Тақырыбы: Жасанды экожүйе «аквариум» моделін жасау

Мақсаты:Жасанды экожүйе «аквариум» моделін жасап, олардағы тіршілік құбылыстарын бақылау.

Қажетті құрал-жабдықтар:тығыны бар төрт шыны банка немесе пробирка, су, элодея өсімдігі, ұлу, жұмыс дәптері.

Жұмыс барысы:

1. «Аквариум» моделін жасау үшін берік, мықты жабылатын тығыны бар төрт шыны банка немесе үлкен пробирка керек. Олардың барлығы сумен толтырылады. Кейін бір банканы белгілеп, оған ұлу, екіншісіне элодея өсімдігін және ұлу, үшіншісіне тек элодея өсімдігін салып, ал төртіншісіне су құйып (бақылауға) қалдырады.

2. Кейін өсімдіктер мен жануарлар арасындағы қарым қатынасты, тірі заттардың санын, ұлу мен элодеяның жағдайларын сипаттайтын барлық өзгерістерін анықтап, бақылау күнделігіне жазыңыздар. Тәжірибеде жарықтың қандай маңызы бар екенін түсіндіріңіздер және оның жануарларға әсерін бақылаңыздар.

3. Қорытынды жасай отырып, мынадай сұрақтарға жауап беріңіздер.

Су жануарлары үшін қорек көзі не блып табылады?

Балдырлардың тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?

Неліктен балдыр мен ұлу сулы ортада бір бірінсіз ұзақ тіршілік ете алмайды?