Дәріс. 1914-2013 жж. Үндістан.

1947 жылы 15 маусымда Үндістанның тәуелсіздігінің заңы қабылданды. Жаңа мемлекет Англияның доминион достастығының мемлекеті ретінде танылды. Құрылтай жиналысының төрағасы- Ранжендра Прасад, бірінші премьер-министр – Джававахарлал Неру, сонымен қатар, өкімет басында саяси- партиялары болды. Жаңа мемлекетте жаңа конституция, субьективті федерация қатынастарымен және шекараны белгілеу жұмыстары жүргізілді.1947 жылы княздықтарды біріктіру ұйымы құрылып, оның өкілі В.Патель болды.1947-1949 жж аралығында 601 ден 555 Үндістан княздығына кірді , ал қалғандары Пәкістан құрамында болды. Кашмир мен Хайдарабадта жағдай өте ауыр болды. 1948 жылы осы жерлерде Үндістаннның ұлттық өкілі, үндістер мен мұсылмандарды қосуға ұмтылған зиялы ұлт өкілі Мохандаса Карамчанда Ганди көз жұмды.

Дж. Неру, В.Патель, П.Ситарамайи басшылығымен құрылған комитет Конгрессте ұлттық штаттардың құрылуына қарсы болды.1949 жылы қазан айында Құрылтай жиналысында жаңа Конституция жобасы қабылданып, 1950ж 26 қаңтарда күшіне енді және сол күн Республика күні болып саналды.

Конституцияның ерекше бөлімдері. 1950 жылғы Үндістан. Президент – басқарушы орган. Орталық парламент екі палатадан тұрды: ұлттық парламент (Лобсабха) және штаттар кеңесінен (Раджья сабха). Ұлттық палата тікелей сайланды, мерзімі 5 жыл. Ал, кеңестер штаттардың сайлауы кандидаттардың арасындағы көп дауыс жинаған кандидат палата депутаты бола алды, мерзімі 6жыл . Сайлау құқығы 21 жастан асқан азаматқа берілді. Сондай-ақ, Үндістан - штаттар одағынан тұрды, алайда конституция бойынша «Орталықтандырылған федерация» болып саналды.

1950 жылғы конституция бойынша штаттар 3 группаға бөлінді:а)Британдық Үндістанның бұрынғы провинциялары (Уттар – Падеш, Бихар, Мадрас, Бомбей, Ассам)Басқару жүйесі губернатор, штат үкіметі, екі палаталық ассамблея; б) Бұрынғы княздықтар(Джамму, Бхарат, Кашмир, Хайдарабад, Майсур т.б.) в) бұрынғы бастыкомиссарлық провинциялар (Дели, Трипура, Андаман аралдары, Локкадив аралдары, Кург, Кач т.б. ) басқару жүйесі губернатор штаты немесе президенттің белгілеуі арқылы жүзеге асты.