ТАҚЫРЫП-4. .

“ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗЫМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚАТЫСУШЫ ТҰЛҒАЛАР”

1.ЖІҚ-ін жүзеге асырушы органдарының қызметкерлері.

2.ЖІК-і органына құпия көмек көрсетуші тұлғалар.

3.ЖІҚ-не жасырын көмектесудегі туындайтын мән-жайлар.

Негізгі ұғымдар:Кадрлық немесе штаттағы жедел іздестіру құрамы, Ашық жедел іздестіру қызыметі.

1.Өткен дәріс сабағында ЖІҚ-ін жүзеге асыру органы субьектілері ретінде Ішкі істер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті,Қорғаныс министрілігінің әскери барлау органдары, Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі, Президенттің күзет қызыметі, Әдлет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі және Кеден органдары екенін атап өттік.Олар заңда көрсетілген құқықтар мен міндеттерді өз құзреті шегінде , өз жұмыстарында басшылыққа алады.

Бірақ олар өздеріне жүктелген міндетті өз қызыметкерлері немесе ашық не жасырын түрде көмек көрсетуші адамдар арқылы іске асырады Осы адамдар өздерінің алдарына қойылған тапсырмаларды іске асырарда өздеріне берілген белгілі бір құқықтарды пайдалана алады және алдарына қойылған міндеттерді атқарады. Осы жағынан алып қарағанда аталған адамдарды ЖІҚ-нің тұлғалары деп тануға болады. Бірақ барлығын жалпы жеке тұлға деп емес, құпия көмек көрсетуші белгілі бір ЖІҚ-н жүргізуге қатысушы тұлға ретінде танылады. Сөйтіп ол адамдар ЖІҚ-нің күштері қатарына кіреді.

ЖІҚ-н жүзеге асыруға қатысушы түлғалар,яғни күштерді 3 атегорияға бөлуге болады:кадрлық немесе штаттағы жедел іздестіру қызыметкері, штаттан тыс жедел іздестіру қызыметкері ,жасырын көмекшілер:

1.Кадрлық немесе штаттағы жедел іздестіру құрамы. Ол дегеніміз жедел іздестіру қызыметін жүзеге асыруда ұйымдастырушылық, іске асырушылық және қамтамасыз етушілік қызыметті атқаратын әскери қызыметкер.

ЖІҚ-і алға қойған белгілі бір міндетке және оны шешуіне байланысты қадрлықтың өзі ашық және жасырын болып екі түрге бөлінеді.

Ашық жедел іздестіру қызыметі құрамына басқару қызыметін атқарушы ЖІҚ-і жатады.Олар функционалдық қызыметіне сәйкес,өзі қызымет атқаратын органның атынан ашық тұрде іс әрекет атқару құрамына,өзінің функционалдық қызыметін атқаруға байланысты,өзінің ол органның қызыметкері екенін жасыратын,басқа ведомстволар,ұйымдар атынан көрінетін қызыметкерлер танылады.

2.Штаттан тыс жедел іздестіру қызметкері .Олар ҚР-ның азаматтары. Бұл азаматтар өздерінің жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес ЖІҚ-інің алдына қойған тапсырмаларын шешуге мүмкіндігі бар және өз еркімен жұмыс жасауға келісім дерген адамдар. Олар негізінен бұрын құқық қорғау органдарында жұмыс жасаған, жедел іздестіру қызыметін білетін әскери адамдар болуы мүмкін, бұл қатегорияға басқа адамдар да тартылуы мүмкін.

3.Жасырын көмекшілер.Олар өздерінің жеке бас ерекшеліктеріне қарай ЖІҚ-нің алға қойған тапсырмаларын шешуге мүмкіндігі бар, өз еркімен жасырын түрде көмек көрсетуге келісім берген адам.

2.Жедел іздестіру қызыметі туралы-Заңның 8-бабы 1-тармағы «б»бөлігінде,ЖІҚ-ін жүзеге асырушы органдарға құпия көмек көрсетуге келісім берген адамдармен тегін немесе ақылы негізде ынтымақтастық қатынас орнатуға уәкілеттік берілгені айтылған.

Ал 13 баптың 2-бөлігінде жекелеген азаматтар өз қалауы бойынша, жедел іздестіру қызыметін жүргізу органдарымен қызымет жасау құпиялылығын сақтай отырып, өз келісімімен жедел іздестіру шараларын әзірлеуге және жүргізуге,оның ішінде келісім шарт бойынша тартылуы мүмкін екені көрсетілген. Бұл адамдар аталған шаралар жүргізілген кезде өздеріне мәлім болған мағлұматтарды құпия ұстауға және аталған органдарға көрнеу жалған хабарлама бермеуге міндетті.

ЖІҚ-н жүргізуші органдар кәмілетке толған,әрекет қабілеті бар адамдармен олардың азаматтығына, ұлтына, жынысына, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, біліміне, қандай қоғамдық бірлестіктерге жататынына , саяси, діни сеніміне қарамастан ынтымақтасу туралы келісім-шарт жасай алады. Келісім шарттың түрі, оның қолдану шарты мен ведомстволық қалыптық құжаттармен белгіленеді. Жасырын көмектесуші тұлғаларсыз ЖІҚ-н жұзеге асыру мүмкін емес. Оның қажеттілігі және маңызы ертеден белгілі.

Теория мен іс тәжрибеде,жасырын көмек көрсетуші тұлғаның,өз еркімен көмек көрсетуге келісім беруінің себебін анықтау маңызды болып танылады. Осы себепті үш түрге бөлуге болады,олар:

1. Идеологиялық тұрғыдан. Ол оның қылмыспен күреске көзқарасы, сенімділік идеясы. Соны іске асыру үшін жасырын көмек көрсетуге келісім береді.Ол саяси,құқықтық, діни, ар-ождан, этика, эстетикалық т.б. тұрғыдан туындауы мүмкін.

2.Моралдық-психологиялық.Ол мораль мен психологияға байланысты туындайды. Мысалы:құқық қорғау органы қызыметкерімен достық қарым қатынас, туыстық, сенімділік, өзін-өзі көрсету, кек алу т.б.түрінде орын алуы мүмкін.

3.Материалдық мүдде.Материалдық жағынан пайда табу, басқадан жоғары тұру т.б.түрінде.

Бүдан басқа көмек көрсетуге міндетті тұлғалар, олар: Минстрліктерде, ведомстволарды т.б жерлерде лауазымдық қызмет атқарып, лауазымына байланысты көмек көрсетушілер.

3.Жедел іздестіру қызыметі, бір-біріне қарама қайшы тұрған тұлғалардың кұресі. Сондықтан ол оған қатысушылардың өміріне, денсаулығына, туған туыстарына қауіп төндірумен байланысты қызмет.

Жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде жоғары деңгейде психологиялық және физикалық ауыр күшті көтеруге тура келеді. Сондықтан ЖІШ-на қатысушыларды әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қорғау қажеттілігі міндетті түрде туындайды.

Осы мәселелер құқық қорғау органдары туралы заңдарда тәпіштеліп қөрсетілген.Бірақ соның ішіндегі маңыздысы 1 қаңтар 2001 ж. »Қылмыстық процеске қатысушыларды мемелекеттік қорғау туралы»-Заң т.б.

Осы заңдарда әлеуметтік, құқықтық кепілдіктер қарастырылған. ЖІҚ-н жүзеге асыруға органдарға жәрдемдесетін азаматтар мемелекет қорғауында болады және олардың құқықтарын қамтамасыз етуге және міндеттерді орынауға кепілдік беріледі, атап айтқанда:

Қаза болған адамдар жөнінде оның отбасына, асыраундағы адамдарға мынандай көмек көрсетіледі:

-ақылы негізде ынтымақтастықпен қызымет істеп,қаза болған адамның 10 жылдық ақшалай ақысы мөлшерінде бір жолғы жәрдем ақы

-ақысыз енгізде ынтымақтастықпен қызымет істеген адам үшін 10 жылдық мөлшерде ең төменгі жалақы соммасы мөлшерінде бір жолғы жәрдем ақы.

Мертіккен, денсаулығына зақым келсе :

-ақылы негіздегіге 5 жылдық ақшалай ақысы мөлшерінде бір жолғы жәрдем ақы.

-ақысыз негізде 5 жылдық ең төменгі жалақы мөлшерінде бір жолғы жәрдем ақы төленеді.