рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Шанхай

Работа сделанна в 2008 году

Шанхай - раздел Политика, - 2008 год - Әлем Шанхай Ынтымақтастық ұйымыны&...

ӘЛЕМ Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды Шанхай Ұйымы саммитіне жиналған президенттер (солдан оңға қарай) X.Қарзай, Д.Медведев, Қ.Бәкиев және Э.Рахмон. 27 тамыз, 2008 жыл, Душанбе, Тәжікстан. 27.08.2008 Сұлтан Хан АҚҚҰЛ& #1200;ЛЫ 28 тамызда Душанбеде басталған Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшыларының саммитінде қауіпсіздік саясаты мен халықаралық терроризмге қарсы күресу, сауда-экономикалық мәселелері талқыланып жатыр.

Кейбір сарапшылар Шанхай ұйымын “Шығыстың НАТО-сы” немесе тіпті жаңа “Варшава одағы" деп те атайды.Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттерінің қатысуымен өтіп жатқан Душанбедегі саммит жұмысы екі күнге жалғасады.

Сондай-ақ жиынға Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Иран, Моңғолия және бірқатар елдердің делегациялары қатысады.Шанхай ұйымына мүше елдердің басшыларымен қатар, бақылаушы мәртебесі бар бірқатар елдің президенттері мен жоғары мәртебелі делегациялары қатысатын саммиттің барысында екіжақты ж& #1241;не көпжақты қарым-қатынасты& #1187; барлық саласы, оның ішінде әскери ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болады. Қарулы күштерден хабары бар адамға Шанхай ұйымы шеңберіндегі әскери ынтымақтастықты& #1187; күш-қуаты орасан зор болып көрінуі мүмкін. Ресми құжаттарда Шанхай ұйымының әскери одағы да берік болып көрінеді. Ұйымға мүше елдердің біріккен әскери әуе күштері, әскери теңіз флоттары мен жаяу әскерлері кез-келген жауға тойтарыс бере алады.

Оған қоса Қытай мен Ресейдің ядролық қаруы бар. Алайда Шанхай ұйымындағы ынтымақтастықты& #1187; беріктігі күмән туғызады. Ұйым сонау баста құрылғанда оның әскери ынтымақтастық&#1 179;а ешқандай қатысы жоқ болатын. 1996 жылы ұйымның Өзбекстаннан басқа қазіргі мүшелері бұрынғы қытай-совет шекарасы бойындағы ахуалды жақсарту үшін шекара бойынан әскери күштері мен соғыс техникаларын алып кету туралы алғашқы бірлескен құжатқа қол қойды. Ұйымға Өзбекстан 2001 жылы қосылды.

Бұл келісім Ресей сынды елдерді қанағаттандырса, Қазақстан мен Орта Азия елдерінің бюджет қаржысын үнемдеуіне мүмкіндік берді. Қытай да солтүстік пен батыс шекарасындағы әскерлерін Тайванға қараған жағалауына орналастыруды қалады.

Ақыр аяғында бұл келісім Шанхай ұйымына мүше елдердің бір-біріне қарсы соғыспайтынын аңғартты.

Бұл келісімнің сәтті болғаны соншалықты, Шанхай ұйымы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ден қойды. Қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіне кейінірек шықты. 90-ыншы жылдардың соңында Ресейде екінші шешен соғысы жалғасқанда Қытайдың батысындағы Шыңжаң-ұй& amp;#1171;ыр автономиялық ауданында ұйғыр сепаратистерінің проблемасы асқынды, жаз айларында Орта Азияның бірқатар еліне қарулы ислам экстремистері басып кіріп жатты. Ұйымға мүше елдердің әскери ынтымақтасты& #1179; туралы келісімдері терроризм мен сепаратизмге қарсы бірлесіп күресу мәселесін негізге алды. Лондонда орналасқан Economist орталығының Қытай бойынша сарапшысы Данкан Иннес-Кер (Duncan Innes-Ker) Азаттық радиосына Шанхай ұйымы басшыларының өткен жылғы саммиті кезінде с& #1201;хбат берген болатын.

