ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1. Күйіс қайыратын сүтқоректілердің ішек қарнында ашу процесін жүргізетін бактериялар бар. Бұл

а/жыртқыштық

б/паразитизм

в/комменсализм

г/симбиоз мысалы

2. Бір түр организмінің басқа түр организмдерінің ұлпалары және қоректік заттарымен қоректенетін, түр арасында болатын қарым-қатынас түрі

а/ симбиоз

б/ комменсализм

в/ паразитизм

г/ жыртқыштық деп аталады.

3. Егер балық уылдырығын екі жақты ұлудың мантиясына салса, бұл қарым-қатынас

а/ өзара пайдалы

б/ нейтралы-пайдалы

в/ пайдалы-зиянды

г/өзара зиянды

4. Шыршаның өздігінен сиректелуі

а/ түрішілік бәсекелестіктің

б/ түраралық бәсекелестіктің

в/ комменсализмнің

г/ популяция қартаюының мысалы

5. Кейбір саңырауқұлақтар ағаш тамырында өседі. Мұндай қарым-қатынас түрі

а/ паразитизм

б/ комменсализм

в/ симбиоз

г/сапрофитизм деп аталады

6. Табиғи бірлестікте жыртқыштар

а/ популяция жемтіктерін жояды

б/ популяция жемтігінің өсуіне әсер етеді

в/ популяция жемтігінің санын реттейді

г/популяция жемтігінің санына әсер етпейді

7. Түраралық бәсекелестіктің мысалы

а/ үйірдегі қасқырлар

б/ паразиттік құрттар мен организм-ие

в/ сары және қара тарақандар

г/тышқан тәрізді кеміргіш және түлкі арасындағы қарым-қатынас болып табылады.

8. Ересек бунақденелілер еркін өмір сүріп, ал дернәсілдері иесінің денесінде дамып, оның ұлпасымен қоректенеді. Бұл

а/ микропаразиттер

б/макропаразиттер

в/ симбионттар

г/ паразитоидтар деп аталады

9. Денесінде паразиттердің көбеюі өтетін организм

а/ негізгі ие

б/ аралық ие

в/ тасымалдаушы

г/ паразитоидтар деп аталады

10. Экологиялық қуыс дегеніміз-

а/ Организмнің кеңістіктегі орны, қызметтік орны және орта факторларына төзімділігі сияқты тіршілік шарттарына барлық талаптарының жиынтығы

б/ екі түрдің мұқтаждықтары неғұрлым жақын болса, олардың арасындағы бәсекелестік соғұрлым күшті болады.

в/ әр түр үшін оптималды топ мөлшері және оптималды популяция тығыздығы бар.

г/ экологиялық факторлар жиынтығында қай фактор төзімділік шегіне жақын тұрса, сол фактордың ықпалы күштірек болады.