рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Бізге қажетті бейне дайын болды. Келесі қадам-насихаттау.

Бізге қажетті бейне дайын болды. Келесі қадам-насихаттау. - раздел Домостроительство, Мәдени жоба: Қазақ баласына-қазақ геройы V Видеороликтер. Әлеуметтік Проблемаларға Арнал&...

v Видеороликтер. Әлеуметтік проблемаларға арналған роликтер көп шығарылады. Балалардың санасына жеткізудің бір жолы- сүйікті кейіпкерлері арқылы түсіндіру. Жол жүру ережесін түсіндіру, зиянды әдеттерден аулақ болу, әдептілік ережесіне арналған түрлі кітапшалар мен роликтер бар. Олардағы мұғалімнің орнында- Алдар Көсе мен Ер Төстік болуы керек. Тікелей Алдар мен Ер Төстіктің қатысуымен осындай роликтердің түсіріліп, кеңінен насихатталуы балалардың оларды тек жақсы қасиеттерімен қабылдауларына, үлгі тұтатын идеал ретінде қабылдауларына мүмкіндік береді.

«Балапан» телеарнасы сәбилеріміздің сұранысын қанағаттандыратын басты телеарна. Білім министрлігі мен Алматы әкімдігінің қолдауы арқылы осы роликтерді телеарналардан, қоғамдық транспорттардан, сауда орындардағы ЛЕД-экрандардан көрсету.

 

v Қарындаштан кітапқа дейін. Алдар мен Ер Төстіктің бейнелері бар оқушы дәптерлер, сурет дәптерлері, бояу қарындаштары мен қаламсаптары, сызғыштар мен өшіргіштер, сөмкелер мен қолшатырлар. Бұлардың барлығы әрбір жасөспірім үшін ең қажетті құрал-жабдықтар. Ұлттық кейіпкерлердің бейнелерін салу- ең үлкен жарнама болмақ. Қазір «АБДИ» компаниясы «Ер Төстік пен Айдаһар» анимациялық фильмі жарыққа шыққаннан кейін мультфильмнің кейіпкерлерінің суреті бар дәптерлер мен қарындаштарды сатылымға шығара бастаған. Бірақ бұл тауарлар ішкі нарықты толық қамти алмайды. Компанияның кеңсе тауарлары нарығындағы монополия екендігін ескерсек заңды құбылыс. Ішкі нарықты шетелдік бейнелер салынған тауарлар басып кетеді. Басты артықшылықтары-сапасында, суреттің тартымдылығында және ондағы мультфильм кейіпкерлерінің барша үшін сүйікті образға айналған, ата-ана мен балаға да таныс. Біздің ұлттық кейіпкерлерімізді кеңінен жарнамалау осы олқылықтың орнын толтыруға тиіс.

 

v Қара түс арқылы ақтың артықшылығын білдіру. Әрдайым жағымды кейіпкердің образын барынша білдіру үшін жағымсыз кейіпкерлер қатар жүреді. «Алдар Көсе»мультфильміндегі сараң байдың бейнесі, Ер Төстікке кедергі келтіруші Бапы ха, Бекторы мен мыстан кемпірдің образдары да насихаттауды қажет етеді. Осы арқылы жаман әдеттерден арылуға шақырамыз, осы арқылы басты кейіпкерлердің жағымды бейнесін бекіте түсеміз. Жанындағы сенімді серіктерінің бейнесін де ұмытпау керек. Тартысқа толы мультфильмнің сюжетін қызықтыра түсу үшін де бұл бейнелердің жарнамалануының ықпалы зор.

 

v Ойыншықтар. Балалардың ұлттық ойыншығы нарығында Қыдырәлі Болмановтың «Бал-бала» қуыршақтары көш бастайды. Соңғы уақытта «Аягөз» есімді қуыршақ пайда болды. «Бал-баланың» топтамасында Алдар Көсе мен Тазша баланың, және Күлегештің қуыршақтары бар. Қолына домбырасын ұстап ән салған Алдар өте шеберлікпен жасалған. «Ер Төстік пен Айдаһар» мультфильмінің кейіпкерлері үшін осындай қуыршақтар жасалуы керек. Әсіресе, қыздарға арналған Кенжекейдің қуыршақтарын көптеп шығару қажет. Жаңа бейненің жаңа акссесуарлармен толығуы да маңызды. Қазіргі заманауи киім үлгілерін тігу қажет.

v Кенжекей –сүйікті қуыршақ. Қыздарға арналға Барби қуыршақтары барлық жерде сатылымда. Түрлі кішкентай қыздардың косметикалық бояулары да кеңінен танымал. Кенжекейдің қуыршағы да осы үрдістен қалмауы тиіс. Қазақилықты бойын сіңірген қуыршаққа заманауи детальдарды қосу қажет. Оның киім үлгілерін отандық дизайнерлерге табыстау қажет.

v Әрбір жаңа пайда болған туындының тұсаукесерін ұйымдастырып отыру қажет. БАҚ беттерінде кеңінен насихатталып отыруы қажет. Газет-журнал беттерінде мақалалар , теледидар мен радиода да жарнамалық роликтер берілуі қажет. Аудандық, облыстық БАҚ-тарды да ұмыт қалдырмау қажет. Балаларға арналған журналдармен, «Ұлан» газетімен тығыз байланыста болу. Басты аудитория – балалар ғана емес, олардың ата-аналары да болуы керек. Түрлі масштабтағы шаралардың бет-бейнесі бола білу керек. Олардың образы нағыз қазақ геройларына айналуы қажет.

v Қайырымдылық қорларымен, әлеуметтік ұйымдармен байланыста болу.Осы кейіпкерлердің бейнесі бар ойыншықтар мен оқу құралдарын ұсыну.

 

Жобаның пайдасы:

· Ұлттық кейіпкерлерімізді кеңінен насихаттау, осы арқылы ұлттық брендті қалыптасады;

· Ұлттық өнімдер нарығын пайда болады

 

Орындаушылар:

· Жарнама кампаниясының президенті;

· Бағдарлама жетекшісі;

· Кампанияның атқарушы директорлар;

· Кампанияның ақпараттық қызметінің жетекшісі;

· Масс-медиа жетекшісі;

 

Шығындар сметасы:

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Мәдени жоба: Қазақ баласына-қазақ геройы

v Бірінші кейіпкерлерді сырт ы бейнесіне к іл... Алдар К се туралы мультфильмдерді бірі жылы Жебе студиясы ар ылы пайда болды...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Бізге қажетті бейне дайын болды. Келесі қадам-насихаттау.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Мәдени жоба: Қазақ баласына-қазақ геройы!
Мақсаты: Төл туындыларымыздағы ұлттық кейіпкерлерімізді жарнамалау Балаларға арналған қазақ геройларын насихаттау

Шығындар ҚР мемлекеттік орындармен, демеушімен, компания басшылығымен келісе отырып шығарылады.
Мұндағы тауарлар демеушілер тарапына өндірілетіндіктен негізгі шығын аниматорлардың еңбегіне, шетелдегі оқуына жұмсалады. Конкурс

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги