ОСЫМША ХАБАРЛАР МЕН МЫСАЛДАР

1. Тундралы экожүйеде бірлестік кедей болып келеді. Мұнда басты шектеуші фактор жылудың жетіспеушілігі. Қатты желде, ұзақ қысқы түндерде, мәңгі суықтарда, өте төменгі температураларда өсетін өсімдіктер екі ярусты өсімдік жамылғысын құрайды. Өсімдіктің өлген бөлігін редуценттердің төменгі белсенділігіне байланысты өңдеуге үлгірмейді және шымтезек түрінде жиналады. Өлі органикалық заттар қоры жылдық өсімнен 30-90 есе жоғары болуы мүмкін. Өлі өсімдік қалдықтарының экожүйеде жиналуы - биологиялық жылдамдықтың баяулауының көрсеткіші.

2. Бір арыстанның күнелтуі үшін жылына 50 зебра қажет. Фолкленд аралында қара ала балықшы су қайтқан кезде жартастардан бауыраяқты «таақша» ұлуларды теріп қоректенеді, бірақ олардың орташа көлемді особьтарға ғана шамасы жетеді. Көлемі 45мм- ден артық ұлулар одан құтылып кетеді.

3. Қоректік тізбек арқылы қоршаған ортадан өсімдіктерге түсетін заттар мен энергиямен қатар, тұрақты улы қосылыстар да беріледі. Олар аз мөлшерде организмге қауіпсіз, бірақ үнемі қоректену мен қайтадан түсіп отыру нәтижесінде организмде жинақталады. Осындай улы өсімдіктерді жеген жануарлармен қоректенген жыртқыштар өздеріне улы химикаттарды күштірек жинақтайды. Мысалы, жәндіктермен қарсы күресте қоладнылатын ДДТ уының жыртқыштар немесе балық жегіш құстардың денесіндегі мөлшері оның судағы немесе топырақтағы мөлшерінен 500 000 есе жоғары. Уланудың нәтижесінде жыртықштардың өлімінің көп болуы табиғатта көп айтылады және ол адамдарға қоршаған ортаның ластануы туралы күшті дабыл болып табылады.

4. Микроорганизмдердің үлкен армиясы (1га топырақта 1000-1400 кг және 1200 кг микроскоптық саңырауқұлақ) өсімдіктерге қажетті минералды тұздарды топыраққа қайтару және организмдердің заттарды ыдырату жұмыстарын үнемі іске асырады.

5. Орманның әрбір га на жыл сайын 2 т-ға дейін қылқан бұтақтары және бүрлер түсіп отыратыны белгілі. Микроорганизмдермен бірге саңырауқұлақтар орман төсенішінің бұл массаларын «алғашқы өңдеуден» өткізіп, органикалық заттарды минералды заттарға дейін ыдыратып, табиғаттағы зат айналымда үлкен роль атқарады.

6. Масалардың тобы табиғи қоректік қажетті звено. Бұлардың суда тіршілік ететін дернәсілдері, балықтардың майшабақтары үшін қорек болса, ал өздерін құстар жейді.

7. Ағаштарда қанша жапырақ болады? деген сұраққа Донецк университетінің ғалымдары В.Овчаренко мен Р.Синельникова жауап берді. Олар ағаштардағы жапырақтың санын бұтақтардың саны мен диаметрі бойынша дәл есептейтін формула құрастырған. Мысалы, қалыпты дамыған талшынның орташа 19 000 жапырағы, теректің әртүрлі түрлерінде 70-114 000 жапырақ болады. Есептеулердің мынадай тәсілі қалаларды жасылдандыру мамандарына өсімдіктен бөлінген оттегі мен олардағы қонған шаңның мөлшерін есептеуге көмектеседі.

8. Жаңбырша саңырауқұлағы үлкен қашықтыққа желмен таралатын ұшатын көптеген споралардың бұлттарын түзеді.30-см лік диаметрлі жаңбырша-7 000 000 000 000 спора түзеді. Егер осы спораның бәрі өсіп, ересек саңырауқұлақтарға айналатын болса, онда жер шарын айналатын сақина бірнеше мың рет қоршаған болар еді.

9. Бұл ғажап құлақ- өлі сүректермен қоректенетін саңырауқұлақтың жеміс денесі. Егер саңырауқұлақтар өлі денелерді жемесе, бүкіл жер беті әртүрлі өлекселер мен қоқыстарға толып кетер еді.