Аравиядағы Ваххабиттер қозғалысы.

 

Сирия, Ливан, Палестина, Хиджаз, Йемен, Тунис, Египет, Алжир ж т.б. араб елдері XVI ғасырдың өзінде-ақ Осман империясының құрамында болды.

Әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан Араб елдері әртүрлі болды. Осман империясы жаулап алған Араб елдерінде феодалдық құрылыс үстемдік етті. Осман империясындағы жоғарғы титул – сұлтан.

Сұлтан үкіметі басып алған жерлер сұлтанның меншігі деп жарияланды (Вакф жерлерінен басқа жерлер). Сирия және Иракта орныққан олар жер иеленудің түрік жүйесін таратты. Ал Осман империясындағы қалған араб провинциялары-Египетте, Тунисте, Алжирде, Триполи және Йеменде, әл-Хасе мен Басрада жергілікті феодалдар жерлерді сақтап қалды. Бұл областарға жыл сайын салық салынып, оның бір бөлігі сұлтан қазынасына жіберілді.

Түрік және араб жер иеленуші феодалдар феллахтарға натуралық, ақшалай салықтар және басқа да алымдар салды. Шаруалар сұлтан, паша және араб феодалдары тарапынан қанауға ұшырады. Жан-жақтан қанауға ұшыраған шаруалар наразылық білдіріп, көтерілістерге шықты.

Ірі араб феодалдары орасан зор байлық жинады. Олар өздерінің шамамен кірістерінің үштен бір бөлігін сұлтан қазынасына құйып отырды.

Жалпы Араб елдерінде қол өнері жақсы дамыды. XVIII ғасырда Сирия, Ливан, Иракта түріктерге қарсы көтерілістер жүрді. 1769 жылы орыс-түрік басталды. 1774 жылы Кучук-Кайнарджи келісімі бойынша көптеген жерлер Ресейдің құрамына өтті. Осы соғысты пайдаланып Египеттің билеушісі Али- бей Египетті тәуелсіз деп жариялады. Ол кезде Египетті мәмлүктер билеп жатты. Египет портқа қарсы соғыс жүргізді (сұлтанның үкіметі – порт д.а.). Осындай түріктерге қарсы көтеріліс солтүстік Палестинада Шейх-Дагирдің бастауымен жүрді.

1771 жылы көтеріліске шыққан египеттіктер Дагир әскерінің қолдауымен Дамаскті басып алды. 1774 жылы орыс әскерлері Бейрутқа кіргізіледі (Ливан). 1775 жылы Сирия мен Ливандағы көтерілісті түріктер басып тастады.

XVIII ғасыр 40 жылдың ортасында Аравиядан түріктерге қарсы Вахаббиттер қозғалысы туындады. Ваххабизмнің негізін салушы дінбасы Мұхаммед ибн Абд әл-Ваххаб. Бұл қозғалыс діни қозғалыс болып саналды.

1786 жылы Ваххабизм Неджде (Орт. Арабия) толық жеңіске жетіп, Саудид династиясының бастауымен ірі феодалдық мемлекет құрылды (Сауд Арабия).

XVIII ғ. 80 жылдары Ваххабиттер Парсы шығанағы жағалауына Бахрейнге, Кувейтке, Оманға, Маскардқа өздерінің ықпалын орнатты.

Парсы шығанағында ваххабиттердің мүддесі осы ауданға өздерінің флотын жіберген ағылшын Ост-Инд компаниясының мүддесімен тоғысты. XIX ғ. басында Ваххабиттер Хаджазды басып алып бүкіл Арабия түбегін біріктіретін үлкен мемлекет құрды. Маскаттың сұлтаны, Йеменнің имаматы, Саудидтің әмірлері Ваххабиттерге салық төлеп тұрды.

1803 жылдан бастап Аравидағы қасиетті орындарға мінарат етіп келуші әлем мұсылмандарының саны сирей бастады.

ХҮІІІ ғ.ІІ жартысы-ХІХ ғ. басында ваххабиттер Аравия түбегін толық бсып алды.

XVIII ғ. аяғында Иракка жасаған жорықтары сәтсіз аяқталды. Вахаббидтердің көздеген мақсаты Араб елдерін толық басып алу болды.