рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ.

ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ. - раздел Менеджмент, САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ 1.жіҚ-Нің Негізгі Түсінігі. 2.Қр ЖіҚ-Н...

1.ЖІҚ-нің негізгі түсінігі.

2.ҚР ЖІҚ-нің міндеттері мен функциялары.

 

Негізгі ұғымдар:1.Жедел іздестіру шарасы-ол бір немесе бірнеше тапсырмаларды шешуге бағытталған жедел іздестіру қызыметі.Ол нақты тұлға немесе жалпы түрде болуы мүмкін.

2.Жалпы сақтандыру шаралары-ол құқық бұзушылықтың алдын алу үшін себеп-салдарды анықтауға бағытталған.

3.Арнаулы шара-ол құқық қорғау органдары тарапынан ЖІҚ-ін жұргізуге бағытталған,қылмыстың алдын-алу, бетін ашу жөніндегі ашық немесе құпия дайындалған шаралар.

4.Жедел іздестіру шаралары-ол арнаулы бір немесе бірнеше тапсырмаларды шешіге бағытталаған шаралар жиынтығы.

5.Жедел іздестіру қызметінің бағыты-ол жедел іздестіру қызыметі бойынша белгілі бір органдардың,олардың бөлімдерінің белгілі бір бағыттағы тапсырмаларды шешуі.

6.ЖІҚ-нің түрлері-ол ЖІҚ-нің бір немесе бірнеше тапсырмаларын шешуге бағытталған,өз тәсіл,әдісі мен құралы,күші бар ЖІҚ-нің түрі.

7.Жедел іздестіру процесі-белгілі бір мақсатқа жету жөніндегі ЖІҚ-нің сатылары

ҚР-дағы Жедел Іздестіру Қызметі-ол ғылыми негізделген, ҚР-сы Конституциясына, (Жедел іздестіру қызыметі туралы) Заңға және басқа нормативтік құқықтық актілерге негізделген,арнаулы уәкілетті органдардың, өз құзіретіне сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, өмірі мен денсаулығын және басқа да заңды мүдделерін, сол сияқты меншікті, қоғамның қауіпсіздігін және мемелекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған және шет мемелекеттердің арнаулы барлау органдарының және халықаралық ұйымдардың барлау-бүлдіру әрекеттеріне қарсы ашық және жасырын түрде жүлгізілетін жедел іздестіру қызыметі туралы іс-шара.

Жедел іздестіру қызыметінің жалпы түсінігі оның теориясымен тікелей байланысты.

Жалпы теория дегеніміз-ол нақты түрде белгілі бір білім, білімдер жүйесі арқылы, бір жүйеге келтірілген, жинақталған және белгілі бір шындықтың сәттерін суреттейтін, түсіндіретін және оның қызымет етуін алдын-ала жалпы жинақ түрінде көрсету болып табылады.

Ал ЖІҚ-нің теориясы, азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін, меншікті, қоғам мен мемелекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдары мен арнаулы қызымет органдарының қызыметін анықтау болып табылады. Оның мазмұны :жедел іздестіру қызметі,құқықтық негіздері, субьектілері, обьектілері, ЖІҚ-не қатысушы органдар, тұлғалар, жедел іздестіру шаралары, мақсаты, міндеттері, жедел іздестіру шараларының нәтижелері, оны жүргізу негіздері , жедел іздестіру процесі т.б. арқылы ашылады.

ЖІҚ-нің маңызы,құқық қорғау мен арнаулы қызымет органдарының алдына ( Жедел іздестіру қызметі туралы)-заң арқылы қойылған тапсырманы шешу үшін бағыт беру және оны қамтамасыз ету.Сөйтіп Заңда көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыру және іске асыру.

Жедел іздестіру пәні-ол қылмыстың ізін кесу,анықтау,алдын-алу және тергеу ісі жүргізілгенде қолданылатын тәсілдерді зерттеу пәні болып табылады.Оны Криминалистика пәнімен ара қатынасынан көруге олады.Мысалы:криминалистика проблемаларын зерттегенде,оның тәсілдері мен әдістемелерін қарастырғанда,жедел іздестіру қызметінің мүмкіндіктері ескеріледі.

Криминалистика қылмысты ашу жолындағы әдіс, тәсіл мен әдістемесі болып табылса, жедел іздестіру қызыметі оны пайдаланудың әдістемесі. Криминалистика мен жедел іздестіру қызыметі қылмыстық Заң талаптары бойынша адамның, қоғамның мүдделерін қорғауда бірімен-бірі сәйкес келеді, бірігіп кеткендей болып көрінеді. Бірақ олардың бір-бірінен түпкілікті мынандай айырмашылығы бар:

Криминалистика қылмыс және онымен байланысты оқиға,оның обьектілерін іздеу, зерттеу, олар туралы хабар беруші немесе хабарды ұстанушы обьектілерді зерттеу, оны жинау болып табылады, яғни қылмысты анықтау, ашу, жолын кесу, алдын-алу.

Ал Жедел іздестіру қызыметінің функциясы жеке тұлға, ұйым, олар туралы қылмыс жасаған немесе жасауы тиіс, құқыққа қарсы іс әрекеттерді зартеу болып табылады.

