ХІХ ғ. қарай елдің жағдайы.

 

XVII ғасырдың ортасында Иран Сефевидтер династиясы билеген феодалдық аграрлық мемлекет болды. Сефевид мемлекетінің құрамына Иран территориянан басқа XVI-XVII ғ. басып алынған Закавказье, Кавказдың бір бөлігі, Орта Азия, Ауғанстанның батыс бөлігі, Герат, Фаррах, Кандасар, Билуджистан кірді. Негізгі экономикасын жер шаруашылығы, мал шаруашылығы, қолөнер құрады. Иран тұрғындарының көбісі шиизмді ұстанды. Иранның мемлекеттік діні деп танылып, уағыздалды.

XVII ғ. II жартысында Сефевидтер мемлекеттері экономикалық құлдырау үстінде болды. Елдің сыртқы саяси жағдайы нашарлап, ішкі сауда әсерлеп, қазына кірісі азайды, шах сарайында парақорлық етек жайды. Ақсүйектер арасында билік үшін күрес күшейді.

Сефевидтік Иранның әсерленуінің негізгі себебі: феодалдық езгінің күшеюі, таптық күрестің шиеленісуі, басып алынған халықтың қарсыластығының өсуі.

XVIII ғ. басында Сефевидтер мемлекеті ауыр дағдарыс үстінде болды. Сефевидтер мемлекетінің әлсіздігін пайдаланған ауғандықтар 1722 жылы 22 қазанда ел астанасы исфаханды басып алып, шах сұлтан Хдайн тақтан құлатылды. Мир Махмуд өзін иранның шахы деп жариялады.

Осыдан кейін Кун, Кашан, Казвин, орталық Иранның басқа қалаларын басып алды. Бірақ халық көтерілісінің нәтижесінде ауғандықтар қуылды. Иранның солтүстік облысында Хусейн шахтың ұлы Тахмасы өзін шах деп жариялады, ауғандарға қарсы күш жинай бастады. Иранның ішкі жағдайын пайдаланып, Туркия 1723 жылы Закавказьеге басып кіріп, Тифлисті басып алды. Иранның солтүстік бөлігі Туркияның қоластына өтті.

Осы кезде Ресейдің патшасы I петрдің сыртқы саясаты жандана түскен кез. 1722 жылы I Петр өзінің парсы жорығын жасады. Дербентті орыс әскерлері басып алып, Энзилен мен Решке жорық жасалды. І Пертдің парсы жорығынан кейін Закавказье халқының азаматтық күресі күшейді.

Елдегі ауғандарға қарсы күресті түрік тайпасы авшардан шыққан Надир хан басқарды. 1729 жылы 29 Дамган түбегіндегі шайқаста ауған әскерлері Надир хан әскерлерінен жеңілді.

1730 жылы ауғандықтар Иран территориясынан қуылды. Осы жылдан бастап билеуші надир хан болды. 1730-1755 жылдары Надир хан басқарған Иран түріктерге қарсы сәтті соғыстар жүргізді. 1736 жылы феодалдық ақсүйектер мен дін өкілдерінен тұратын құрылтай жиналысында Надир шахтың ішкі саясаты елді орталықтандыруға бағытталды. Мемлекеттің территориясын кеңейту, қазынаны толтыру мақсатында надир шах жаулап алу соғысын жүргізді. 1736-39 жылдары Индияға жорық жасады, 1739-41 жылдары Синт, Бұқара, Хәрезмге жорық жасады, 1737-38 жылдары, 1741-43 жылдары Оманға жорық жасады, 1741-43 жылдары Дағыстанда сәтсіз болды. 1743-45 жылдары Месопатамияны басып алу маңында Туркиямен нәтижесіз соғыс жүргізді. Бұл соғыстар елдің өндіргіш күштерін тоқтатып, салық езгісі күшейді, қала халқы мен шаруалар күйзеліске ұшырады.

XVII ғасырдың 30-40 жылдары елдің әр түрлі облысында шах үкіметіне қарсы көтерілістер күшейді. 1747 жылы маусымда надир шах Хорасанда өлтірілді. Оған қастандық жасалды. Ел тұтас экомоникасы саяси бірлігі жоқ феодалдық иеліктерге бөлініп кетті. Ауғанстан жерінде ахмет шах Дурани басқарған жеке мемлекет құрылды. 1760 жылы оңтүстік Ираннан шыққан Зент тайпасының көсемі керім хан Хорасаннан басқа Иранның көп бөлігін басып алды. 1779 жылы ол өлген соң елде қайтып қырқыстар болды. 1794 жылы ага Мохаммед хан басқарған кажарлар тайпасы Зенттерді талқандап, иранға билігін орнатты. Ага Мохаммед хан 1795 жылы грузияға тонаушылық жорық жасады. 1796 жылы өзін шах деп жариялады. Иранда жаңа Каджарлар мемлекет астанасы

1797 жылы қастандықпен Ага Мохаммед шах өлтіріліп, орнына немере інісі Фадх Али шах келеді (1797-1834).

XVIII ғ. аяғынан бастап Таяу және Орта Шығысындағы экспансия үшін елді плаздармаға айналдыру мақсатында Англия мен Франция Иранның ісіне араласа бастады. 1796 жылы иранды англияға қарсы күресте пайдалану мақсатында тегеранға Франция өкілдері келе бастады. Иранды басып алу және француздардың Үндістанды басып алу жоспарларының іске асыруына кедергі жасау үшін жасады. 1800 жылы Индиядан өзінің өкілі Малькгальмді Тегеранға жіберді. 1801 жылы шах ағылшындар мен француздарды Иранды жібермеу және егер де Франция индияны басып алған жағдайда Иран әскерін Ауғанстанға жіберу туралы саяси және сауда келісіміне қол қойды. Бұл келісім Ресейге де қарсы бағытталды. 1801 жылы грузия Ресейге қосылды. Патшалық Ресей мен Иранның Закавказье жерін иелену үшін күрсеі 1804 жылы І Иран – орыс соғысына әкелді.

1805 жылы Ресей мен антинаполеондық коалиция құрған Англия иранға көмектеспеді. 1806 жылы Ресей мен Англияға қарсы одақ құру үшін Наполеон Тегеранға өз өкілін жіберді. 1807 жылы 4 мамырда Иран – Франция келісіміне қол қойлды. Шах Англиямен қатынасын үзді. Сондай-ақ Англияға қарсы соғыс ашып, Франция әскерін Үндістанға өткізу үшін ауғандарды мәжбүр етуге және француз кемелдігі үшін парсы шығанағы портын ашуға міндет алды. Келісім-шарт негізінде шах әскерін қару-жарақ пен жабдықтырушымен қамтамасыз етуге міндет алды. Сондай-ақ Франция Ресейді Иранға, Грузия мен Закавказье жерін беруге уәде берді.

1807 жылы 7 шілдеде орыс-француз қарым-қатынасының келіс-бітімі халықаралық жағдайда өзгеріс әкелді. Шах қайтып ағылшындармен жақындаса бастады. 1809 жылы наурызда Тегеранда ағылшының өкілі Харфард Джонс Франциямен қатынасты үзуді мойнына алған алдын ала келімге қол қойды. 1810-11 жылдары Англия шахқа 3 жүз мың субсиди ретінде 600000 туман және қару, әскери инструкторлар жіберді. Бірақ бұл көмек Иранға пайда әкелген жоқ.

1812 жылы асландуздағы шайқаста Иран әскерлері талқандалған соң бейбітшілік келісімдерге қол қоюды бастады. 1813 жылы 12 қазанда гулистан билік келісіміне қол қойды. Келісім бойынша Иран Дағыстаннан, Грузиядан, Солтүстік Азербайжаннан бас тартты. Ресей Каспий теңіз флотын ұстауға құқық алды. Иран мен Ресей арасында еркін сауда қатынастары орнады. Бұл келісім ағылшындардың Иранды бағындыру жоспарына кедергі болды. Бірақ 1814 жылы 14 қараша жаңа ағылшын-иран келісіміне қол қойылды. Англия жыл сайын 200 000 т субсиди төлеуге уәде берді. Англия Гулистандағы бекітілген Орыс-иран шекерасын қайта қарастыруға мүмкіндік алып беруге уәде етті. 1814 жылы ағылшын-иран келісімі шахтың сыртқы саясатына ағылшын бақылауын орнатуға мүмкіндік берді. Бұл келісім елдің саяси тәуелсіздігіне кедергі болды. 1826 жылы шілдеде шах әскерлері орыстарға қарсы ІІ иран-Орыс соғысын ашты.

1827 жылы Орыстар Ереван, Кибриз, Хой, Марант қалаларын басып алды. 1828 жылы 10 ақпанда Иран-Орыс соғысын аяқтаған Түрік-менчай бейбіт келісіміне қол қойылды. Келісім бойынша Иран мен Ресей арасындағы шекара Аракс өзені бойынша бөлінді. Шығыс Армения Ресейдің құрамына кірді. Иран ресейге 20 млн. котребуция төлеуге мәжбүр болды. Ресейдің Каспий теңіз флотын ұстауға құқығы бекітілді. Бұл келісімге қол қою ирандағы орыс-ағылшын қайшылығын шиеленістіре түсті. Ресейдің елшісі Грибаедов өлтірілген соң ағылшындар Иранда өз позициясын бекіте түсті. Олар XIX ғ. ІІ жартысында гератты толық басып алуға ұмтылды. Бұған патшалық ресей қарсы болды. 1837 жылы ирандағы патша өкіметінің итермелеуімен Мұхаммед шах рератқа жорық ұйымдастырды. Оған жауап ретінде ағылшындар 1838 жылы өз әскерін Парсы шығананыға шоғырлап, Харг аралын басып алды. 1838 жылы қарашада англия иранмен дипломатиялық қатынасын үзді. Бұл қатынас 1841 жылы қазанда қайта орнатылып, ағылшын-Иран сауда келісіміне қол қойылды.

1845 жылы Франция, Австрия және тағы басқа Иранмен сауда келісіміне қол қойылды. Осындай тең құқықсыз келісімдер 1856 жылы АҚШ-пен орнатылды. Тең құқықсыз келісімге қол қойылу Иранға шетел капиталының енуіне жағдай жасады. Еуропа елдері Иранды тауар өткізетін рынокқа айналдырды.