Тақырыбы: Популяцияға әсер етуші қарым- қатынастың берік модулін зерттеу

Мақсаты:екі популяцияның өзара әсерлерін әртүрлі жағдайларда оқып-зерттеу

Құрал-жабдықтар:Петри шәшкесі, ақ нан, апельсин, мукор және пенициллин саңырауқұлақтарының жіпшелері (мицелий), қалам, жұмыс дәптері, сызғыш, кескіш.

Жұмыс барысы:

1. Нанды ұсақтап және апельсинді кесектеп кесіңіздер. 1ші Петри шәшкесіне ақ нанды, 2-не апельсиннің кесектерін, 3-не ақ нан мен апельсиннің кесектерін салыңыздар.

2. Әрбір Петри шәшкесіне бір-бірінен 2 см қашықтықта мукор және пенициллин жіпшесін орналастырыңыздар. Кейін Петри шәшкесінің қақпағын жауып, +22+25ºС қойыңыздар.

3. Әрбір саңырауқұлақтың жіпшесінің өсуі мен дамуын бақылаңыздар және оларды кестеге толтырыңыздар.

4. Бақылау нәтижесін шығарып, жұмысқа қорытынды жасаңыздар.