Криминалистикадағы субьект тұлғалар: тергеуші, анықтау органы, сараптамашы-криминалист болып келсе, Жедел іздестіру қызыметіндегі тұлғалар:заң бойынша көрсетіліп бөлінген, оны жүргізуге құқық берілген құқық қорғау және ЖІҚ-н жүргізетін анрнаулы функциясы бар мемелекеттік орган. Оның сипаттамасы:арнаулы сырттай ашық және жасырын қадағалау, оны іске асыруға арналған құрал-сайманы,көмектесушілерінің болуы.

2. ҚР ЖІҚ-нің міндеттері мен функциялары.

Жедел іздестіру қызыметінің міндеттеріне мыналар жатады:

-Адам мен азаматтардың өмірін, денсаулығын ,құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін, меншік түріне қарамастан меншігін,қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау.

-Қоғамның, мемелекеттің және оның экономикалық, қорғаныс қабілетін арттыруға ықпал ету.

-Қылмысты анықтау, оның бетін ашу, алдын-алу, сақтандыру шараларын іске асыру.

-Заңға сәйкес анықтау, тергеу және сот органдарынан жасырынған адамдар жөнінде іздестіру шараларын жүргізу, сол сияқты хабар -ошарсыз жоғалған адамдар немесе басқа да жағдайлар жөнінде іздеу шараларын жүргізу.

-Шет елдердің арнаулы барлау органдары мен халықаралық ұйымдардың барлау-бүлдіру іс-әрекетін анықтау,а лдын-алу, сақтандыру, жолын кесу жөніндегі іс-әрекеттерді іске асыру.

-ҚР-сы Президенті мен өзге де күзетуді қажет ететін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

-Мемелекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз ету.

-Мемелекеттік немесе басқа да заңмен қорғалатын құпиялардың сақталуын қамтамасыз ету, сол сияқты ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындардың, меншік түріне қарамастан коммерциялық құпияларын сақталуын қамтамасыз етуге байланысты шаралар жүргізу.

-Бас бостандығынан айыру органдары мекемелерінде, қылмыстық атқару заңына сәйкес, режимді сақтау туралы шаралар қолдану.

-Жедел іздестіру қызыметін жүргізу органдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

ЖІҚ-нің функциялары:

1.Құқық қорғау функциясы-заңда көрсетілге тәртіппен қүш, құрал және жедел іздестіру әдістемесін азаматтарды, қоғамды,мемелекетті қорғауда қолдану.

2.Арнаулы функция-қоғам мен мемелекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ішін арнаулы күштерді, құралдарды, әдістемелікті қолдану.

3.Құқық қорғау органдары-құқыққорғау міндеті жүктелген мемелекеттік органдар.

4.Арнаулы қызымет-ол ұлттық мүддені,қоғамды және мемелекетті оның ішкі, сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған арнаулы күш пен құрал,әдістеме қолданатын қызымет органы.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

За факультеті... Ылмысты ы ты п ндер... БЕКІТЕМІН...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
    0850301 «Заңтану» мамандықтары үшін   Оқыту формасы: күндізгі, сырттай    

С И Л Л А Б У С
  0850301 «Заңтану» мамандықтары үшін Оқу түрі: күндізгі Курс: 2 Семестр: 6 Кредит саны: 2 Барлық

Р ЖІҚ-нің ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ”.
  1.ЖІҚ-нің қайнар көзі және құқықтық негіздері. 2. ЖІҚ-нің принциптері. 3. ЖІҚ-ін ж

ЖІҚ-нің ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫЛЫҒЫ, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.
  1.ЖІҚ-ін жүзеге асырушы органдары. 2.ЖІК-ін жүзеге асырушы органдарының міндеттері. 3.ҚР ЖІҚ-ін жүзеге асырушы органдарды

ТАҚЫРЫП-4. .
“ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗЫМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚАТЫСУШЫ ТҰЛҒАЛАР” 1.ЖІҚ-ін жүзеге асырушы органдарының қызметкерлері

ТАҚЫРЫП-5
“ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚОРГАУ ОРГАНДАРЫМЕН ӘРЕКЕТТЕСТІГІ”

ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІН ІСКЕ АСЫРУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ.
1.ЖІҚ-ін іске асыру шараларының түсінігі және маңызы. 2.ЖІҚ-ін іске асыру шараларының түрлері және маңызы. Негі

ТАҚЫРЫП-7. АРНАУЛЫ ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ШАРАЛАРЫ
Сұрақтар: 1.Арнаулы жедел- іздестіру арнаулы шараларының түсінігі 2.Жедел іздестіру арнаулы шараларын жүргізу негіздері 3.Ж

ТАҚЫРЫП-9.
“ ЖІҚ-Ін ЖҮРГІЗУ БАҒЫТТАРЫ” Сұрақтар: 1.ЖІҚ-і функциясының құқық қорғаудағы ма

ТАҚЫРЫП-12.
“ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ПРОЦЕСІ” 1.Жедел іздестіру процесінің түсінігі,оның құқық қорғаудағы функциясы. 2.Жед

Негізгі және қосымша әдебиеттер.
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30-тамыз 1995 ж.қабыл. 2.”ҚР-дағы Жедел іздестіру қызыметі туралы” Заң,15 қыркүйек 19

Дәрістің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
      Тақырыптардың атауы Сағат саны      

Семинарлық сабақтардың тақырыптық жоспары
    Тақырыптардың атауы Сағат саны       Дәріс

СӨЖ тақырыптық жоспары
    Тақырыптардың атауы       сағ. саны Апта.

РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1.ЖІҚ-ін жүзеге асыруға қатысушы тұлғалардың құқықтық және әлеуметтік жағдайын қорғау.

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги