Мұхаммед Али бастаған басқыншылпарға қарсы көтеріліс.

 

XVIII ғ. II жартысынан бастап Европа елдері Араб елдерін өздерінің тауар өткізетін рыногына айналдыру жоспарын іске асыра бастады. 1789 жылдың 2 шілдесінде француздар Александрияны басып алды, ал 21 шілдеде пирамида түбегіндегі француздар мен египеттіктер арасында шайқас болды. Жеңіске жеткен Напалеон әскерлері Каирды тонау әрекетіне кірісті.

1798 жылы тамызда Адмирал Нельсон бастаған ағылшын эскадрасы Абукир бухтасын басып алып, француздарға соққы берді. Елде көтерілістер басталды. 1798 жылы Каирда өткен басып тастаған Напалеон Сирияға қарсы жорық жүргізді. 1799 жылы Аль-Алши, Газа, Яффа, Хаиф жерлері басып алынды.1799 жылы генерал Клевер порт уәзірімен Аль-Арште конвенцияға қол қойды. Келісім бойынша француздар 45 күннің ішінде Каирді, 90 күн ішінде Египеттен кетуі қажет болды. 1800 жылы Египет Франция отары деп жарияланды. Елде қайтадан француздарға қарсы көтерілістер жүрді. 1801 жылы Египет азат етілді. 1801 жылы Туркия мен Франция арасындағы келісім бойынша Египет сөз түрінде Түрік сұлтанының сувернитетіне қайтарылды. 1803 жылы мамырда Каирды полковник Мұхаммед Али бастаған мәмлүктер мен ауғандардың біріккен күші басып алды. Египетте екі мәмлүк бейі және Мұхаммед Али басқарған триумверат басқарды. Кейіннен М. Али мәмлүктерге қарсы күрес жүргізіп, ол көтеріліс басып тасталынды.

1811 жылы мәмлүктер Египеттен қудалана басталды. 1812 жылы жоғарғы Египетте мәмлүктер княздығы жойылып Мұхаммед Али Египеттің билеушісі деп жарияланды. Билік басына келген ол аграрлық реформа жүргізді. Налог жүйесін құрды, қазына кірісі өсті, Египет филлахтарының (шаруа-ң) жағдайы өзгерді, өңделетін жер көлемі ұлғайды.

1818 жылы Египетте мемлекеттік фабрика салынды, өндіріс орындары ашылды, халық саны өсті. 1818 жылы Александрия халқының саны 60 мыңға жетті, жеке меншік монополиялар өсті. Бірақ майда қолөнершілер жұмыссыз болды, әскери салада да реформалар жүрді. 1829 жылы бірінші араб газеті «Египет жаңалығы» басылып шықты. Сыртқы саясатында Мұхаммед Али Түрік сұлтанына тәуелсіз мемлекет құруды көздеді. 1811 жылыол Араб шығысы территориясында үздіксіз соғыстар жұргізді. 1822 жылы шығыс Суданды басып алды. 1824-1827 жылдары порт үкіметінің нұсқауы бойынша грек көтерілісін басып тастауға қатысты. 1831 жылы Мұхаммед Али Сирия, Палестинаға жорық жасады. Бұл жорықты Ливан әмірі Башир II қолдады. Сирия, Ливан, Палестина Египеттің құрамына кіріп, жоғарғы билеуші ретінде Мұхаммед Алидің баласы Ибрахим Паша тағйындалды. Мұхаммед Али мемлекетінің күшеюі Европа елдерін мазалады.

Европа елдері Түркия мен Египет арасын шиеленістіріп, 1839 жылы порт Египетке қарсы соғыс ашты. Мұхаммед Али 1840 жылы Лондон конвенциясы бойынша өзінің әскерлерін Сирия, Ливан, Палестина, Криттен шығарып, Осман империясының әскерлерін қайтарды. Мұхаммед Али тек Египет пен Суданға ғана билігін сақтап қалды, әскеінің саны 18 мыңға қысқарды.

Европаның араласуы нәтижесінде Мұхаммед Алидің империясы жойылды.