ТАПСЫРМАЛАР

1. Орман бірлестігінде мынадай түрлердің жұптары арасында байланыстың типтері қандай?

тоқылдақ пен тиін, сары шымшық пен тоқылдақ, жауынқұрт пен емен, ақ қоян мен сары шымшық.

2. Егістікте арамшөптер әрқашанда мәдени дақылдар үшін зиянды бола ма?

3. Үй жануарлары мен өсімдіктеріне бәсекелес болатын жабайы түрлерді жоюға адамдар міндетті ме?

4. Бәсекелес түрлерді табиғатта бірдей тіршілік орнында кездестіруге болады ма?

5. Экологиялық көзқарас көптүрлі өсімдіктермен салыстырғанда біртүрлі мәдени өсімдіктерді егу, өсіру тиімдірек деп есептейді. Сіз осы пікірге келісессіз бе? Неліктен?

6. Эволюция процесінде мутуализм өзара қарым –қатынастың қандай типтің негізінде пайда болады?

7. Берілген тірі организмдер тізімінен табиғатта бір-бірімен бәсекелес болатын жұптарды құрастырыңыздар (организмдер атауын тек рет ғана қолдануға болады).

кәдімгі шырша, қасқыр, көк кекіре, кәдімгі жылан, тышқан, Европа бұғысы, бидай, американ күзені, қарға, түлкі, ұзақ, Европа күзені, кәдімгі аламан, ақ кіс, бұлан, қайың.

Жауабы: кәдімгі шырша мен қайың, қасқыр- түлкі, көк кекіре-бидай, кәдімгі жылан - ақ кіс, тышқан- кәдімгі аламан, Европа бұғысы- бұлан, американ күзені- Европа күзені, қарға- ұзақ.

8. Берілген тірі организмдер тізімінен табиғатта бір-бірімен мутуалистік қарым-қатынаста болатын жұптарын құраңыздар.

ара, саңырауқұлақ, актиния, емен, қайың, шаян, жорға торғай, беде, жөке, азот түзуші түйнек бактерия.

9. 21-сурет организмдер қарым-қатынасының қандай типі көрсетілген?