ОСЫМША ХАБАРЛАР МЕН МЫСАЛДАР

1. Азық үшін бәсекелестік кейде түрдің дамуын тездетіп, бүкіл тіршілік мекенінің өзгеруіне әкеліп соқтырады. Саркофагида шыбыны мен сфекс есекарасы осындай бәсекелестіктің бір мысалы болып табылады. Саркофагида шыбыны шегірткенің денесіне жұмыртқасын салып, оны ауруға шалдықтырады. Сфекс есекарасы әлсіреген шегірткені шағып, қимылсыздандырады. Содан соң оны саркофагиданың жұмартқасымен бірге өзінің ініне сүйреп кіргізеді. Әдетте, паразиттік шыбынның дәрнәсілі біраз уақыт дамып, бірақ соңынан тез өсіп келе жатқан сфекс дәрнәсілімен бәсекелестікті көтере алмай, өліп қалады. Дегенмен дамуын тездету арқасында саркофагида дәрнәсілінің бірен-сараны сал болып жатқан шегірткені есекара дәрнәсілі жұмыртқадан шыққанша жеп үлгіреді. Саркофагида дәрнәсілдері сфекстің ініне біршама жиі түсіп тұратындықтан, эволюция барысында саркофагида дәрнәсілінің тезірек дамуы бекіді, нәтижесінде шыбынның жұмыртқасының саны кемиді.

2. Орыс және Түркімен ғылымдары шөлді жайылымды суарусыз және тыңайтқышсыз жақсарту әдістерін жасады. Олар шөлдегі қорлардың негізгі шектеушісі – топырақ ылғалдылығын толығымен бірге пайдаланылатын, бір-бірімен бәсеке емес өнімді және төзімді жергілікті түрлерді таңдап алды. өсімдіктер бірлестігі – топырақтан 2-5 м жоғары және топырақтың 15 м тереңдігіне дейін әртүрлі дәрежеде орналасатын жерүсті және жерасты түрлерінен түзіледі. Мұндай жағдай өсімдік жамылғысы жасанды жайылымда көпқабатты және бұзылған жайылымға қарағанда толық қоректің жиынын береді.

3. Қара күзеңді жерсіндіру процесінде бәсекелестік кездеспейтін жаңа тіршілік аудандарда оладың саны тұрақты көбейеді. Бұл аң Европаға алғашқы 3 ғасырда Солтүстік Америкадан әкелінген. Қазір ол Сібірден басқа жерлердің бәренде кеңінен таралған. Қара күзен- су маңында өсетін өсімдіктердің шырынымен қоректенетін кеміргіш.

4. Жануарлар әлемінде ең бір кемеліне жеткен симбиоздың мысалын термиттерден көреміз. Олардың ас қорыту жолдары талшықтылардың мекені болып табылады. Термиттер өздерінің целлюлозаны гидролиздеуші ферменттері болуына қарамастан, агашпен қоректенуге қабілеттілігімен аты шыққан. Бұл жұмысты олар үшін талшықтылар атқарады. Түзілетін қантты негізінен қарапайымдар пайдаланады, дегенмен бұдан термиттер де құр қалмайды. Термиттер бұл ішек фаунасынсыз тіршілік ете алмайды.

5. Қарқылдақ шағалалар мен құтандар сияқты құстардың бірнеше түрлерінің ұялауы — ынтымақтастық мысалы болады. Ақ құтан мен қызғылт қалбағай бірлесіп ұялағанда еркек құтандар қалбағайлардың ұяларынан шыбық ұрлайды. Бұндай ұрлықтар кейде төбелеске әкеледі, бірақ жасқаншақ қалбағайлар көбінесе жақтырмаған күңкілмен ғана шектеледі. Қалай дегенмен де мұндай тіршіліктен олар құтандардың
суғанақтығынан шеккен реніштерін басып кетеді.

6. Комменсал иеленушісін көп жағдайда көлік ретінде пайдаланып, құрлық қоңыздарында, әсіресе қорда және өлексе қоңыздарында жиі кездесетін ғамазоид кенелерінің жылжымалы дернәсілдері осындай әдіспен таралады. Бұқпа шаянның бақалшагында тіршілік ететін шығыршық құрт иеленушісінің азығының қалдығын тікелей оның аузынан жырып алып қоректенеді. "Қожайын дастарханының қалдықтарымен" қоректену түбінде паразитизмге, яғни иеленушісінің лпаларымен қоректенуіне әкеліп соғуы мүмкін.

7.Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын саршатыр өсімдігі тамырының улы заттар бөліп шығаруы арқасында өзге бір жылдық өсімдіктердің барлығын ығыстырып шығарып, өзінің едәуір үлкен алқаптарда қау болып өсуі аменсализм мысалы.

Суқұзғының мен бірқазанның бірігіп одақ құрып, балық аулауы-ынтымақтастық болып табылады. Бірқазанның алқамында салбыраған дорбысы болады. Ол ұстаған шабақтарын сол дорбасына салып, балапандарына жеткізеді. Бірқазанның осындай қабілетін білетін суқұзғын оны балық аулауға ертіп шығарады. Бірақ қолайсыз денелерімен суға еркін сүйги алмайды. Су бетінде жәймен жүзіп жүреді. Ал суқұзғын болса, суға сүңгудің нағыз шебері. Су астандағы балықты оңайқағып түседі. Сөйтеді де оны су бетіне алып шығып, бірқазанға береді. Бірқазан балықты қылғытып, әлгі дорбасына салады. Осындай көрініс бірнеше рет қайталанып тұрады. Суқұзғын шаршап, үсті-басы су болған кезде, бірқазанның үстіне шығып, дем алып отырады. Денесі кепкен кейін, тұмсығымен құйрық мен бездерінен қауырсынына май жағып алып, қайта суға сүңгіп кетеді. Бірқазанның дорбасы толған кезде екеуі жағаға шығады. Бірқазанның дорбадағы олжаларын құсып, төгіп, ортаға кояды да екеуі бөліп жейді.

9. Қыналар – саңырауқұлақтар және балдырлармен селбесіп тіршілік ететін, өте баяу өсетін организмдер. Ғалымдар қыналарды жасанда жағдайда өсіруді әлі үйренген жоқ. Қыналардағы табиғатта оңай жолмен пайда болатын саңырауқұлақтар мен балдырлар арасындағы контактіні лабораториялық жағдайда орнату мүмкін емес. Қына қабаттарының өсуі қолайлы жағдайларда түрге байланысты жылына 1-8 мм-ге өседі. Қыналардың орташа жасы 30-80 жыл. Тіпті жеке қыналар қабатының 2000 жетеьіндігі жөнінде мәліметтер бар. Сонымен, алып сейквойялармен қатар қыналарды ең ұзақ тіршілік ететін органимдер деп санауға болады. Қыналардың өте баяу өсіуне байланысты- олардың тіршілігіне ең қажетті жағдай–ұзақ уақыт бойы қозғалмайтын субстраттың болуы керек екенін есте сақтау қажет.

10. 1859 жылы «Молния» кемесінің капитаны Австралияға 24 үй қоянын әкелді. Туған елі Ұлыбританиядан келген бұл қояндарды көшпенділер, кәдімгі туыстары келгендей, қуанғаннан көздеріне жас алып, үлкен құрметпен қарсы алды. Сол жылы қоянды атқан бір аңшы көп айып төледі. Бірнеше жыл өткен соң қоян емес, нағыз пәлені далаға жібергендерін түсінді.

Онда қояндардың табиғи жаулары жоқ, қоректік шөп көп болғандықтан олар тез өсіп, көбейіп, қой жейтін шөпті тауысуға айналды. 5 қоян 1 қойдың шөбін жеп, даланы тақырға айналдырды. Австралиялықтар қояндарды миллиондап атып, у шашып бітіре алмай, 1901 жылы Австралия құрлығын ортасынан сымнан жасалған тормен бөліп тастауға мәжбүр болды. Бірақ онан да көмек болмады. 1950 жылы өте қатерлі тәуекелге барып, қояндар арасында жұқпалы ауру «қояндар проблемасы» шешілді. Осыдан кейін қояндардан қалған шөпсіз тақырларға қайтадан шөп өсіп, қалпына келе бастады.

