ФИЛОСОФИЯ: Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздік, Бейбітшілік пен Тұрақтылық

ҮКІМЕТ КЕЙС

 

 

Сәлемдесу:

Тақырып: Б.п16 желтоқсан 2011 жыл.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жоғары дәрежеде аталып өтеді деп санайды.

Позиция: Иә

Дефеница:

Желтоқсан-қазақша он екі айдың аты

Жыл-он екі айлық мерзім уақыт

Қазақстан Республикасы-1991 жылы өз тәуелсіздігін алған Еуропа мен Азияның тоғысында Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-шы орында.Жер көлемі-2 724 900 шаршы шақырымды құрайды.

Жоғары-биік,басым артық.
Дәреже-мөлшер,меже шама.

ФИЛОСОФИЯ: «Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздік, Бейбітшілік пен Тұрақтылық».

Н.Назарбаев

Аргумент: Текті халықтың ұлық мерекесі-тәуелсіздік

Өйткені, Тәуелсіздік – Ол кісінің мүддесі мен үмітінің нәтижесіндегі қазақ… Қазақстан қысқа мерзім ішінде мемлекет негізін… ФАКТ1:

ФАКТ2

15.09 Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Аманкелді аудандық Жастар Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 5-8 қыркүйек аралығында Аманкелді, Арқалық, Жанкелдин ауданы жастарының арасында «Қазақстанның ертеңі мен бүгіні» тақырыбында Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту мақсатында семинар-жаттығуы өтті. Семинарда «Қазақстан ертеңі», «Мен патриотпын» атты бағдарлы жаттығулар өткізілді.

ФАКТ3

2011 жылы 9 қыркүйекте Лисаковск қаласында, Ішкі саяса басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде Қостанай облысында Қостанай аймақтық тарихи зерттеулер институтымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «20 жыл жетістік пен құру» атты жылжымалы ғылыми – тәжірибелік конференция өтті

 

Аргумент2: Тұғырлы тәуелсіздік,желтоқсан жеңісі.
Бостандыққа ұмтылған қазақ халқының соңғы күресі болған Желтоқсан көтерілісіне биыл 25 жыл толады. Ел Тәуелсіздігінің мерейтойымен тұспа-тұс келген Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығы мемлекеттік деңгейде өтуі тиіс іс-шаралар тізіміне қосылды. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған мерекелік шараларды атап өтумен қатар, ел егемендігі үшін қасық қаны қалғанша күрескен азаматтарға және сол уақтағы тарихи маңызы зор оқиғаларға құрмет көрсету біздің азаматтық борышымыз. Ол үшін, ең алдымен, 1986 жылы алаңға шыққан біздің замандастарымыздың, бойжеткендер мен бозбалалардың алдында бас июіміз қажет.

ФАКТ1:

Желтоқсанның шындығын ешқандай бүкпесіз, бүге-шігесіне дейін ашу, оған саяси әділ баға беру – ол әруақтарға құрмет, қазақтың ар-намысына құрмет, елдігімізге, елге құрмет екендігіне бүкіл қоғам қосылып отыр.
Қоғамдық Комитеттің ұйым­дастырушылық отырысына елімізге аты мәлім азаматтар: Сабыр Қасымов, Амангелді Айталы сынды қоғам қайраткерлері, алаштанушы, «Азаттық» радиосының редакторы Сұлтанхан Аққұлұлы, Қазақстан тарихшылары қоғамының президенті Мәмбет Қойгелдиев, «Әділет» тарихи-ағарту орталығының жетекшісі Бейбіт Қойшыбаев, «Ұлт Тағдыры» қозғалысының жетекшісі, саясаттанушы Дос Көшім, «Желтоқсан ақиқаты» қозғалысының жетекшісі Бейсенғазы Нүркен.

ФАКТ2:Желтоқсан көтерілісіне қатысқандарға әлеуметтік материалдық көмек беру мақсатында көтеріліске қатысқан азамат,азаматшаларға арнайы рұқсат қағазы арқылы қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндігі ұсынылды.Ол Талдықорған, Қызылорда,Қарағанды қалаларындағы автобазаларда.Қарағанды қаласында желтоқсан оқиғасына қатысқандарға өмір бойына қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндігі жасалған.

ФАКТ3:

Желтоқсан көтерілісіне қатысқандарға әлеуметтік материалдық көмек беру мақсатында көтеріліске қатысқан азамат,азаматшаларға арнайы рұқсат қағазымен мейрамханалармен, тойханаларда 50 процентік жеңілдік қарастырылған.

ФАКТ4:

Желтоқсан көтерілісіне қатысқандарға әлеуметтік материалдық көмек беру мақсатында көтеріліске қатысқан азамат,азаматшаларға арнайы рұқсат қағазымен дүкендермен,сауда орындарында киімдерді 50% жеңілдікпен алу мүмкіндігі қарастырылған.

 

Аргумент3:Тәуелсіздік құндылығы-өткенге тарих,бүгінге бағдар,болашаққа қадам.

Тәуелсіздік таңы алғаш арайлап атқан күндерден бастап Қазақстан әлемдік аренада өзіндік орны бар мемлекет ретінде қалыптаса бастады.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан халқы үшін ең ғажайып жаңалық болды.Яғни ақ найзаның ұшымен,ақ білектің күшімен,аналардың жасымен ел аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.Биыл,2011 жылы осы тұғырлы тәуелсіздігімізге 20 жыл толып отыр.Бізге қазіргі уақытта бүгінді бағамдап,болашақты бағдарлайтын уақыт келді.Біз 20 жыл ішінде қандай игі істерге қол жеткіздік,алдағы алар асуларымыз қандай болмақ.

ФАКТ1:

Желтоқсанның 13-і М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мереке болып өтті.

16 желтоқсан – Алты алаштың айбынын айғақтаған, ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Өткен ғасырдың 1991 жылғы 16 желтоқсанында Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге, міне, 20 жыл толып отыр.

ФАКТ2: 2011 ж. 11-12 қарашасында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылындағы азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы» тақырыбында «Жастар сарайында»халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

ФАКТ3:

Маңызды мерекелерге арналған спорттық шара ұйымдастырылды - Жамбыл облысы
Биыл, ел Тәуелсіздігі мен Кеден органдарының құрылғанына - 20 толып отыр. Осы бір мерейлі мерекені ойдағыдай атап өту мақсатында Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті «20 жылдықтағы, 20 келелі іс» тақырыбында іс-шаралар өткізді. Жоспар аясында облыс кеденшілері жаңадан ашылған қан орталығына 50 литрден астам қан өткізіп, Елбасымыздың бастамасымен өтіп жатқан «Мектепке жол» акциясы аясында 50-ден аса әлеуметтік аз қаматылған отбасының бастауыш сыныптағы оқушы балалары мен қаладағы жетімдер үйлеріне материалдық көмектер көрсетті.

 

 

ОППОЗИЦИЯ

Тақырып:16 желтоқсан 2011 жыл.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жоғары… Позиция: жоқ Дефеница: