Сурет. Тоған биоценозы

 

Табиғатта биоценоз әртүрлі масштабта болады. Біз шалғын, орман және кішкене шалшық биоценоздарын ажыратамыз. Қолдан жасанды биоценоздарды - аквариум, террариум, теплица, оранжереяларды жасауға болады. Барлық жағдайда бір-бірімен байланыс арқылы тіршілігін қолдайтын және абиотикалық жағдайлардың жиынтығына бейімделген, бірігіп тіршілік ететін организмдер бірлестігін көреміз.

Биоценоз әртүрлі организмдердің кездейсоқ жиналуы емес. Табиғи жағдайларда және флора мен фаунаның жақын құрамының жағдайы ұқсас болғанда, занды түрде қайталанатын биоценоздар пайда болады.

Биоценоздың негізгі компоненттері: өсімдіктер, жануарлар және микроағзалар. Бұл жүйеде кейбір түрлер, популяциялар және түрлер топтары қауымдастық үшін ерекше зиян келтірмей, басқа түрлер өкілдерімен, топтарымен алмастырыла алады, ал жүйенің өзі түрлер арасындағы антогонисті күштердің теңдесуі есебінен сақталады. Бірлестіктің тұрақтылығы бір түрлердің санының сандық реттелуі басқа түрлер арқылы анықталады, ал олардың мөлшері сыртқы себептерден біркелкі абиотикалық қасиеттер тән территория ауданына, яғни биотқа тәуелді. Биоценоз шекаралары биотоп шекараларымен сәйкес келеді, яғни экожүйе шекараларымен. Биоценозға күрделі құрылым тән. Биоценоздарда түрлік және кеңістіктік құрылымдары болады.

Сонымен, барлық тірі табиғат тек бөлек организмдер мен түрлерден ғана емес, сонымен қатар, әртүрлі түрлердің өкілдері топтасатын әртүрлі биоценоздардан тұрады.

Биоценоздар популяция сияқты, тіршілік ұйымдасуының организм үсті деңгейі. Табиғатта бір биоценозда бірге тіршілік етуге қабілетті түрлердің жалпы саны өте көп. Түрге ең бай биоценоз-тропикалық ормандар. Олардың әртүрлілігі әлі күнге дейін толық сипатталмаған. Шамамен 1 км2 ауданда микроорганизмдер мен саңырауқұлақтарды есептемегенде, жануарлар мен өсімдіктердің бірнеше жүздеген мың түрлерін кездестіруге болады, бірақ қатаң климаттық жағдайларда қалыптасқан табиғи бірлестіктерде, мысалы, тундра мен биік тауларда организмдердің бірнеше аздаған түрлері тіршілік етеді.