ОСЫМША ХАБАРЛАР МЕН МЫСАЛДАР

1. «Биоценоз» атауын ғылымға 1877 жылы неміс ғалымы Карл Мебиус енгізген. Ол Солтүстік устрицаларын зерттеді. Теңіз устрицалары теңіз жануарларымен тығыз байланыс түзеді және белгілі грунтқа, температураға, тұздылыққа бейімделген. Бұл бірлестікте түрлер арасында тіршілік ету үшін және түрлердің сандарының реттелуіне күрес жүргізіп отырады. Сондықтан олардың өнімінің белгілі бір шегі бар. Егер жануар мен өсімдіктің санын арттыру керек болса, онда оның жұмыртқасын жас кезінде жануарларынан қорғау және оларға қажетті қорек пен тіршілік ететін орта керек деген қорытынды шығады. Бұл устрицаны жасанды өсіру, балық аулау, орман, далалы және бақша шаруашылығында да орын алады. Бұдан келіп шығатын қорытынды - жасанды тіршілік бірлестігіне әсер ететін негізгі фактор адамның ой жұмысы мен қол еңбегі.

2. Ярустылық тек жерүсті биоценозында ғана болмайды, сонымен қатар жерасты бөліктерінде де болады. Әртүрлі өсімдіктердің тамыры әртүрлі тереңдікте орналасады. Ресурстарды бөліп ала отырып, өсімдіктер бәсекелестіктен бас тартады. Топырақ жануарлары әртүрлі жерасты бөліктерін иеленеді. Мысалы, жауынқұрттың ішінде біреулері тігінен тереңіне дейін қазып, жапырақ қалдықтарын тасиды. Ал екіншілері 20-30 тереңдікте тіршілік етіп топырақтың қара шірігімен қоректенеді. Ал үшіншілері тіптен минералды қабатта кездеспейді. Олар тіршілігінің соңына дейін ағаш жапырақтарының түскен жерінде тіршілік етіп, сол жердің топырағын өңдеп құнарландырады.

3. Биоценоздың құрамы құрылымында маусымдық жыл мезгілдеріне байланысты үнемі циклдік өзгерістер болып тұрады. Қыста көпжылдық өсімдіктер тыныштықта болады, ал бір жылдық өсімдіктер тұқымдарын қалдыра отырып, тіршілігін жояды. Суыққанды жануарлар уақытша тіршілігін тоқтады. Тек жылықанды жануарлар ғана қыста тіршілік етеді. Құстар және сүтқоректілер, бұлардың ішінде кейбіреулері қыста ұйқыға немесе суық жерден жылы жерге орын ауыстырады. Жыл сайын қайталанып отыратын жылдық циклге ауа райы әсер етеді. Суық немесе ыстық, құрғақ немесе ылғалды жыл мезгілдері кезінде кейбір түрлердің саны кемиді. Сонымен, биоценоз үнемі өзгерісте, қозғалыста болады.

4. Далалы және шөлейт жерде тіршілік ететін сүтқоректілердің мынадай ұқсастықтары бар:

1.Тұрақты жерасты тіршілік иелері

2. Қазушы түрлер

3. Секіруші шөпқоректілер

4. Тез жүгіргіш шөпқоректілер

5. Тез жүгіргіш жыртқыштар

Ұқсас тіршілік ететін түрлер, экологиялық қуыста, ашық ландшафттарда, әртүрлі континенттерде тіршілік ететін сүтқоректілер әртүрлі түрлерді құрайды. Биоценозда ұқсас типтер әртүрлі түрлік негізінде болуы мүмкін.

5. Биоценозда салыстыру үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Мысалы, Жаккар формуласы бойынша есептегенде:

 

Сх100

К= -----------%

А+В-С

А- бірінші бірлестікте берілген топтың түрлерінің саны.

В- екінші бірлестіктегі топтың түрлерінің саны.

С- екі бірлестіктегі түрлерідің жалпы саны.

Биоценозда салыстыру үшін түрлерді жұп-жұбымен алады, олардың құрамына қарай систематикалық топқа орналастырады, мысалы, гүлдейтін өсімдіктер тізімі, қыналар, мүктер, құстар сүтқоректілер, бунақденелілер т.б. Ұқсастық %-пен есептелінеді. Егер әрбір биоценозда бір топта 10 түр, оның 5-і бірінші бірлестікте және 5-і екінші бірлестікте кездессе, онда түрлік ұқсастық 33% құрайды, ал 8 түрі ұқсас келсе, 66% құрайды.