Курстық жұмыстарға қойылатын талаптар

Студенттерге курстық жұмыста 2.301-68*[A1] МЕСТ бойынша А4 пішіміндегі сызба қағазының (ватман) беттеріне тетіктер сызбасын қарындаштың, яғни сызба аспаптарының көмегімен және нұсқалар бойынша орындау ұсынылады. Тетіктер сызбасының берілген сапасын қамтамасыз ету үшін кескіндерді алдын ала сәйкес орналастыру және сызбалардың өзін параққа тиісті пішімдегі миллиметрде нобайлы түрде орындауға және жеке тәртіпте оларды оқытушымен келісу ұсынылады. Сызба пішімінің жиегі рамкамен шектеледі және соның ішінде 2.104-68*[А2] МЕСТ бойынша негізгі жазба орналасады. Бұйымдардың тетіктері (Д қосымшасы) 2.302-68*[А3] МЕСТ бойынша масштабта сызылады және парақ пішімі шегінде барлық сызбаға барынша біркелкі тарату есебінен орналастырады. Тип және қалыңдығы сызбалардың сызықтарын жиектеу кезінде 2.303-68*[А4] МЕСТ сәйкес алынады. Бірінші беті 1.1.02-2004 [A18] СМК ФС (Е қосымшасын қараңыз) талаптарына сәйкес ресімделеді. Сызбадағы барлық жазбалар және әріп немесе цифр түріндегі белгілер 2.304-81[А5] МЕСТ-қа сәйкес стандартты шрифтпен жазылуы тиіс.