Бағыттаушы блок» бұйымының жалпы түрдегі сызбасын оқу

 

Бағыттаушы блоктың құрама сызбасын орындау тізбектілігін қарасты-рамыз (23-сурет). Бұл құрама бірлік көтергіш кранның металл конструкциясы бөліктерінің біреуінде орнатылады және тросты (арқанды) бағыттау үшін қызмет атқарады.

Трос роликтің науашасына кіреді және роликті белгілі бұрышпен иеді. Ролик (1) осьтің (5) ойығына кіретін, жұқа тақтайшамен (4) айырдың (2) құлақтарына қозғалмайтындай бекітілген, осьте (5) еркін айналады. Жұқа тақтайша (4) айырға (2) екі бұрандамен бекітіледі.

Роликтің (1) осін (5) майлау үшін пресс-май сауыт (9) қызмет атқарады, ол арқылы цилиндр каналдары бойымен оське (5) үйкелу бетіне қою май беріледі.

Айыр (2) төрт бұрандамен (6) және сомын (8) арқылы кронштейнмен 3 қосылады, ол да кранның металл конструкциясына бұранда арқылы бекітіледі.

Сызбаны орындаудың алдында блокты өз бетімен бөлшектеу, тетіктердің геометриялық пішіндерін айқындау, тетіктер қосылыстарының түрлерін және құрама операциялардың тізбектілігін анықтау керек.

Бұйымның құрастыру бөліктерін спецификация бөлімдері бойынша бөлу және оларға белгілер беру керек.