Сурет организмдердің қарым-қатынасы

 

10. Бұғы мен қоян – шөпқоректі жануарлар. Оларды бәсекелестер деп атауға болады ма?

11. Түлкі мен тышқан, бит (кене) мен құмырсқа, жылқы мен жылқы арасындағы қарым-қатынас типін анықтаңыздар.

12. Бір территорияда мекендейтін қаршыға мен орман үшін бәсекелесуі мүмкін қорларды атаңыздар.

13. Бәсекелесуші организмдердің әрбір жұбы үшін бір-бірімен үлкен қажеттілікпен бәсекелесуі мүмкін қорларды таңдаңыздар.

 

Организмдер жұбы: Қорлар:

1. меруертгүл-қарағай 1. ін

2. қасқыр-түлкі 2. шырын

3. алабұға-шортан 3. су

4. үкі-жапалақ 4. қоян

5. борсық-түлкі 5. жарық

6. қарабидай-көкгүлкекіре 6. ұсақ шабақ

7. сексеуіл-жантақ 7. калий ионы

8. ара-бал ара 8. ұсақ кемірушілер

 

Жауабы:1-7, 2-4, 3-6, 4-8, 5-1, 6-5, 7-3, 8-2.

14. Мысықтар, дала сұр тышқандары, түкті ара мен жоңышқа ауылдық жердегі бірлестіктің бөліктері. Бірақ, мысықтар жоңышқаға әсер ете алады ма?

Жауабы:Мысықтар- дала сұр тышқанының негізгі жоюшылары. Мысықтар болмаса, тышқандар өте тез көбейеді, бірақ олар жиі түкті араның ұяларын бұзады және олардың дернәсілдерімен қоректенеді. Сұр тышқандар негұрлым көп болған сайын жоңышқанының гүлдерін тозаңдаңдыратын түкті аралар соғұрлым аз қалады, яғни жоңышқа аз тұқым береді. Мысықтың аз кездесуі нәтижесінде жоңышқа өте аз кездесетін өсімдікке айналады.