Организм көбеюінің потенциальды мүмкіншілігі

Бізді қоршаған тірі әлем алуан түрлі организмдерден тұрады. Қандай организм болмасын, ерте ме, кеш пе өз тіршілігін жояды. Ал Жер бетінде ғалымдардың есептеулерінше 4 млрд жыл бойы өмір жалғасуда және қайта гүлденуде. Тірі организмдер үнемі өздерін ұрпақтарында қайталап отырады. Осындай түрлердің көбеюге қабілеттілігі-әрбір жеке организмнің шектеулі уақыт тіршілік етуіне қарамастан табиғатта өте ұзақ, көптеген миллиондаған жылдарды қамтиды.

Өзіндік қайталану қабілеттілігі- тіршіліктің негізгі қасиеті. Тіпті ең жай көбейетін түрлердің өзі қысқа уақытта өздері үшін жер шарында орын жетіспестей көптеген особьтар (даралар) әкелуге бейімделген. Мысалы, барлығы 5 ұрпақ беретін уақытта, яғни 1-1,5 жазғы айларда 1 жалғыз өсімдік бүргесі 300 миллионнан артық ұрпақ қалдырады. Треска аналығының бір данасы 10 жылдан кейін жалпы массасы 3 млн тонна болатын 800 млн балықтардың үйірінің бастамасы болуға қабілетті. Ал 100 жылдан кейін оның ұрпағына мұхитта жер жетпеген болар еді.

Кейбір түрлердің өмір бойы барлығы бірнеше мың жұмыртқа, ал кейбірі мыңдаған, тіпті млн-даған ұрықтар беріп, кейбір түрлер еркін, шектеусіз көбейетін болса, олардың саны геометриялық прогрессиямен өскен болар еді. Организмдердің шектеусіз көбеюін тежейтін негізгі фактор- қорларжеткіліксіздігі, оның ішінде өсімдіктер үшін-минералды тұздар, көмірқышқыл газы, су, жарық; ал жануарлар үшін- су, қорек; микроорганизмдер үшін әртүрлі өздері пайдаланатын қосылыстар.

3-суретте екіге бөліну арқылы көбейетін инфузориялардың санының өсуі көрсетілген. Әрбір инфузория ұрпақтары бір клеткадан пайда болады. Сондықтан көбею қисығы әр ұрпақ сайын өте жоғары және өте жылдам көтеріледі. Іс жүзінде барлық тірі организмдердің шексіз көбею мүмкіндігі бар. Бұл қабілеттілік жердегі тіршілікті өте қуатты күшке айналдырады. Бірде-бір түр өзінің шексіз көбею қабілеттілігін аяғына дейін жеткізе алмайды.