Ол атап көрсеткендей, терроризмге қарсы күрес – Шанхай ұйымының ынтымақтастығында&am p;#1171;ы маңызды мәселе. ИННЕС-КЕР: - Исламдық терроршыл топтарға қарсы күрес - ұйымды шынында да іштей байланыстыратын, біріктіретін санаулы мәселенің бірі. Өткен 5 жылда Шанхай ұйымының мүшелері екіжа& #1179;ты әскери жаттығулар, оның ішінде Қытай әскерінің қатысуымен Орта Азияда және өткен жылғы саммиттің қарсаңында Ресей мен Қытай жерінде көпжақты әскери жаттығулар өткізді. Алайда жаттығуды Ресей жерінде жалғастыру үшін & #1178;ытайдың өз әскерін қазақ жерінен алып өтуіне ресми Астана рұқсат бермеді. Өзбекстан әскери жаттығуға өз әскерін жібермеді. Шанхай ұйымы бірлескен әскери жаттығуларды үзбей өткізіп тұруға міндеттенді. Бірақ осы жылғы саммиттің алдында ешқандай жаттығу болмады.

Данкан Иннес-Кердің атап көрсетуінше, Шанхай ұйымы ішінде әлі де бір-біріне деген толық сенім жоқ, әсіресе ұйымдағы кішігірім елдердің Ресей мен Қытайдың ниеттеріне толық сеніммен қарамайтындығы – Шанхай ұйымының буынсыз жері, ең үлкен кемшілігі. Ондай сенімнің болмауына Шанхай ұйымының келісімі басты себеп болса керек.

Келісімде соғыс қимылдарының төнгенін бір-біріне дер кезінде хабарлау міндеті қарастырылмаған. Егер Ресей өзінің таяуда Кавказда жүргізген соғыс қимылдарына дейін немесе оның барысында Шанхай ұйымының өзге мүшелерімен шынымен де кеңескен болса да, ол туралы жан-жақты хабар болмады.

Бірақ бұл – Ресей мен Қытайдың арасында сенімнің жоқтығы, ондай сенімсіздік бір кезде Шанхай ұйымын ыдыратуы да мүмкін. Қытай мен ТМД елдерінің арасындағы шекараға сенім орнату туралы келісімге қол қойылғанда Ресей армиясы бытыраудың алдына тұрды. Президент Владимир Путиннің тұсында Ресейдің қарулы күштерін жетілдіріп, қабілетін арттыруға ден қойылды.

Оның билік басындағы мұрагері одан да ілгері басып, әскери күштердің орналасу тәртібін қайта қарауға дайын сияқты. Ресейдің қолында қуат көздерінің бүкіл әлемдегі ең үлкен қоры болса, 1,3 миллиардтан астам халқы бар Қытай - қуат көздерін әлемдегі ең көп тұтынушыға айналып барады. Шанхай ұйымының әскери ынтымақтастығы үшін тағы бір қарама-қайшылы&# 1179; – біріккен әскери күштердің құрамы. НАТО мен Варшава келісімі ұйымы – бірыңғай еуропалық әскери блок болды. Әскерилер түрлі елдің азаматтары болса да, олар, Канада мен АҚШ-ты алмағанда, негізінен бір құрлықтан шыққан - екі одақтың да тамыры еуропалық өркениетке жатады.

Оған қарағанда, Шанхай ұйымының әскери одағы этникалық тұрғыдан да, өркениет жағынан да әрқилы және сонды& #1179;тан да проблемаға толы болып көрінеді. Ресей армиясы еуропалық христиандар, Орта Азияның әскерлері, негізінен, түркі және парсы тектес мұсылмандар.

Дегенмен де, Шанхай ұйымының кез-келген бір мүшесіне соғыс ашатын ел табыла қоймас. Ондай ел Шанхай ұйымының біріккен күшіне қарсы тұруға мәжбүр болады.

