Тақырыбы: Экожүйенің «ыдыратушы» редуцент организмдері

Мақсаты:Экожүйенің «ыдыратушы» организмдерімен, яғни қалдықты пайдаланушылармен, өсімдік және бактериялармен танысу

Қажетті құрал-жабдықтар:қағаз парағы, ұлғайтқыш әйнек, микроскоп, жұмыс дәптері

Жұмыс барысы:

1. Үлкен қағаз парағын алып, оны ағаш түбіне қойып, бұрыштарын таспен бастырып, бір аптаға қалдырыңыздар. Бір аптадан кейін ұлғатқыш әйнектің көмегімен, онда не жиналғанын мұқият қараңыздар. Ол жерге қоңыз, құрттардан бастап, ақ зең өрмегімен аяқталатын әртүрлі ыдыратушыларды көресіз. Сонымен қатар қағазда бактерия да болады, бірақ оны микроскопсыз көру мүмкін емес.

2. Қағаз парағынан табылған организмдердің тізімін құрыңыздар.

3. Олардың арасындағы негізгі байланыстарды анықтаңыздар.

4. Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасаңыздар.