Азаматтық соғыс және антижапондық майданның құрылуы

1. І д.с. басталысымен елдің президенті Юань Шикай Қытайдың бейтараптылығы туралы жариялады. Қытай үкіметі соғысушы державалардан қытай жерінде соғыс өртін жүргізбеуді сұрады. Бірақта 1914 жылы 22 тамызда Жапония өзінің 30-мыңдық экспедициялық корпусын Циндао портына жақын жерге түсірді. Екі ай шамасында Шандун түбегіне толықтай Жапон бақылауы орнатылды.

1915 жылы 18 қаңтарда Жапония Юань Шикайға өзінің «21 талап» деп аталатын ультиматумын қойды. Бұл талапты толық орындаған жағдайда Қытайға толықтай Жапон мемлекетіне тәуелді болу қаупі төніп тұрды. Юань Шикай өте ауыр жағдайға тап болды. Өйткені Қытай әлсіз болғандықтан Жапонияға қаулы жолмен қарсы тұра алмайтын еді. 1915 жылы 9 мамырда ағылшын және американ төтенше өкілдерінің кеңесімен «21 талаптың» жинақталған түрін қабылдауға келісті. Бұл күн Қытайда ұлттық масқара күні деп жарияланды.

1916 жылы 6 маусымда Юань Шикай жүрек ауруынан кенеттен қайтыс болды. Ол қайтыс болғаннан кейін орталық үкімет әлсіреп, біртіндеп генерал-милитаристердің қолына өте бастады. Біресе таратылып, біресе қайта шақырылған парламенттің рөлі төмендеді.

2. І д. соғыс қытай қоғамының ішіндегі қайшылықтарды шиеленістіре түсті. Маңызды салаларда шет ел капиталы өзінің позициясын нығайта түсті. Көптеген темір жол мен банктер шетелдіктердің меншігінде болды. Сыртқы сауда, байланыс құралдары мен кедендік салықтар да шетелдіктердің бақылауына өтті.

І д. соғыс аяқталуы Қытайдағы революцияның жаңа өрісінің бастамасы болды. 1921 жылы жас қытай жұмысшы табы топтастырылған Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) құрылды. 1922-1923 жж. жұмысшы және шаруалар қозғалысы өрістеп, кәсіподақ қозғалысы бой көтерді. 1924 жылы өткен Гоминданның І конгрессінде коммунистер қатысып, Гоминдан мен ҚКП-ның біріккен майданы құрылды. 1924 жылы 31 мамырда КСРО мен Қытай арасында дипломатиялық қатынас орнату туралы келісімге қол қойылды.

1925 жылы 1 шілдеде Гуанчжоу үкіметі өзін Қытайдың ұлттық үкіметі деп жариялап, елді біріктіру үшін күресе бастады. 1926 жылы шілдеде Гоминдан әскерлері өздерінің атақты Солтүстік жорықтарына кірісті. Нәтижесінде Гоминдан мен ҚКП бақылауындағы территорияларға Нанкин, Ухан және басқа да қалалар мен провинциялар кірді. 1927 жылы көктемде басқолбасшы Чан Кайши Шанхайда өзінің ұлттық үкіметін құрды. Бұл Гоминдан мен ҚКП біріккен партиясының арасына іріткушілік тудырды.

3.Елдегі жағдай 30-шы жж. ортасына қарай күшейіп, әлсіз мемлекет алдында жапон агрессиясы қаупі төнді. 1937-1938 жж. жапондықтар Пекин, Тяньцзинь, Шанхай сынды Қытайдағы маңызды провинциялар мен ірі қалаларды басып алды. Чунцинде орныққан Чан Кайши жапондықтарға қарсы шығып, ҚКП Қарулы күштерін антижапондық күреске шақырды. Бірақ күрестің бірігуіне саяси қайшылықтар кедергі келтірді. 1927 жылдың аяғында ұйымдастырылған бірнеше көтерілістер сәтсіздікке ұшырады. 1928-1930 жылдары елдің бірқатар аудандары коммунистердің бақылауына өтіп, Кеңестер құрылды. 1931 жылы Жуйцзинде Қытай Кеңестік Республикасын құрған Кеңестер съезді құрылды. Орталық және Оңтүстік Қытай провинцияларында коммунистер мен Гоминдан арасында азаматтық соғыс басталды. Бірақта жапон интервенциясы, қытай қоғамындағы әртүрлі әлеуметтік топтар арасында туындаған патриоттар жауласқан жақтарды татуластыруға тырысты. 1937 жылы 8 шілдеде ҚКП Орталық Комитеті бұқара халықты жалпы ұлттық соғысқа және ұлттық патриоттық біріккен майдан құруға шақырды. 1937 жылы қыркүйекте қытай басылымдарында ҚКП Орталық Комитеті мен Гоминдан үкіметінің екі партияның ынтымақтасуы туралы ұсынысы жарияланды. Антижапондық біріккен ұлттық майданы 1924-1927 жж. біріккен майданынан ерекше болды. Гоминдан Сунь Ятсен кезіндегідей бұқара халықтың мүддесін қорғаған жоқ, керісінше әртүрлі жекеменшік-помещиктер, банкирлер, фабрика иелері мен көпестердің мүддесін жақтады. Қаншалықты біріккен майдан құрылғанымен олар империалистік державалар мен қытай милитаристеріне қарсы шықпай, тек Жапонияға қарсы шықты. Бірақта екі бәсекелес күштер біріккен майданға қарамастан, өз беттерінше жеке күресуді жөн көрді.

1945 жылы тамызда КСРО Жапонияға қарсы соғыс ашып, Квантун әскерін талқандай отырып, Манчжүрияны басып алды. ІІ дүниежүзілік соғыс аяқталғанымен Қытай жерінде бейбітшілік орнаған жоқ. Азаматтық соғыстың жаңа кезеңі басталды.