ОСЫМША ХАБАРЛАР МЕН МЫСАЛДАР

1. Қоректік тізбекке фотосинтез өнімдерінің барлығы бірдей өтпейді. Түзілген органикалық заттардың бір бөлігі өсімдіктердің зат алмасуына жұмсалып, осы бөлігі тыныс шығару кезінде көмірқышқыл газы мен суға ыдырайды. Бұл бөлік 20-50%, кейде 70 % дейін құрайды. Фотосинтездің жалпы жылдамдығы жалпы бастапқы өнімділік деп аталады.

2. Экожүйенің алғашқы өнімділігін климаттық факторлар немесе биогенді элементтердің жетіспеушілігі шектейді. Әрбір экожүйенің өнімділігінің мысалдары (тәулігіне м2 аудандағы г құрғақ зат).

шөлдер мен терең теңіздерде -1 г

таулы орман, таяз теңіз, терең көл, шалғын-1-3г

дала, ұсақ көл, орманда-3-10 г

маржан аралдары, полирус, тропикалық орманда-10-25 г

3. Топырақта көптеген тірі организмдердің қатысуымен органикалық қалдықтардан химиялық элементтердің бөліну пролцесі белсенді жүреді. Оның ішінде жауын құртының жұмысын атауға болады: 1 га жердегі 30 000 құрт 1 маусымда 1,5 т жапырақты өңдеп, оны 15 т құрғақ топырақпен араластырады. Бұл құрттың жоғары жұмыс шамасы жылына 15 т/га жетеді. 65 жылда топырақтың барлық жоғары қабаты құрттың ас қорыту тракті арқылы өтеді. Осыдан кейін топырақтың гумусын түзетін саңырауқұлақтар, микробтар үшін қолайлы орта құрылады. 1 га топырақта бірнеше млрд микроб болады. Жақсы топырақта олардың биомассасы 500 кг/га жетеді. Бұдан минералды тұздарға дейін ыдырайтын органикалық қалдықтар қарашірікке айналады.

4. Экологтардың есептеуінше, жыл бойына салмағы 45 кг болатын бір баланы қоректендіру үшін, жалпы салмағы 1035 кг болатын төрт жарым бұзау керек. Ал бұзаулар үшін салмағы 8,2 т болатын жоңышқа керек. Жоңышқаның осындай салмағы 14,9 млн калория энергия құрайды, ал бұзауда 1,19 млн калория, балада 83000 калория болады.

5. Біздің еліміздің оңтүстігінде бұзылған даланың өсімдіктерінің түрлік байлығын қалпына келтіру әдісі жасалған. Игерілмеген тың жерлерде бір маусым ішінде 3-4 рет құрамында әртүрлі уақытта пісетін тұқымы бар пішен орылады. Пішен эрозияға ұшыраған және бұзылған жерлерге себіледі. Сонымен топырақ бір мезгілде органикалық тыңайтқышпен қамтамасыз етіледі. 3-4 жылдан кейін осындай участкелерде түрлердің бай жиынтығы бар дала қалпына келеді. Табиғи процестердің қалпына келуі ондаған жылдарға созылады.

6. Ұзақ жылғы бірлестік динамикасында басым түрлердің басқасымен ауысуы-қалыпты құбылыс. Әсіресе, бұл шалғындық жерлерде жақсы байқалады. Мысалы, кейбір шалғындықтарда ылғалды жылдары астық тұқымдастар арасынан түлкіқұйрық, ал құрғақ жылдары бидайық басым болады. Астықтарды шалғындықта олар жемеген әртүрлі өсімдіктер тез өседі. 1-2 жылдан кейін олар өздерінің бәсекелестері - астық тұқымдастармен қайтадан күресте әлсірей бастайды.

7. Қоректік тізбектің кеңістіктегі аударылу принципі бойынша аң шаруашылығында өндірістік қалдықтарын өңдеу технологиясы жасалған. Жануарлардың көңі су қоймасына жіберіледі. Олардың тұндырылған сұйығы бірклеткалы балдырлар дамитын тоғанға міндетті түрде жіберіледі.Су қоймасы «гүлденеді». Осы жерден балдырлармен бірге су мезгіл сайын балдырларды сүзіп, белсенді түрде суды қарқынды фильтрлейтін шаян мен көптеген дафниялары бар «шаянды» тоғанға жіберіледі. Үшінші тоғанда осы шаяндармен қоректенетін балықтардың майшабақтары өсіріледі. Бұл жерде тоған мекендеушілерімен судың тазалануы оның қайтадан фермаларға пайдалануға болатын дәрежеге жеткізеді. Шаруашылықта көңді мұндай өңдеудің нәтижесінде балық өнімділігі жоғарылап, малдардың қорегі үшін шаянның жоғары өнімі алынады.

8. Егер қоршаған ортаға олардың іс әрекеттерінің масштабы өзгермесе, түрлердің ауысуы - экожүйенің өзінің негізгі қасиеттерін сақтайды. Мысалы, жайылымда жабайы тұяқтыларды үй жануарларының үйірі ауыстырады. Солтүстік Американың аудандарында адамдар келегенге дейін шамамен 75 млн бизондар тіршілік етеді. Ол бизондар жерүсті өсімдіктерінің өнімділігінің жартысын құрайтын және аудандағы зат айналымды тездететін 400 млн т-ға жуық шөптерді жеген. Бизондарды толығымен адамдар құртты. Олардың орнын жайылымда сиыр және қойлар үйірі ауыстырды. Бірақ адамдар өзщдерінің табысы үшін мал басын көбейтуден және барлық ауданда малдың көп жайылуынан зардап шекті. Топырқа эрозиясын күшейтіп, жайылымның өнімділігі төмендеді.

9. Бірлестіктің өзін-өзі реттеуі және өзіндік дамуы табиғатта әртүрлі масштабта өтеді. Желден құлап түскен ағаштардан қайтадан орман түзілу үшін бірлестіктің қалпына келу процесі өте ұзақ. Өсімдік әлемі немесе жануарлардың бұрынғы қалпына келуі ондаған жылдарға созылады. Егер бұзылған жер ауданы неғұрлым үлкен болса, қалпына келу процесі соғұрлым ұзаққа созылады. Жаппай кесіп тасталған немесе өрт болған бірлестіктің қалпына келуі үшін 100-200 жыл уақыт керек.