Сурет. Тұңғиық – непентес

18. Жабысқыш балық үлкен ірі балықтар мен жануарлардың денесіне сорғыш арқылы жабысып, өлекселермен қоректенеді. Иесі қорек тапқан кезде, балық оның қалдықтарымен қоректенеді. Жабысқыш балықтың басындағы вакуумды сорғыш- түрі өзгерген жүзгіш қанаттары болып табылады. Ол алатындай болып құрылған. Сондықтан иесінің қозғалысының жылдамдығына ешқандай қатер туғызбайды. Сопақ сорғышы бірінші арқа қанаты болатын жерге орналасқан. Кариб өзені мен Австралия аралының тұрғындары жабысқыш балықты ірі теңіз тасбақаларын ұстау үшін пайдаланады. Су бетіне тасбақа көтерілген кезде аңшылар жабысқыш балықтың құйрығын мықты жіппен байлап, оны тасбақа жаққа жібереді. Сорғыш турасынан тасбақаға бағытталады және оған жабысады. Осыдан кейін аңшылар екеуін де ұстап, қайыққа салады. Сорғыш балықтар сол сияқты делфиндерге, акулаларға, ірі балықтарға, тіпті кемеге де жабысады.