Ндістан Республикасы. Үндістан Республикасының құрылуының алғышарттары

Үндістан Республикасының тәуелсіздігінен кейін мемлекетте қоғамдық және саяси партиялар пайда болды. Сондай-ақ, Үндістан Ұлттық Конгрессінің (ҮҰК) ішінде 2 қоғам болды. Дж. Неру қоғамы «аралас экономиканың» даму статусына өту және мемлекеттік секторлардың, аграрлық реформалардың және әлеуметтік бағдарламаларға ерекше көңіл бөлді. Ал, В. Патель мен П. Тандон қоғамы экономиканы дамыту жолында жеке меншікке, елді халықаралық капиталистік жүйеге өткізу және батыс елдері секілді (әсіресе Британ мемлекеті), экономиканы дамыту жолдарындағы стратегияны ұстануды қолдады. Б. Патель саясатының қысымынан, бірнеше өзге париялардың пайда болуына әкелді (шаруашылық-жұмысшы партиясы, социалистік партия). Сонымен қатар, комунистер мен майда буржуазиялық пратияның одағының нәтижесінде: Форвард блогы, Революция- социалистік, Махараштраның жұмысшы-шаруалар партиялары және т.б. партиялар құрылды.

Бірінші жалпыхалықтық сайлауда 1951-1952жылы ҮҰК жеңіске жетіп, орталық пен штаттарда бір партиялық билік жүргізілді. 1950 жылы әкімшілік жүйе конституцияда белгіленді. Үндістанда жаңа буржуазиялық қоғамдар құрыла бастады, пайда болуына – социалистік және жалпы демократиялық радикалды қозғалыс әсер етті. Социалистік идеялогия элементтері Үндістанды «социалистік қоғам» ретінде халық жағдайын жақсарту арқылы жүзеге асырды. 1976жылы 42-ші өзгертулерінде Үндістан – «социалистік, егеменді, демократиялық» мемлекет болды.

Екінші жалпыхалықтық сайлауда 1957 жылы ҮҰК қайта жеңіске жетті. Коммунистер билігі 1957жыл мен 1959 жыл аралығында ғана болды. 50-ші жылдарда аумақтық партиялар штаттар кеңесінде өз ықпалдарын күшейтті. 50-ші жылдардың екінші жартысында аумақтық партиялар қоғамның саяси өміріне өз ықпалын тигізе бастады. Елде касталық шиеленіс туындады.

1957 жылы Үндістанның Республикалық партиясы құрылды. Орталықтары – Махараштра мен Уттар – Падеште болды. Партияның құрылуы Федерациялық ерекше касталар (ФНК) арқылы жүзеге асты. 1942 жылы Б.Р.Амбедкар ФНК-дың негізгі өкілі болды.

Касталық бәсекелестік касталық ассоцацияда ғана емес, федерацияда да жүрді. Билік үшін талас «жаңа элита» және ескі брахман лидерлерінің арасында жүрді , билікке талас ҮҰК билігінің әлсіреуіне әкелді.

Үшінші жалпыхалықтық сайлауда ҮҰК 1962 жылы дауыс пайызы 1957 жылмен салыстырғанда 6 млн азайды, ал Савантра мен Джан сангх позициялары күшейді. 1962 жылғы сайлау өте күшті болғандықтан, бірнеше қоғам таптарының өкілдері конгрессисті депуттарға қарсы шықты. 1963 жылы оңдықтар парламентте Неруді биліктен кетуді талап етті. Ішкі Конгрессте жаңа «синдикат» тобы құрылды. Топтардың арасындағы саяси шиеленісті жаңа премьер- министр Л.Б. Шастри тоқтатты.

Социалистік қозғалыс ыдырай бастады. Біріккен социалистік партия екіге бөлінді: социалистік партия және халықтық – социалистік партия. Социалистердің жарты бөлігі Ашок Мехттің басшылығымен Конгресске кетті.

1964 жылы коммунистік қозғалыс ыдырады. ҮКП- ның 6-ші сьезінде (1964ж) екі программа жобасы дайындалды. Нәтижесінде компартияға параллель коммунистік партия құрылды, бас хатшысы– П.Сундарай басшылығымен жүзеге асты. Сонымен қатар, мемлекет ішінде бірнеше партиялар өз үстемдігін орнатты. ҮКП және ҮКП(м) 1964 -1980 жылдар аралығында негізгі қарсыластар ретінде танылды. 1966 жылы ҮҰК партиясы таратылып, орнына Үндістан революция партиясы құрылды және сол жылы премьер-министр Л.Б.Шастри отставкаға кетіп, билік басына И.Ганди келді.

1972 жылғы бесінші сайлауда ҮҰК партиясы жеңіске жетіп, конституцияға өзгертулер енгізуге құқық алды. 70 жылдарының оппозициялық күштер ерекше орын алды. Мемлекетке қарсы ашық саяси акциялар жүргізілді. Халық партиясыз билікке ұмтылды. 1974-1975жж Бихаре, Гуджератта, Уттар-Падеш және Махараштрада халық қозғалыстары жүрді. 1975 жылы 26 маусымда ҮҰК «20 пунктен тұратын бағдарлама» жобасын дайындады. Бағдарламада - әлеуметтік базаны, ҮҰК лидерлерінің билігін күшейтті. Сонымен қатар, «Жастар конгрессінің» басшысы, премьер министрдің баласы Санджай Ганди бірнеше жұмыс жүргізді. Оның бағдарламасы 5 пунктен тұрды:1)сауатсыздықпен күрес; 2) бала туылуына шектеу қою; 3) көшелер тазалығын сақтау және т.б.

1977жылы 6-ші бүкілхалықтық сайлауда оппозициялық коалиция Джаната фронт М. Десаи басшылығымен жаңа партия құрылды. Бұл сайлау ҮҰК үшін сәтсіз болды. 1 мамыр 1977 жылы сьезде Үндістанның демократиясы, әлеуметтік және саяси билікті тұрақтандыруға кірісті. Алайда, Джаната өз билігін ұзақ сақтаған жоқ. 1980 жылғы сайлауда ҮҰК билікке қайта оралды. 1984 жылы И. Ганди өлтіріліп, орнына баласы С. Ганди мемлекет басшысы және ҮҰК өкілі ретінде жарияланды.

1989 жылғы 9 – ші сайлауда ҮҰК (и) парламенттік сайлаудан отставкаға кетіп, «кіші билік» В.П. Сингх билігінің басшылығымен құрылады.

1991 жылы 9-ші кезексіз сайлау өтті. Сайлау кезінде В.П. Сингхтің билік жүргізуге қабілетсіздігі танылып, орнына ҮҰК (и) билік басына келді. Осы кезде кеңес- үнді қатынастары орнайды. Ерекше көңіл батыс елдермен байланыс орнатуға жүргізіледі. 1996 жылы 11-ші парламенттік сайлау өтті. Негізгі бір-біріне қарсы партиялар ҮҰК, БДП, ОФ арасында БДП жеңіске жетеді, алайда тек 13 күн ғана билік жүргізгеннен кейін, билік ОФ партиясының қолына өтеді. Жаңа премьер-министр орнына И.К.Гуджарал тағайындалады. Конгрессистер Р.Ганди өлімі И.Гуджаралға қылмыс ретінде айыптап, 1997жылы отставкаға кетуін талап етеді.

1998жылы парламенттің кезексіз қайта сайлауы өтеді. Нәтижесінде БДП жеңіске жетеді. 1998ж 19 наурызда Үндістан президенті Р.К. Нараянан Атал Бихари Ваджпаиды премьер- министр етіп ағайындайды.

Үндістанның бүкіл тәуелсіздігінің даму жолында партиялық билік жүйесі екіге бөлінді: жалпыхалықтық және аумақтық болды. Бірінші Үндістанның 10 жылдық тәуелсіздігінде аумақтық партиялық билік қалыптасса, ал 70 жылдардан жалпыхалықтық билік жүзеге асты.