Дәріс. 1914-2013 жж. Азиядағы араб елдері.

Адамзат тарихының қазіргі заман кезеңінде Батыс Азиядағы араб елдері Осман империясының құрамына кірді. І дүниежүзілік соғыс кезінде Англия араб елдерін өз жағына тартуға ұмтылып, соғыстан кейін тәуелсіз араб мемлекетін құруға уәде берді. 1916 жылы мамырда ағылшын-француз құпия келісімне қол қойылып, келісім негізінде Иракта (Месопотамия) және Трансиорданияда Англияның, Сирия мен Ливанда Франция үстемдігі орнады. Палестина Антанта елдерінің біріккен басқармасы бақылауына берілді. І дүниежүзілік соғыс Осман империясының түпкілікті түрде құлауына әкелді. Бірақ дербес мемлекеттер тек Сауд Аравиясы мен Йеменде құрылды.

Соғыстан кейін империалистер араб елдеріде өздерінің үстемдігін бекіту үшін Ұлттар лигассының мандаттық жүйесін қолданды. Ирак, Трансиордания және Палестина Англияның Сирия мен Ливан Францияның иелігіне өтті. Англия Аравия түбегіндегі бірқатар княздықтарға бақылауын күшейтті.

Палестина Англияның мандаттық территориясы болып жарияланғанмен, палестинаның саясаты Палестинада «еврей халқы үшін ұлттық ошақ» құру және халықаралық сионистік қозғалысты қолдау туралы 1917 жылғы 2 қарашада шыққан Бальфур декларациясымен айқындалды. Бальфур декларациясына АҚШ, Франция және Италия үкіметі қосылды. Англия Палестинаға еврей капиталының енуін және еврейлердің көшіп келуін кеңінен қолдады. Сионистік ұйым әртүрлі қолдау тауып, отаршылдарға жалға беру үшін жерлерді сатып алды. Нәтижесінде экономикалық және саяси қиын шарттар қалыптасып, оны Англия араб-еврей өшпенділігін жандандыру және Палестинадағы арабтардың ұлт-азаттық қозғалысын басып тастау үшін қолданды.

Империалистік державалардың үстемдігін орнату арабтардың бостандық пен тәуелсіздікке ұмтылуын басқан жоқ. Араб елдерінің ұлт-азаттық қозғалысы Азиядағы араб елдерін жайлай түсті.