рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Реформа кезењіндегі Осман империясы.

Реформа кезењіндегі Осман империясы. - раздел Домостроительство, Дәріс. Кіріспе. Капитализмнің қалыптасуы мен даму барысындағы Азия және Африка елдері Xviii ғасырдың Соңы Мен Xix ғасырдың Басында Ос...

XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Осман империясы құлаудың аз-ақ алдында тұрды. Француз революциясының идеялары Балқан түбегі мен Эгей теңізіндегі грек аралдарына еніп, осы жердегі империяның қол астындағы халықтардың ұлт-азаттық көтерілістерінің жандана түсуіне серпіліс берді. Сондай-ақ империяның кең аумағында феодалдық қырқыстар да үдей түсті.

Империяның ішінде дағдарыс кеңінен етек алды. Қазына ортайып, жаулап алушылық соғыстарының сәтсіздігі, янычарлар көтерілісі, пашалар мен аяндардың өзбеттерінше билік жүргізе бастауы, империя құрамындағы халықтардың ұлт-азаттық көтерілісі, бірқатар областардың бөлінуі кеңінен белең алды. Билеуші топтар осы дағдарыстан реформа арқылы шықпақ болды. Реформашыларды 1789 жылы таққа отырға Селим ІІІ сұлтан (1789-1807)қолдаған болатын. 1792 -1796 жылдары Селим армияны қайта құру туралы үкім шығарды. Әскери қызметтен бас тартушылардың иеліктері қайтарылып алынатын болды. Әскери инженерлік училищелер ашылды, шетелдік нұсқаушылардың көмегімен 23 кеме қатарына соғыс флоты құрылды. Оқ-дәрі зауыты, қару-жарақ қоймасы, киім және аяқ киім тігетін фабрикалар салынды. Батыс Европалық ғылыми трактаттар мен әскери ережелер түрік тіліне аударылды. III Селим сұлтан жүргізген шаралар «низам-и- джедид» (жаңа жүйе) деген атқа ие болды.

Дегенмен сұлтанның әлеуметтік тірегі сенімсіз сипатта болды. Көптеген феодалдар мен мұсылман дін басылары реформаға қарсы болды, өйткені олар өздері пайдаланып жүрген жеңілдіктерінен айырылатынын білді. Реформаны ерекше дұшпандықпен қабылдаған янычарлар әскери салада жүргізіліп жатқан реформа янычарлар корпустарын жояды деп түсініп, сұлтанға қарсы феодалдық бүліктер бастады.

Әйтседе 1798 жылы шілдеде Наполеон Бонопарт бастаған француз армиясы Осман империясының иелегіндегі- Египетке келіп түсірілгенде III Селим янычарларға бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болады.

1806 жылы қысында орыс әскері Молдаван мен Валахияға басып кіріп, 1807 жылы көктемде түрік әскері орыстарға қарсы тұрады. Стамбулда төңкеріс жүрді. Дәстүрге сәйкес әскерді ұлы уәзір бастап, көптеген министрлер соғысқа аттанған болатын. Осы пайдаланған реформаның қарсыластары сұлтаннан құтылуға тырысады. Ұлы уәзірдің

көмекшісінің басқауымен сұлтанға қарсы құпия қастандық ұйымдастырлып, Селим ІІІ тақтан түсіріледі. Билікке келген жаңа сұлтан IV Мұстафа (1807-1808) янычарлар мен улемдерді қолдап, барлық реформаға тыйым салады. Бұған наразылық танытқан реформаны жақтаушылар Рущук округінің (Болгария) беделі билеушісі Мұстафа паша Байрақтардыңтөңірегінде топтаса бастады. 1807 жылы Ресей мен Түркияның арасындағы келісімге қол қойылғанда, III Селимді таққа қайта отырғызу мақсатымен Байрақтар өз әскерін Стамбулға қарай аттандырды. Бірақ әскерлер Стамбұлға жақындап қалған кезде III Селим адам қолынан қаза тапты. Ал Байрақтар Стамбұлға кірген соң IV Мұстафаны тақтан түсіріп, оның ағасы Махмұд II (1808-1839) таққа отырады. Байрақтардың өзі ұлы уәзір болып тағайындалды. Елде реформа қайтадан басталды. Янычарлардың ашық наразылығына қарамастан, Байрақтар батыл іс-қимылдар жүргізді. Бірақ 1808 жылғы Стамбұлдағы янычарлардың бүлігі кезінде Байрақтар қаза тапты. Оның жақтастары өкіметтен аластатылды. Сұлтан Махмұд ІІ Османның тікелей соңғы ұрпағы болғанымен, елдегі реформаларды шамамен 20 жылға ысырып тастауға мәжбүр болады.

Осман империясының әлсіздігі мен құлдырауын пайдаланып, батысевропалық мемлекеттер оның ұлан-ғайыр аумағын иемденуге ұмтылды. Осман империясының құрамына кіретін аумақтардың үлкен стратегиялық, экономикалық және саяси маңызы болғандықтан, Англия, Франция, Австрия мен Ресей оның иеліктерін жаулап алуға мүдделі болды. Осы державалардың әрқайсысы өзінің бәсекелестеріне саяси немесе экономикалық басымдылығын пайдаланып, Осман империясының аумағын тартып алуға талаптанды. Әрі Англия мен Франция сынды еуропа елдері Осман империясының қарамағындағы халықтардың ұлт-азаттық қозғалыстарына қарсы сұлтан үкіметінің күресін қолдады.

1807 жылы наурызда ағылшындардың 7 мыңдық десенттық әскерлері Александрияға түсіріледі. Бірақ Мұхамед Әлидің табандылығы арқасында ағылшын әскерлері талқандалып, Египеттен қуылады.

Осман империясының саяси тұрақсыздығын Ресей патшалығыда пайдаланып қалуға тырысты. Ресей езілген халықтардың түрік шапқыншылығына қарсы күресін желеу етіп, Балқан түбегіне орнығып, Қара теңіздегі бұғаздарды жаулап алуға ұмтылды. 1806-1812 жылғы кезекті орыс-түрік соғысында Осман империясы үшін сын кезең туды. Оған сылтау Ресейдің сербтер көтерілісін қолдауы болды. 1811 жылдың күзінде М.Кутузовтың әскері Осман империясының әскерін талқандайды. 1812 жылғы Бухарест бітімі бойынша Осман иелігіндегі Бессарабия Ресейдің құрамына қосылады. Сұлтан Сербияға өзін-өзі басқару мүмкіндігін беруге міндеттеме алады.

Осман империясы құрамындағы халықтардың бой көтерулері де елге кері әсерін тигізді. 1821 жылы Грекияда көтеріліс басталды. Морей мен Эге теңізі аралдарына тараған көтеріліс тәуелсіздік үшін жалпы халықтық қозғалысқа ұласты. Оның қарқыны мен күші Осман империясының жоғары билеушілерін абыржытты. Гректердің көтерілісін өз күшімен басуға сұлтан II Махмұттың жағдайы келмегендіктен, ол Египет патшасы Мұхаммед Әлиден көмек сұрады. Еуропалық үлгімен құрылған әскерін беруге келіскен Мұхаммед Әли Сербия мен Крит аралдарын өзіне беруді талап етті. 1824 жылы грек көтерілісін басу үшін түріктер Египеттің әскері мен флотын қолданды. Грек патриоттарының тәуелсіздік үшін күресі Еуропаның алдыңғы қатарлы жұртшылығының ынтымақтастығын оятты. Грекияға египет-түрік шабуылының ең ауыр кезеңінде басқа елдерден көптеген еріктілер келеді. Дегенмен, Ресей үкіметі мен еуропалық державалар өздерінің сыртқы саясаттағы жоспарын іске асыру үшін грек көтерілісін пайдаланып қалуға тырысты. Ресейдің жеке-дара күрес жүргізуіне Англия жол бермеді. 1826 жылы ағылшын-орыс хаттамасына қол қойылды, бұған Франция қосылды. Бұл державалар сұлтаннан гректерге бағытталған әскери қимылдарды тоқтатуды және оған автономия берілуін талап етті. Грек мәселесінде еуропалық державалардың әрқайсысының өзіндік жоспарлары бар екенін жақсы түсінген II Махмұд, олардың өзара қайшылықтарын пайдалануға тырысып, ультиматумды қабылдамады. 1827 жылы Мұхаммед Әлидің әскері көтерілісшілердің соңғы тірегі-Афиныны алды. Қазан айында Навария қойнауында Еуропа елдерінің флоты египет-түрік флотын талқандады. Египет патшасының әскері Грекияны тастап, еліне қайтуға мәжбүр болды.

Навариядағы жеңіс Ресейдің одан әрі шапқыншылық жасауына қолайлы жағдай туғызып, 1828 жылдың көктемінде Ресей Осман империясына соғыс жариялады. 1828-29 жылғы орыс-түрік соғысында Осман әскері толық жеңілді. 1829 жылы қыркүйек айында Андрианополь бітіміне қол қойылып, ол бойынша грузин және армян облыстары Ресейге қосылды. Түркияға контрибуция салынды. Шарттың ең маңыздысы-Сербия мен Грекияға автономия берілді. 1830 жылы Грекия тәуелсіз корольдік болып жарияланды.

Батыс еуропалық отаршылдардың империяға енуі мен орыс-түрік соғыстарындағы сәтсіздік Осман империясын әрі терең дағдарыс пен құлдырауға ұшыратты.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Дәріс. Кіріспе. Капитализмнің қалыптасуы мен даму барысындағы Азия және Африка елдері

Шы ыс д ст рлі атынастарды батыс отарлы капиталымен зара рекеті... XIX ая ы XX басында ы отарлы... Д ріс Х ІІ ортасы ХХ басында ы ытай империясы...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Реформа кезењіндегі Осман империясы.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Дәріс. Кіріспе. Капитализмнің қалыптасуы мен даму барысындағы Азия және Африка елдері.
Азия және Африка елдерінің жаңа кезеңдегі тарихыны капиталистік қатынастың пайда болуы және қалыптасуы кезеңі мен капитализмнің соң

Азияның оянуы.
  ХХ ғ. басында әлемді территориялық бөліске салудың аяқталуы монополистік капитализмге дейінгі отарлық жүйенің империализмні

Асырдың соңғы онжылдығындағы Цинь империясы.
  17 ғасырдың 30-40 жылдарында Қытай мемлекеті құлдырау кезеңінде тұрды. Салықтың шектен тыс көбейіп кетуі, шаруалардыv

Күрес.
  Жаңа дәуірде Жапония феодалдық-қоғамдық-экономикалық дамуда өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. XVII-XVIIIғғ. Жапонияда

Орыс-жапон соғысы және І д.ж.с. қарсаңы арасындағы Жапония.
  XIXғ. 80жж. Жапонияда өнеркәсіп тез дами түсті. Көптеген мемлекеттік өнеркәсіптер жеке меншікке беріле бастады. 1872ж. бірінші темір жол То

ХІХ ғ. қарай елдің жағдайы.
  XVII ғасырдың ортасында Иран Сефевидтер династиясы билеген феодалдық аграрлық мемлекет болды. Сефевид мемлекетінің құрамына Иран территория

Д.ж.с. қарсаңындағы Иран.
  XIX ғ. 40 жылдарында Зендан, Исфахан, Тебриз, Иезд облыстарында шах үкімдеріне қарсы халық көтерілістер басталды. Бұл көтерілісті секта Баб

