Р ЖІҚ-нің ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ”.

 

1.ЖІҚ-нің қайнар көзі және құқықтық негіздері.

2. ЖІҚ-нің принциптері.

3. ЖІҚ-ін жүзеге асырудағы заңдылық кепілдіктері.

Негізгі ұғымдар:Әлеуметтік-құқықтық қағида, Заңдылық, ЖІҚ-нің ұйымдастырушылық қағидасы, ЖІҚ-нің тактикалық қағидасы,

1.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемелекеттің ең жоғарғы байлығы болып адам, оның өмірі мен бостандығы танылған.Сондықтан кәзіргі Қазақстан қоғамында жоғарыдағы құндылықтарды қорғау ұшін заң жүзіндегі кепілділік жүйесі құрылып, қоғамды, мемелекетті және жеке тұлғаның қауіпсіздігін, конституциялық мәртебесін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғай алатындай ұйымдастыру шаралары жасалған. Ол шаралардың өзі бірнеше құқықтық нормативтік актілердің талаптарын қатаң сақтауды және олардың негізін қалайтын қағидалар жүйесі арқылы іске асады. Ал жедел іздестіру қызыметі талаптарын орындау кезінде жеке тұлғаның бостандығы мен құқықтарына өз әсерін тигізбей қоймайды. Кейбір жедел іздестіру қызыметінің шаралары мемелекеттік мәжбүрлеу арқылы жоғарыдағы құқықтарды шектейді. Мысалы, жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде белгілі бір тұлға жөнінде жеткілікті түрде қүдіктеніге негіз болғанда, оның жеке басын куәлендіретін куәлігін, өз құзіреті шегінде әкімшілік ұстау, мекен жайын, жұмыс орнын, пошта тапсырыстарын, телефондарын тыңдау т.б. шараларды іске асыруға тура келеді. Оның бәрі заңмен реттеліп және оның талаптары сақталуы керек, сондықтан жедел іздестіру қызыметі шараларын іске асырудың тәртібі, шектері аталып көрсетілуі қажет.

Жедел іздестіру қызыметінің құқықтық негіздері дегеніміз-ҚР-ның Конституциясына негізделген,Жедел іздестіру қызыметі туралы Заң,сондай-ақ ҚР-ның басқа да заңдары мен нормативтік құқықтық актілері,қалыптық құжаттары.Олар ЖІҚ-і тұлғаларының мақсаты,міндетін,қүш пен құралдарын,және оны жүргізу әдістерін өз құзіреті шегінде жүргізуін реттейді.

Сонымен ЖІҚ-нің құқықтық негіздеріне мыналар жатады:

1.ҚР Конституциясы.

2.ҚР-ның 15 қыркүйек 1994 ж. қабылданған ,ЖІҚ-ті туралы -Заңы

3.ҚР-ның 26 маусым 1998 ж.қабылданған, ҚР-ның ұлттық қауіпсіздігі туралы-Заңы

4.ҚР-ның Президентінің 1 сәуір 1996 ж.Жарлығымен бекітілген,ҚР-ның Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті туралы-Ереже

5.ҚР-ның ұлттық қауіпсіздік органдары туралы,1995 ж.21 желтоқсандағы-Заңы

6.Прокуратура туралы ҚР-ның 1995 ж.21 желтоқсандағы -Заңы

7.ҚР-ның ішкі істер органдары туралы,-1995 ж.21 желтоқсандағы -Заңы

8.ҚР-ны Президентінің күзет қызыметі туралы-1995 ж.3-қазандағы –Заңы

9.Қылмыстық процеске қатысушыларды мемелекеттік қорғау туралы-Заң күші бар Жарлық.

10.Қылмыстық,қылмыстық іс жүргізу,әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекістер.

11.Ведомстволардың нормативтік құқықтық актілері.

12.Үкіметтің қаулылары.

13.Халықаралық және мемелекетаралық келісім шарттар. Т.б жатады

2. Жедел іздестіру қызметінің қағидаттары,заңдылық,жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау,қадыр қасиетін құрметтеу,азаматтардың заң алдындағы теңдігі,осыған сәйкес астыртын әрекет ету,жария және жария емес әдістерді ұштастыру,кәсіби әдеп негізінде жүзеге асыру болып табылады.

Оны шартты түрде үш топқа бөліге болады:Әлеуметтік құқықтық, ұйымдастырушылық және тактикалық.

Әлеуметтік-құқықтық қағида- ҚР-ның Конституциясына сәйкес, ЖІҚ-нің әлеуметтік-құқықтың маңызын ашып көрсетеді. Оны былай деп қарауға болады:

1.Заңдылық.ЖІҚ-ін іске асырушы орган қызыметкерлері ҚР-ның Конституциясы, Конституциялық Заңдарында көрсетілген, Халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидалары мен Ережелерін басшылыққа алуы керек.

Сол сияқты ҚР-ның халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерін,ҚР-сы Конституциялық кеңесі мен Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының нормаларын сақтауы тиіс.

Қылмыстық ізге түсу органдарының ЖІҚ шараларын іске асыру кезінде заң талаптарын бұзуға жол берілмейді. Егер заң талаптары бұзылса, онда ол заңмен белгіленген жауаптылыққа, ал заңсыз іс қимылдар, заңсыз деп танылуға олардың күшін жоюға алып келіп соғады.

2.ЖІҚ-нің ұйымдастырушылық қағидасы.ЖІҚ-ті Қазақстан аумағының әкімшілік бөліністеріне қарай аудандық,қалалық,облыстық әскери құрамдардың орналасқан аумағына қарай құрылады

ЖІҚ-ті маңызы жағынан белгілі бір обьектілерге бағытталып, яғни қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлық, барлау және қарсы барлау,шет елдер мен ұйымдарға бағытталып ұйымдастырылады.

3.ЖІҚ-нің тактикалық қағидасы-ол ЖІҚ-нің негізгі бағыттарын қамтиды, олар:

Құпиялылық, жеке бас қауіпсіздігі,ашық және құпия әдістерді қолдану, тәуекел, алға қойған мақсатқа жету, қәсіби әдеп. Бұған қосымша белгілі бір арнаулы күш пен құралдарды дайындау,пайдалану

3.ЖІҚ-н жүзеге асыру кезіндегі негізгі кепілдік ҚР-ның Конституциясына сәйкес заңдылықтың сақталуы. Адамдардың құқықтары мен бостандықтары заңда көрсетілген тәртіппен және шекте ғана іске асырылуы тиіс және ол конституциялық құрлыс пен қоғамдық қауіпсіздікті, адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ете алатын шекте ғана болуы тиіс

ЖІҚ-н реттеу заңының жария түрде болуы, кез келген тұлғаның, ЖІҚ-н жүргізуші органның іс әрекетіне шағым келтіре алуы, егер тұлға туралы жедел іздестіру шаралары негізінде оның кінәсі анықталмаса, оның құқықтары мен бостандықтарына ықпалын тигізген іс құжаттарымен танысу, ал ол тұлғалар туралы оның жеке өмірі, қадыр қасиеті туралы мәліметтерде құқық бұзушылық белгілері жоқ болса, ол мәліметтердің жойылуға жататындығы,, ЖІҚ-н жүргізуші органдар туралы қадағалауды прокуратура жүргізетіндігі осылар құқықтық кепілдік негіздері болып танылады.