Белград бітіміт және 1740ж. тізе бүгу.

 

17-18 ғасырларда Осман империясы Азия, Еуропа және Африка территорияларын иемденген алып держава болып қала берді. Осман империясы өзінің қол астына көптеген халықтар мен тайпаларды топтастыра отырып, маңызды сауда жолдарын бақылап отырды. 16 ғ-дың ортасынан бастап империяда қоғамдық-саяси құрылыс қалыптаса бастады. Бұл 18 ғ-дың аяғына дейін созылды. 17-18 ғасырларда қалыптасқан аграрлық құрылыс жеке меншіктің күшеюімен сипатталады. Көптеген жеке меншік поместьелер-чифтликтер пайда болды. Чифтликтердің құрылуы ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныс көп аудандарда, яғни Балқан және Кіші Азия аудандарында басымдырақ болды. 18 ғ-дың аяғына дейін тұрақты болған ауылшаруашылығы күйзеліске ұшырай бастады.

17-18 ғасыр бойы Осман империясының экономикалық жағдайының күрт төмендеуі қаржы қайшылығына байланысты болды. Бұған себеп, қазынаға түсетін салықтың азаюы, мемлекеттік кірістің қысқаруы, бағалы металлдың жетіспеушілігі. 1652 ж. бюджетте 120 млн. акча жетіспеді. 1661ж. 175 млн. акчаны құрады. Осы дефицитті жою үшін салықты 3 жыл бұрын жинады. Күмістің жетіспеушілігін Еуропа көпестері пайдаланды. Елде ақша құнсыздана бастады. Елге валюта емес ене бастады. Кедейшілік, тонаушылық және езгі Осман империясы құрамындағы халықтарды күйзеліске ұшыратты. 17-18 ғ-дағы феодалдардың ауыр езгісі антифеодалдық көтеріліске әкелді. 1651 ж. Стамбулда қолөнершілермен саудагерлердің көтерілісі жүрді. Көтерілістің себебі, Ұлы уәзір Мелек Ахмед Пашаның кезекті рет акчадағы күмісті азайтуы және құнсыз ақшаны жіберу әрекеті. Ол кезде саудагерлер Сұлтан Мехмед ІV кездесуді талап етіп, сапасы төмен акчены жоюды ұсынды. Сонымен қатар жаңа салықты жоюды талап етті. Сұлтан бұл талаптарды қабылдауға мәжбүр болды.

1645 ж. Крит аралы үшін күрес 20 жылдан астам уақытқа созылды. 1669 ж. басып алынған аралды жаулау кезінде Осман империясы жарты млн. адамыннан айырылды. 1672-76 жылы Польшамен, 1676-81 ж Ресеймен болған соғыстарда Осман империясының көздеген мақсаты Украинаны басып алу болды. Әлсіреген Польша Украинаның оңтүстік жағалауымен Каменец-Подольск қорғанын беруге мәжбүр болды. 1681 ж. Бахчисарай келісімі бойынша Осман империясымен Ресей арасындағы шекара болып Днепр мойындалды. Бірақ, Киев және оған жанасып жатқан территориялар Ресейдің құрамында қалып қалды. 1683 ж. Түрік әскерлері (Кара Мустафа паша болған түрік әскерлері батыс Венгрияға еніп, Венаны жаулауға кірісті) Венадағы жеңіс 1684 ж. құрамына Австрия, Польша, Венгрия, Мальта, кейіннен 1686 ж. Ресей кірген антиосмандық коаллиция «Қасиетті Лиганың» құрылуына әрекет етті. Түрік әскерлері Будапешт, Белград, оңтүстік Грецияны тастауға мәжбүр болды. «Қасиетті Лиганың» құрылғанын пайдаланған Балқан халықтары Түрік езгісіне қарсы күресті күшейтті.

Империяның жағдайы нашарлап, сипахай әскерінің саны азайып, қуаты кеміді. 1696 ж. Петр І әскері Азов маңын, 1697 ж. Австрия әскерінің қолбасшысы Евгений Савойский Тиса өзеніндегі түрік әскерін талқандады. Бұл соғыс бейбіт бітімге әкелді, 1699 ж Карловиц бейбіт бітімі бойынша Австрия, Венгрияны түгелдей Трансильванияны, Славонияны, Польшаны иеленуге, Украинаның оңтүстік жағалауымен Подольяны қайтадан қайтаруға қолы жетті. Ресеймен бітім 1700 ж. Константинопольда жасалды. Ресей өзіне Азов және оған жанасып жатқан территорияларды иеленді.

Осылайша Осман империясының өзі бастаған жаулап алу соғыстары үлкен шығынға әкелді. Елде ішкі және сыртқы саясат бойынша өзгерістер енгізу қажеттігі туды. Әскерді қайта құру көзделді. Соғыс сәтсіздіктері билеуші топтар ішіндегі күресті шиеленістірді. Бюрократиялық топтың мүддесін Ұлы уәзір Дамад Ибрагим паша қолданды. Ол Австриямен бітім жасауды және қатынасты қайта қалпына келтіруді көздеді.

Елде ішкі жағдайды тұрақтандыру мемлекеттік және соғыс шығындарын қысқарту қарастырылды. 1729 ж. үкіметтің бұйрығы бойынша әскери салық енгізілді. Елде наразылық туды. 1730 ж. Стамбулдағы қала көтерілісін Патрон Халил бастады. Көтеріліс туралы хабар Порт министрлерін әбігерге түсірді. Сұлтан сарайындағы әбігерді пайдаланып, көтерілісшілер қаланың көп бөлігін өздерінің бақылауына алды. Сарйды көтерісшілердің қоршап алуы сұлатның тізе бүгуіне мәжбүрледі. 1 қараша 1730 ж. Сұлтан Ахмед III тақтан кетуге мәжбүр болды. Таққа жаңа сұлтан Махмұд І келді. Жаңа үкімет сыртқы саясатында орыстарға қарсы шықты. 1735-39 ж. орыс-түрік соғысы жүрді. Стамбулдағы француз елшісі Маркиз Вильнёв Түркияны түріктерді бейбіт бітім жасауға мәжбүр етті. Осман империясы өз территориясын сақтай отырып, Австриядан 1718 ж. кеткен жерлерді қайтарып алды. 1739 ж-ғы орыс-түрік келісімі бойынша Ресейге Азов қайтарылды. Вильнёвтың түріктерге көмегі қымбат түсіп, 1740 ж. жаңа келісімге отырды.