жазда көбейіп, қыста өледі, ал олардың ұрпақтары және 2-3 ұрпақтың ұрпақтары қыстайды да, тек 2 жылы ғана көбейеді. Мұндай жолмен популяция көктем немесе кеш күзге қарағанда жаз соңында әртүрлі болып келеді.

6. Лена өзенінің төменгі ағысында тіршілік ететін ұзындығы 70м болатын бекіре 12-14 жасынан бастап көбеюге қабілетті. Салмағы 13 кг-дай болатын кәрі особы 50 жылға дейін тіршілік етеді. Алдан өзенінде тіршілік ететін ұзындығы 58 см болатын бекіренің аналығы уылдырығын 10-12 жасында шашады. Ал бұлардың ең кәрі особы -21жастан аспайды.

7. Африканың тропикалық ормандарында шимпанзе топтары 28 особьтан тұрады. Олар туыстық қарым-қатынаспен байланысқан. Олардың аталықтары өте күшті және белсенді. Ол басшы ролін атқарады және қалғандары оны тыңдайды. Топтағы особътар жағдайы олардың жыныс және жас ерекшеліктерімен анықталады. Шимпанзе - өте шулы, бірақ тату маймыл. Анасы баласына ұзақ уақыт қамқорлық жасайды, оған апалары мен ағалары көмектеседі. Сол сияқты, шимпанзе басқа қоғаммен де бірігуге тырысады.

8. Қаршыға – қырғи ұясына 4-6 жұмыртқа салады. Ата– аналары барлық балаларын бірдей қоректендірмейді. Сондықтан олардың ішіндегі бір бөлігі өліп қалады. Балаларының орташа саны, ұядан шығаратыны әдетте үшеу. Россияның батысында ересек құстардың өлімі тіршілігінің бірінші жылында 50%, екінші жылында 40%. Ұядан ұшқаннан кейінгі тіршілігінің орташа ұзақтығы 2 жыл, жоғары шама – 9 жыл. Қырғи өз ұяларын бір –бірінен үлкен ара қашықтықта орналастырады. Мұндай жағдайда көбею және өлім саны үлкен шамада емес, 2-4 рет болады. Осындай тіршілік ерекшеліктеріне байланысты қырғи популяцияларының туылым мен өлім жітім процестерін сипаттаңыздар.

9. Әр түрлі жануарларда тіршілік ететін учаскелерін қорғау әдісі түрліше. Кейбір түрлер, мысалы, сарышұнақ, территорияға бөлек организмдердің енуіне белсенді түрде жауап береді. Оларда аталық пен аналық бөлек учаскелерді иемденеді, бірақ жердің тек бір бөлігін қорғап, ал басқаларын көршілерімен бірге пайдаланады. Олар шекара бұзушылармен төбелесіп, қуып шығады. Көптеген түрлер мекендеген территорияларының шекарасына нәжісімен немесе арнаулы бездерінің бөлінділерімен белгі салады. Қаршығаның бұл бездері табанында, суырларда аналь тесігінің маңында орналасады. Құстарда дыбыстық сигнализация дамыған. Аталықтарының көктемгі ән салуы – ұя участогінің бос еместігінің белгісі.

10. Шегірткелердің кейбір түрлерінде: жалғыз және үйірлік өмір сүру кездеседі. Жалғыз өмір сүрген шегіртке отырыңқы тіршілік етеді және орташа қоректенеді. Ал үйірлік түрі мазасыздығымен және орын ауыстырғыштығымен ерекшеленеді. Шегірткенің үлкен топтары алдымен жерде қозғалып, кейін қанатталып, үлкен бұлт құрып, туған жерінен жүздеген және мыңдаған ара қашықтыққа ұшады. Кейбір үйірдің салмағы бірнеше млн тоннаға жетеді.

11. Ең ірі үйір – 6 млрд балықтан тұратын сельд балығының үйірі.