11. «Майфлауэр» бірінші ақ нәсілді көшпенділерді Америка жағасына алып келгенде, онда 75 млн бизон болатын. 150 жылдан кейін олар қырылып бітті деуге болады. Көңіл көтеру, атқыш атану үшін бәс тігіп, немесе бостандық көксеген үнділерді аштан қыру үшін (бизондар оардың ет сақтайтын «тоңазытқыштары» болатын), поездардың жүрісін тездету үшін бизон ату «жарысы» басталды. Бұл науқан 40 жыл бойы (1830-1870) тоқтаған жоқ. «Ең үздік бизон атушы» деген құрметті атақты Коди, лақап аты Буффало Билл жеңіп алды. Ол 18 айда 4280 бизон өлтіріп чемпион атанды. Бизон атушылар оның тілін алып , еті мен терісін алмай, тастап кететін.

12. Бірнеше жыл бұрын Африканың шаруалары қабыланның олардың малдары мен иттерін туралы шағым жасады. Өкіметтер қабыланды көпшілігін атуға рұқсат берді. Бірнеше жылдан кейін шаруалар қабыландар бар уақытпен салыстырғанда, олардың егістігіне үлкен зиян келтіретін маймылдардан зиян шеге бастады.

Қабыланды өлтіріп, адамдар маймылдардың негізгі жауларын құртқан. Бұл маймылдардың көп таралуына және көбеюіне көп мүмкіндік жасаған. Нәтижесінде олардың табиғи қоректері жетіспей, егістікке шабуыл жасай бастады. Егер шаруалар қабыланды жоймағанда,ал олардың орнына өздерінің малдары мен иттерін жақсылап қорғағанда, қабылан маймылдардың санын шектеп, «маймыл мәселесі» тумаған болар еді.

13. 1973 бір ғалым Үнді мұхитының Маврикий аралынан 13 өлейін деп жатқан ағаштарды тапқан. Оның есептеуінше ол ағаштардың жасы 300 жылдан артық. Ағаштардың барлығы жаңғақ беруде, бірақ жаңғақтардың біреуі де өсіп-өнбей жаңа ағаштар бермеген.

Ғалымның осыдан 300 жыл бұрын аралда бойы күркетауықтай, көгершін тұқымдасына жататын құс- соңғы дронтты өлтіргені есіне түсті. Оның пайымдауынша дронт жаңғақты жұтпайынша және оның ішігі арқылы өтпейінше олар өспейді. Дронт жұтатын тастар оның жемсауында жаңғақтың қатты қабығын бұзып, өнетін ұрығын босатады. Ғалым жаңғақпен тап сондай жемсауы бар күркетауықты қоректендірді және оның саңғырығындағы ұрықтардан жаңа ағаштың өсетіндігіне көзі жетті.

Маврикий аралында дронттың дойылуынан кейін ешқандай басқа құс ағаштардың жаңғағының қатты қабығын бұза алмаған. Сондықтан бұл ағаштар жойылу қаупіне ұшарады.

14. Адель пингвиннің негізгі жауы – оның тұтасымен жұтуға қабілетті теңіз қабыланы. Теңіз қабыланы Антарктиданың пингвиндерімен қатар тіршілік етеді. Пингвиндер суға қауіптілік ен жақындап, мұздың шетінде қабыланнан қорқып тұрады. Соңында пингвиндердің біреуі суға сүңгиді. Егер ол тірі қалса, оның соңынан басқалары да сүңгиді.

15. Санитар балықтар – тұрақты тексерушілер. Ірі балықтарда санитарлық операциялар жасап, тексеріп тұрады. Өлген терінің қалдықтары мен майда паразиттерден құтылу үшін олар санитар балықтарға жүзіп барады. Санитарлар ірі балықтардың ауыз қуысын және желбезегін тексереді. Өзінің бұл еңбегі үшін дйын тағам алады және паразиттермен қоректеніп, оның бүкіл денесін да тексереді.

Ірі балыққа жақындағанда санитар балықтар өзіне тән би орындағандай болып, желбезектерімен ерекше қозғалыс жасайды. Бұл қозғалыс оларға тиісуге болмайтын санитар екенін ескертетін қозғалыстар.

Санитар балықтар ешқашан қауіпсіз, тіпті аукланың ауыз қуысында да жүре алады. Санитар балықтар көптеген мұхит балықтарының денсаулығын сақтауда маңызы зор. Егер кенеттен санитар балықтардың барлығы өзеннің белгілі бір аймағынан кетсе, оның артынан ірі балықтар да кетеді.