Белград бітіміт және 1740ж. тізе бүгу.
  17-18 ғасырларда Осман империясы Азия, Еуропа және Африка территорияларын иемденген алып держава болып қала берді. Осман империясы өзінің қол аст

Империяның күйрей түсуі. Триполитан және балқан соғыстары.
  19 ғасырдың 70 жылдары Осман империясының шетел державаларына тәуелділігі ұлғая түсті. 1870-71 ж. Франция-Прусс соғыстарынан кейін, Т

Маратх мемлекетінің құрылуы.
  XVII ғ. Ортасына қарай ұлы Моғол державасы Үндістанның солт. және орталық бөлігін алып жатты. Оның құрамына а

Лттық сана-сезімнің өсуі.
  XIX ғ.ортасынан бастап Үндістан ағылшын капиталының көзіне айналды.Өзінің капиталын шай,кофе плантацияға қойды.1877ж. елде 52 т

Аравиядағы Ваххабиттер қозғалысы.
  Сирия, Ливан, Палестина, Хиджаз, Йемен, Тунис, Египет, Алжир ж т.б. араб елдері XVI ғасырдың өзінде-ақ Осман империясының құрамында болды.

Мұхаммед Али бастаған басқыншылпарға қарсы көтеріліс.
  XVIII ғ. II жартысынан бастап Европа елдері Араб елдерін өздерінің тауар өткізетін рыногына айналдыру жоспарын іске асыра бастады. 1789 жылдың 2 шілдес

Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
  ХІХ ғ. аяғына қарай Сирия, Ливан және Палестина экономикасында шетел, әсіресе француз капиталы үстемдік етті. Шетел империалистері Осман империяс

Д,с. қарсаңындағы және соғыс кезіндегі Жапония.
  1. 1914 жылы тамызда І дүниежүзілік соғысқа Жапонияның Антанта жағында кірісуі оларға Қиыр Шығыстағы неміс иеліктерін бас

Азаматтық соғыс және антижапондық майданның құрылуы
1. І д.с. басталысымен елдің президенті Юань Шикай Қытайдың бейтараптылығы туралы жариялады. Қытай үкіметі соғысушы державалардан қы

Д.с. қарсаңындағы және соғыс жылдарындағы Түркия.
  1914 жылы билік толықтай Энвер, Талаат, Джемальдан құрылған триумвират қолында болды. І д.ж.с. жас түрік лидерлері кайзерлік Германия жағын

Д.ж. с. қарсаңындағы және барысындағы Иран.
  І дүниежүзілік соғыс кезінде Иран өзінің бейтараптығын жариялап, соғысқа қатыспағанмен, оның территориясы екі коали

Дәріс. 1914-2013 жж. Үндістан.
1947 жылы 15 маусымда Үндістанның тәуелсіздігінің заңы қабылданды. Жаңа мемлекет Англияның доминион достастығының мемлекеті ретінде таныл

Ндістан Республикасы. Үндістан Республикасының құрылуының алғышарттары
Үндістан Республикасының тәуелсіздігінен кейін мемлекетте қоғамдық және саяси партиялар пайда болды. Сондай-ақ, Үндістан Ұлттық Кон

Шы жылдардағы Ауғанстан.
  ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін 1946 жылы Ауғанстанда билікке келген жаңа кабинетті корольдің ағасы Шах Махмұд басқарды. Осы кез

Дәріс. 1914-2013 жж. Азиядағы араб елдері.
Адамзат тарихының қазіргі заман кезеңінде Батыс Азиядағы араб елдері Осман империясының құрамына кірді. І дүниежүзілік соғыс кезінде Англ

Дәріс. Оңтүстік Шығыс Азия елдері (ОША).
  Аймақтың дамуының жалпы сипаттамасы. Отаршылдық кезеңінен кейін ОША елдерінің дамуы әр түрлі уақытта басталады. Мәселен,

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги