Сурет. Шексіз көбею кезіндегі инфузорияның санының өсуі

Организмдердің үлкен тірі массасы -планетадағы зат айналымды қолдап,топырақ, тау жыныстарын құрайды, су және атмосфера құрылымын реттейді, бірақ біз табиғатта жеке түрлердің сандарының шексіз және тұрақты өсуін байқамаймыз.

Бұл ресурстар қоры планетамыздың әртүрлі бөліктерінде шектеулі, сондықтан олар түрлердің көбеюін тежейді.

Келесі тежеуші фактор- организмдердің көбеюі мен өсуін баяулататын әртүрлі қолайсыз орта әсерлері. Мысалы, өсімдіктің өсуі мен пісіп–жетілуі ауа райына, температураға, жарыққа, ылғалдылыққа т.б. жағдайларға байланысты. Көптеген суда тіршілік ететін организмдердің көбеюін судағы оттегінің аз мөлшерде болуы немесе еріген заттардың құрамы мен мөлшері тежейді.

Ақырында, табиғатта дүниеге келген ұрпақтар мен жас организмдердің өлуі нәтижесінде олардың саны азаяды. Олардың көпшілігі көбею кезеңіне жетпейді және жаулардан, аурулардан, жоғары немесе төмен температурадан, қоректің жоқтығынан немесе басқа да себептерден қырылады. Мысалы, жыл сайын бір үлкен еменнің мыңдаған жаңғағының біразын тиіндер, шошқалар, тышқандар, бунақденелілер жейді, ал біразы бактериялар мен саңырауқұлақтармен зақымданады немесе әртүрлі себептермен өскін кезеңдерінде тіршілігін жояды. Нәтижесінде өте аздаған жаңғақтан ересек ағаштар өсіп шығады. Өміршеңдік, өсу мен көбею, организмдердің саны қоршаған ортамен күрделі байланыстардың нәтижесі болып табылады.