Демек, Шанхай ұйымындағы әскери ынтымақтастық, ақиқатында да, толық қауіпсіздік кепілдігін береді. Бірақ, сонымен бірге, басқа бір елге шабуыл жасау үшін Шанхай ұйымы өзінің қарулы күштерін біріктіре алады деу де өте қиын. ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 2001 жылы «Шанхай бестігінен» (Қазақстан, Ресей, Кытай, Қырғызстан және Тәжікістан) құрылған. ШЫҰ-ның негізі – Шекара аумағында әскери саласында сенімд3 нығайту туралы Шанхай келісімі (1996 жылы) және Шекара аумағында қарулы күштердің өзара қысқартылуы туралы Мәскеу келісімі (1997 жылы) болып табылады.

Аталған екі тарихи келісімнің біріншісіне қол қою үшін 1996 жылы Шанхай қаласында бес мемлекет басшысы кездесіп, ол «Шанхай бестігі» деген атауға негіз болды.

Шанхайдағы, оған ілесе бір жылдан кейін Мәскеуде өткен саммиттер алты жылдан соң көп жақты ынтымақтастық ұйымына айналған құрылымның негізін қалады. Қазақстан, Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ықпалдасуды өзіні& #1187; сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі ретінде қарастыра отырып, аталған Ұйымға ерекше мән береді. ШЫҰ осы өңірдегі мемлекеттердің қауіпсіздік және сенім шараларын нығайту мәселелерін бірлесіп шешу ұмтылысының нәтижесінде пайда болды. Ұйымның мүдделері саяси, экономикалы& #1179; және мәдени–гуманитарлық салаларға таралды.

Терроризм, экстремизм және тағы басқа сыртқы қауіптер аймақтағы мемлекеттерді ШЫҰ-ның құрамында бірігуге итермелейді. ШЫҰ – белгілі бір күштерге қарсы қимылдайтын әскери одақ немесе тұйық қоғамдасты& #1179 ; емес. Ол – халықаралық ынтымақтастық&#1 179;а ұмтылған ашық ұйым. ШЫҰ-ның қазіргі жағдайдағы мән беретін мәселелері – аймақтағы бейбітшілікті, тұрақтылық ты және қауіпсіздікті сақтау, әсіресе, сауда–экономикалы& #1179; ынтымақтастықты& #1187; дамуы. «Шанхай үдерісінің» ең жоғары жетістігі – Қытай шекарасындағы шиеленісушіліктің әлсіреуі. Дипломатиялық және әскери сарапшылардан тұратын Бірлескен Бақылау Тобы шекара бойындағы 100 шақырымдық қауіпсіздік аймақтарда өзара тексерістерді жүргізеді. ШЫҰ-ның органдары: Мемлекет Басшыларының Кеңесі Үкімет Басшыларының Кеңесі Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі Министрліктер және/немесе ведомстволар басшыларының Кеңесі Ұлттық Үйлестірушілердің Кеңесі Хатшылық Өңірлік Терроризмге Қарсы Құрылым (ӨТҚҚ) ӨТҚҚ Кеңесі 2001 жылғы Шанхай Саммитінде терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес туралы келісімшарт негізінде ӨТҚҚ құрылды. ӨТ& #1178;Қ-ны&am p;#1187; Атқарушы Комитеті 2004 жылдан бері Ташкентте жұмыс істейді. 2002 жылғы 7 маусымда Санкт–Петербургте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының екінші кездесуінде үш маңызды құжат жасалды: ШЫҰ-ның Хартиясы, ӨТҚҚ туралы келісім және ШЫҰ-ның мүше мемлекеттері басшыларының мәлімдемесі. 2003 жылғы 29 мамырда Мәскеу қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуінде Ұйымның бюджетін қалыптастыру және орындалуының тәртібі туралы келісімге қол қойылды. 2003 жылы 23 қыркүйекте Пекинде Үкімет басшылары Кеңесінде сауда–экономикалық, көлік, энергетика салаларындағы қарым–қатынасты одан әрі дамыту туралы мәселелер талқыланды.

Көп жақты сауда–экономикалық ынтымақтастықты& #1187; Бағдарламасы, ШЫҰ-ның 2004 жылғы бюджеті және тағы басқа қаржы құжаттары қабылданды. 2004 жылы 15 каңтардан бері Пекинде ШЫҰ-ның Хатшылығы жұмыс істейді. 2004 жылы 17 маусымда Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі & #1257;тіп, Ташкент мәлімдемесін жасады және көптеген құжаттарға қол қойылды.

Соның ішінде ШЫҰ ӨТҚҚ шеңберінде құпия ақпаратты қорғау, есірткіге қарсы күрес туралы келісімдерді атап өтуге болады. 2004 жылы қыркүйекте Бішкекте Ұйымның үкімет басшылары ШЫҰ-ның көп жақты сауда–экономикалық ынтымақтастығы Бағдарламасын жүзеге асыратын шаралардың жоспарын қабылдады. 2005 жылы 5 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кезекті саммитінде Астана мәлімдемесі жасалды. Антитеррорлық сипаттағы маңызды құжаттар –(терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күресуде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық тұжырымдамасы, ШЫҰ ӨТҚҚ жанындағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты & #1257;кілдіктері туралы Ережесі және ШЫҰ ӨТҚҚ Кеңесінің баяндамасы бекітілді. Сонымен қатар Пәкістан, Иран және Үндістан мемлекеттеріне ШЫҰ-ның жанындағы бақылаушы мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. 2005 жылы 26 қазанда Мәскеуде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшылары Кеңесінің мәжілісінде Банкаралық әрекеттесу және Төтенше жағдайды жоюға жәрдем етуде өзара іс-қимыл туралы келісімдер қабылданды. 2006 жылғы 15 маусымда Шанхайдағы мерейтойлық саммитінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы, Ұйымға мүше мемлекеттердің аумағына террористік, сепаратистік және экстремистік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың кіру арналарын анықтау және жолын кесу саласындағы ынтымақтастық туралы және 2007–2009 жылдарға арналған ШЫҰ-ның мүше мемлекеттердің терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрестің бағдарламасы қабылданды. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылары және бас прокурорлар жылына бір рет жүйелі түрде кездеседі. Ү.ж. 30 мамырда Мәскеу қаласында ШЫҰ-на мүше мемлекеттер парламенттері төрағаларыны&#11 87; кездесуі өтті, Жоғарғы соттар төрағаларыны&#11 87; кездесуі ү. ж. қыркүйек айына жоспарланған. 2006 жылы ШЫҰ-да жаңа іскерлік құрылымдар – Банкаралық Бірлестік және Іскерлік Кеңес құрылды. 2006 жылдың мамыр айынан ғылыми – саяси топтардың Форумы өз жұмысын бастады. Соңғы кездерде ШЫҰ-ның халықаралық қатынастары едәуір нығайды. Мысалы, Солтүстік Корея, Непал, ТМД және Еуроодақтың мемлекеттері, БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы, ҰҚШҰ, ЭЫҰ, басқа мемлекеттер мен ұйымдар ШЫҰ-ның іс-әрекетіне зор ықылас қойып отыр. 2004 жылы ШЫҰ БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бақылаушы ұйымы мәртебесін алды, ал 2005 жылдың көктемінде ОШАМҚ және ТМД хатшылықтарымен өзара түсінісу туралы меморандумы қабылданды.

ШЫҰ шеңберінде гуманитарлық салаларда, яғни білім, мәдениет, туризм және спорт алаңдарында өзара ықпалдасу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2007 жылдың қаңтарынан бастап, ШЫҰ-ның Бас хатшысы – Қазақстанны&#118 7; өкілі Б.Қ. Нұрғалиев, ӨТҚҚ Атқарушы Комитетінің директоры – Қырғыз Республикасының өкілі М.У. Субанов. 2010-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына төра& #1171;алығы туралы ресми сайттың оқы рмандарына Құрметті оқырмандар! Шанхай ынтымақтастық ұйымы өзінің 2001 жылғы 15 маусымда құрылған күнінен бастап институттандырудың, қалыптасу мен ынтымақтастық тетіктерін құрудың маңызды да сәтті кезеңдерінен өтті. ШЫҰ жауапкершілігінің орасан кең аймағында ұзақ мерзімді қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ұйымға мүше мемлекеттер күш біріктіре отырып, саяси-дипломатиялық өзара іс-қимылға, «шанхай рухына» сәйкес көп қырлы және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға арналған тұғырнама құрды. Қазақстан Республикасы Шанхай ұйымының маңызды жетістігі - оның қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы салмақты субьекті мәртебесін алуы деп есептейді. ШЫҰ шеңберіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылық ты, экономикалық және гуманитарлы& #1179; ынтымақтастықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша өңірлік интеграцияның жоғары деңгейі Ұйымның сыртқы қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлерге тиімді қарсы тұруға, қатысушы елдердің мүдделері негізінде ағымдағы және стратегиялық мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын табуға қабілетті екендігін көрсетеді. Үстіміздегі жылғы 11 маусымда Ташкентте өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммитінде сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев осы ықпалды өңірлік ұйымда& #1171;ы төрағалығы кезінде Қазақстанны&#118 7; күш-жігері ШЫҰ-ның әлеуетін барынша ашу және нығайтуға бағытталатынын атап көрсетті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Ұйымның құрылғанын а 10 жыл толу қарсаңында&#1171 ;ы ШЫҰ-ға төрағалық өңірдегі саяси оқиғаларды ескерсек, Қазақстанғ а айрықша жауапкершілік жүктейтінін де атап өтті. Қазақстан «шанхай үдерісінің» белсенді қатысушысы болып табылады және Ұйымның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, оның тиімділігін арттыру және ШЫҰ-ның қазіргі әлемдегі рөлі мен маңыздылығын нығайтуға барынша бейілді. Біз өз әріптестерімізге Шанхай ынтымақтастық ұйымының алғашқы мерейтойы - 10 жыл толуы қарсаңында оған басшылық етуге жоғары сенім көрсеткені үшін үлкен ризашылық білдіреміз. Қазақстан Республикасының ШЫҰ-ға төрағалығы ның іс жүзіндегі алғашқы қадамдары алдыңғы төрағалықт ардың Ұйым шеңберіндегі көп салалы ынтымақтастықты тереңдету бойынша күш-жігерлеріні& #1187; сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталатынын атап көрсеткім келеді. Бақылаушы мемлекеттер мен диалог бойынша серіктестерді ШЫҰ іс-әрекеттеріне тартуға, сондай-ақ ШЫҰ-ны әлемдік геосаясаттың беделді субьектісі ретінде таныстыруға бағытталған оның халықаралық байланыстарын жандандыру& #1171;а баса көңіл бөлінбекші Қазақстан басқа да мүше мемлекеттермен бірлесе отырып, Ұйым шеңберіндегі көпсалалы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және 2011 жылдың маусым айында Астана қаласында ШЫҰ-ның 10 жылдығына арналған мерейтойлық саммитті табысты өткізуді қамтамасыз етуге к& #1199;ш - жігер жұмсауға әзір.

– Конец работы –

Используемые теги: Шанхай0.037

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Шанхай

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным для Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Еще рефераты, курсовые, дипломные работы на эту тему:

Шанхай
От того Шанхая мало что сохранилось.В центре города, напротив средневекового парка Юйюань, посреди небольшого озера с красными карпами стоит древняя… Несколько многоярусных пагод, возле которых любят собираться пенсионеры,… Шанхай стал фактически торговой факторией Британии и других западных государств. В городе возникли крупные…

Шанхай
Центральная набережная и причал на реке Хуанпу, где десятки лет останавливались корабли, превратились в гранитную прогулочную площадку, откуда лучше… Жемчужина Востока третья в мире по высоте. На входе в башню установлены… Его история одновременно олицетворяет и величайшую гордость, и величайший позор китайского народа. В 1842 г. китайская…

0.024
Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • По категориям
  • По работам